Қарағанды Қостанайды құзға жықты

Қарағандыда Қазақстан бокс федерациясы кубо­гы­ның соңғы ширек финал­дық кездесуі өтіп, кеншілер қаласының құрама ко­ман­дасы Қостанай бокс­шы­ла­ры­нан 5,5:4,5 есебімен басым түсті.

Бұл кеште рингке бес елдің боксшылары шықты. Қарағанды облысы өз құрамын Өзбекстан жігіттерімен нығайтып (Нозим­жан Собиров және Атабек Ибрагимов), аса ауыр салмақта Беларусь боксшысына иек арты. Қостанай да олардан қалысқан жоқ. Ауыр салмақтарда Украина құра­ма­сының үш боксшысына (Роман Капи­то­ненко, Александр Усик, Иван Сенай), ал екінші жеңіл салмақта Ресей жігітіне сенім артты. Бұларға өзіміздің боксшы­ла­ры­мыз­ды қоссаңыз, Қарағанды шаршы ала­ңын­дағы айқастардың қаншалықты тартысты өткендігін аңғаруға болады. Себебі осы кеште шаршы алаңға шыққан бокс­шы­лар­дың арасында жоғарыда аталған елдердің кейбіреулерінің чемпиондары, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы және басқа да халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүл­дегерлері шықты. Бірақ кезек ауыр сал­мақ­тағы легионерлерге жеткенше, кездесу тағдыры негізінен өз бокс­шы­ла­рымыз арасындағы жекпе-жектерде шешілді.
«Солтүстік» дивизион, 1/4 финалы
Қарағанды – Қостанай – 5,5:4,5
(жалпы есеп – 16:13)

49 келі: Теміртас Жүсіпов – Мардан Берікбаев – 5:2
52 келі: Олжас Сәттібаев – Евгений Гусев – 9:2
56 келі: Мұхит Амантаев – Миржан Рақымжанов – 6:6
60 келі: Айдар Әмірзақов – Андрей Пальник – 5:1
64 келі: Думан Сүлейменов – Әділет Егізеков – 3:9
69 келі: Нозимжан Собиров – Шоқан Төребаев – 8:4
75 келі: Әліби Нұрматов – Антон Пинчук – 9:1
81 келі: Атабек Ибрагимов – Иван Сенай – 1:9
91 келі: Алексей Севостьянов – Александр Усик – 1:10 (айқын басымдықпен)
+91 келі: Юрий Быховцев – Роман Капитоненко – 1:9
Жартылай финал
13 қараша, Шымкент: Оңтүстік Қазақстан – Маңғыстау
27 қараша, Астана: Астана – Қарағанды
Финал
 16 желтоқсан, Астана: ? – ?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста