Қақпамызда – 26 доп

Қақпамызда – 26 доп

Дәстүрлі «Каспий кубогына» қатысу үшін Әзірбайжан астанасы Бакуге аттанған футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңде екі ойын өткізіп, екеуінде де масқара болып жеңілді. Доп айырмашылығы – 1:26.
Негізі, турнир 17 жасқа дейінгі жет­кін­шек­тер арасында ұйымдастырылуда. Алайда Қазақстанның бұл жастағы құра­масы Белоруссиядағы «Даму» додасында өнер көрсеткендіктен, Қазақстан футбол федерациясы Әзірбайжан астанасына 16 жасқа дейінгі бозбалаларды жіберуді жөн көрген болатын.
Сонымен не керек, 29 мамырда ба­с­тал­ған дүбірлі додада 12 құрама үш ко­ман­дадан төрт топқа бөлінді. Біздің боз­ба­ла­лар Болгария және Грузия құ­­­ра­­ма­ла­рымен «В» тобына түсті:

А тобы: Әзірбайжан, АҚШ, Қырғызстан
B тобы: Болгария, Грузия, Қазақстан
C тобы: Түркия, Өзбекстан, Иордания
D тобы: Уругвай, Жапония, Тәжікстан

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-16) аға бапкері Сергей Поленов «Кас­пий кубогы» додасына 18 футболшыны ер­тіп кетіпті. Бірінші ойынын жерлестеріміз болгарларға қарсы өткізді. Алайда шығысеуропалықтарға қарсы еш қауқар көрсете алмай, қақпаларына жауапсыз 13 доп жіберіп алды. Одан кейін Грузия құрамасымен кездестік. Кавказдықтардың қақпасын бір рет тура көздегенімізбен, бұл жолы да қарсыластар футболшыларымызға 13 доп арқалатып жіберді. Қорытынды есеп – 1:13. Турнир 5 маусымда аяқталады.

Қазақстан жасөспірімдер (U-16) құрамасы:
Қақпашылар: Нариман Нұрлан­беков («Шахтер» Қарағанды), Рустам Сәр­сембаев («Тараз»).
Қорғаушылар: Мәди Айтөре («Қайрат», Алматы), Никита Востриков («Шах­­тер», Қарағанды), Рүстем Қа­зы­мов («Шахтер» Қарағанды), Қанат Қа­шығұлов («Ақтөбе»), Қайсар Май­раш («Тараз»), Сүлейман Мұстафаев («Қай­рат», Алматы).
Жартылай қорғаушылар: Әбілхан Әбдікәрімов («Ақтөбе»), Мәдияр Ах­ме­ров («Ақтөбе»), Ақсұлтан Асаинов («Ас­тана»), Никита Коряков («Қайрат», Ал­маты), Ахмет Беріков («Тобыл», Қос­та­най), Рамазан Оразов («Қайрат», Ал­маты).
Шабуылшылар: Әділжан Жақсыбай («Ақтөбе»), Әсет Ағдарбеков («Ас­тана»), Оралхан Өміртаев («Шах­тер», Қарағанды), Жандос Сұлтанов («Қа­й­­рат», Алматы).
Аға бапкер — Сергей Поленов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста