Қайрат Ахметов Қуат Хамитовтан неге алшақтағанын айтты

Қайрат Ахметов Қуат Хамитовтан неге алшақтағанын айтты

Ережесіз жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов өзінің бұрынғы командаласы әрі досы Қуат Хамитов туралы пікірін айтып, онымен соңғы кезде неліктен араласпай қалғанын баяндады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Sportnama YouTube жобасына сілтеме жасап жазды. 

"Қуат екеуміз бір ауылда өстік. Бір-бірімізбен көрші тұрдық. Қазір әркім үй салып, алшақтадық. Алайда әке-шешеміз әлі сол ауылда тұрады.

Ауылда карате ашылып, Қуат екеуміз екі жыл сонда жаттықтық. Кейін күреске бірге келдік.

Қуатпен қазір бұрынғыдай араласпаймыз. Неге? Өйткені мен отбасылы адаммын, ал ол - бойдақ. Арамызда ешқандай реніш, ұрыс-керіс жоқ. Бірақ отбасылы мен бойдақтың өмірі бөлектеу.

Үйленген соң келіншегім ауылда ата-анаммен тұрды да, мен Қуатпен бір пәтерде тұрдым. Оның арқасы бар. Кейде бір нәрселерді айтқанда, тоқтау салып тұратынмын. Қазір олай айтқанымды тыңдай бермейді.

Қуат өте ақылды жігіт. Өте еңбекқор жігіт. Қазір ол үлкен жекпе-жектерге шықпайды, өйткені, бұрынғыдай еңбектеніп жүрген жоқ.

Ол жастық, студенттік шақта жан-жағына қарамай, тек жаттығу жасады. Біз сол кездері қыдырып, отбасылы болдық. Ал қазір керісінше. Ол кішкене арқаны кеңге салған.

Қуатты талай сабап та алғам. Қалжыңдап, әрине. Жарты жыл үлкендігім бар ғой (күлді). Бала кезде ойнап төбелестік те... Оның адамгершілігі бар. Көпшілік жанкүйер оның шоуын жақсы көреді", - деді Қайрат Ахметов.

 

Еске сала кетейік, Қуат Хамит Алматыда өткен хардкор турнирінде қарсыласы Зелимхан Юсуповты ұтқан болатын.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста