Ашхабадтағы Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) бас ассамблеясында өзбектің кураш күресін 18-ші Жазғы Азия ойындарының ресми бағдарламасына енгізуге шешімі қабылданды, деп хабарлайды УзТАГ.
«Курашты құрлықтық ең маңызды Олимпиада ойындарының ресми спорттық бағдарламасына қосу бұл күрес түрінің тек Азияда емес, бүкіл ғаламшарда одан әрі жан-жақты дамыту және танытудың жаңа дәуірі басталғанын білдіріп отыр», – деді ІКА президентінің міндетін уақытша атқарушы және Азия Олимпиада кеңесі Азия ойындары департаментінің директоры Хайдар Фарман.
Халықаралық кураш қауымдастығының (ІКА) ақпаратына сәйкес, Индонезиядағы ойындарда спортшылар кураш бойынша 15 медаль жиынтығына бақ таластырады – жарыстар ер адамдар арасында – жеті, ал әйелдер арасында сегіз салмақ дәрежесінде өтеді.
Осылайша, кураш бірден үш түрлі Азия ойындары – 2016 жылы Вьетнамда өтетін жағажайдағы Азия ойындары, 2017 жылы Түркіменстандағы Жауынгерлік өнер және ғимараттағы Азия ойындары, 2018 жылы Индонезияда өтетін Жазғы Азия ойындарының ресми спорттық бағдарламаларында көрсетілген.