Орал шаршы алаңында оза шапқандар

Орал шаршы алаңында оза шапқандар

Оралда Қазақстан әуесқой бокс федерациясының құрметті президенті А.Құлыбаевтың жүлдесі жолындағы халықаралық турнир мәресіне жетті.
Аталмыш турнирдің басында батыс­қазақ­стандық меценаттар қазақ боксының Ермахан Ибрайымов пен Серік Сәпиев се­кіл­ді серкелеріне сый-сияпат жасады. Тұманды Альбион төрінде көк байрағы­мызды желбіреткен Серік сәйгүлік мінді. Осы сайысты ұйымдастыруға ұйытқы бол­ған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұр­лан Ноғаевқа арнайы кәдесый тапсырыл­ды. Облыс басшысы 52 келіде жүлдегер атанған спортшыларды марапаттау рәсімі­не қатысты.
Жалпы, бес күнге созылған дүбірлі дода­да бес елдің 140 спортшысы шаршы алаңға шықты. 49 келіде алматылық қос боксшы Әділет Қапезов пен Әнуар Мұза­паров бас жүлдеге таласып, қарсыласынан тәжірибесі де, жасы да үлкен Әділет бір ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті. 52 келіде ресейлік В.Веткиннің жарақатына байланысты жеңіс оралдық Айдарбек Жә­ді­геровке бұйырды. 56 келіде ақмола­лық Нұрсұлтан Қойшығұлов, 60 келіде Тәжік­стан боксшысы Анвар Юнусов, 64 келіде алматылық Елдос Сарықұлов, 69 келіде атыраулық Бекболат Құрамысов, 75 келіде оралдық Алмасбек Орынғалиев жеңіс тұ­ғы­рының ең биік сатысынан көрінді.
Әрине, жергілікті жанкүйерлер 81 келі салмақта өнер көрсететін Дәурен Елеусі­нов­тың жекпе-жегін асыға күткен-ді. Бұ­рынғы оралдық, қазір елордалық боксшы Ресей елінің өкілі Сослан Асбаровты еш қиындықсыз жеңді. 91 келіде ел чемпионы Виталий Левитке ресейлік Манаур Сар­да­лов қауқар таныта алмады. Аса ауыр сал­мақта оңтүстікқазақстандық Бауыржан Бек­затовтың бағы жанды.
Алыстан ат шалдырып жеткен қонақтар да құр қол кеткен жоқ. Оралдағы халық­аралық турнирден қола жүлдемен атанған қонақтар сапында В.Егоров, Р.Исмаилов, А.Гасанов, И.Хатаев, В Федюрин, Н.Ага­нин, Р.Кодзоев (бәрі – Ресей), К.Согомо­нян, А.Давитян (екеуі де – Армения), И.Ах­метов, А.Панарин (екеуі де – Қырғызстан), О.Авзалшоев (Тәжікстан) және басқалар бар.

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста