Қазақастандық файтер Артем Резников әлеуметтік желіде пост жариялапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
17 маусым Сочиде өткен АСА Гран-приінің финалында Резников ресейлік Эдуард Вартаняннан жеңілді.
Бес раундқа есептлеген жекпе-жек үшіншісінде технкиалық нокаутпен аяқталды.
"Біздегі әлсіздіктің ең жаманы, салымыз суға кетіп, беріле салуымызда. Жетістікке жетудің ең сенімді жолы - тағы бір байқап көру", - дейді Резников.