Несіп Жүнісбай өз орнын жастарға берді

Жақында Астанада Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының кезектен тыс жиыны өтіп, онда оның басшысы ауысты. Аталмыш қауымдастықтың төрағасы Несіп Жүнісбай өз қызметін жаңа буынға тапсырды. Жаңа буын бұл қызметке Ілияс Омаровты бірауыздан сайлады.
Кезектен тыс жиынды қауымдас­тық президенті, еліміздегі белгілі спорт қай­раткері, журналисі және жазушысы Несіп Жүнісбайұлы ашып, оның сонау 1992 жыл­дан бергі қызметіне тоқталып өтті. Мақсат-міндеттері мен осы уақытқа дейінгі атқа­рылған жұмыстарын қоры­тындылап берді. Содан соң бүгінгі күн талабы мен заман ағысына сай бір өзгеріс қажет деп шешкенін айтып, өз орнын жас­тарға беру жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді. Халық­аралық спорт басылымдары қауым­дас­тығының (AIPS) құрамына 1993 жылы кірген отандық ұйымның жиырма жылдық торқалы тойы кезінде тізгінді жалынды жастарға беру керектігін баса айтты. Тың идеялар мен жаңа жобалар қажеттігін тілге тиек етті. Тіпті Халықаралық спорт басы­лым­дары қауымдастығы жиын­дарында, солардың арасында тілмаш арқылы сөй­лесудің пайдасы жоқ екендігін де бүкпесіз жайып салды.
Артынан ерген інілері мен ізбасар­лары­ның, тәжірибелі әріптестері мен ма­ман­дардың бұл шешімін түсіністікпен қабыл алатынына сенетіндігін білдірді.
Содан соң өз орнына Ілияс Омаровтың кандидатурасын ұсынатындығын білдірді. Ілияс Омаровтың кандидатурасын қолдап, еліміздегі бірінші спорттық телеарнаның директоры Диас Ахметшәріп сөз сөйледі. Басқа да қолдаушылар болды. Содан жиналғандар бұл ұсынысты дауысқа салып, Ілияс Омаров Қазақстан спорт басылым­дары қауымдастығының төрағасы болып сайланды.
Ілияс Омаров – бірнеше жылдан бері Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы қызметін атқарып келе жатқан білікті маман. Бірнеше шет тілін біледі. Бір­неше жылдан бері спорт тақырыбына да қа­лам тартып жүр. Спортты жақсы біледі. Сыртқы істер министр­лігі­нің журналын шы­ғарып, редакторлық қыз­меттің де қыр-сырына қанығып жүргеніне біраз болған.
Жиналғандар қауым­дастық­тың атқа­рушы комитетінің құрамын бекіте алмай, қызу пікірталас болды. Ақыры ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Елсияр Қанағатов өз пікірін ортаға салып, атқару комитеті мүшелерінің саны тақ болғаны дұрыс екендігін, сондай-ақ нақты шешім қабылдауға асықпауға шақырды.
Осы жиынға қатысқан «Самұрық-Қазы­на» ұлттық әл-ауқат қорының Қоғам­мен байланыс жөніндегі департаменті­нің бас­тығы, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас менеджері Айдар Махметов те сөз сөйлеп, қауымдастықтың тыныс-тір­лігі мен жұмысын қолдайтын­дығын білдірді.
Басқа да бірнеше өзекті мәселе қара­лып, жиын соңында жаңа төраға Ілияс Омаров ардагер спорт қайраткері Несіп Жүнісбайұлын Құрметті президент ретінде бекітуді ұсынып, бұл ұсыныс та толық қолданды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста