Мұстафа Өзтүрік ізбасарларына құрмет

Мұстафа Өзтүрік ізбасарларына құрмет

Кеше Алматыда «Барыс» таэквондо орталығы 2012 жылғы үздік спортшыларын марапаттады. Олардың көбісі – халықаралық додаларда жүлдеге іліккен өрімдей қазақ жастары.
Әуелі аталмыш таэквондо клубына тоқ­тала кетсек. «Барыс» таэквондо орта­лығы 2008 жылы құрылған. Орталықтың құрылу мақсаты – таэквондоның біздің ел­дегі даму барысына үлес қосу және Қазақ­стан құрамаларына жоғары деңгейлі спорт­шылар дайындап отыру. Бұл орта­лықтың президенті – елімізге танымал спорт қайраткері Амалбек Тшанов. Вице-президенті қызметін көпшілікке кеңінен танымал, таэквондодан бір кездегі Қазақ­стан ұлттық құрамасының бас бапкері Сұлтанмахмұт Шоқпытов атқарады.
Қазіргі таңда орталықтың құрамында жасы бар, ендігі бұғаналары бекіп, халық­аралық додаларда жүлдеге ілініп жүрген­дері бар, яғни деңгейлері әртүрлі 400 спортшы жаттығады. Барлығы дерлік – қа­зақтың қара домалақ ұл-қыздары. Оларға 12 бапкер шығыс өнерінің осы түрін үйре­тіп, қыр-сырына қандыруда. Осы бапкер­лердің төртеуі жоғары дәрежелі маман да, біреуі – халықаралық деңгейдегі төреші. Бұл клубтың жас таэквондошылары орта­лықтың іргесі қаланғалы бері 30-дан ас­там республикалық және халықаралық до­даларға қатысып, бапкерлерін көңілге қонымды нәтижелерімен қуантып жүр.
Осы орайда, орталықтың 2012 жылы аса жоғары табысқа қол жеткізгендігін айта кетуге болады. Мәселен, Вьетнамдағы Азия чемпионатында Фариза Алдоңғарова күміспен күптелді. Бұл осы Азия чемпио­на­тында Қазақстан таэквондошылары қол жеткізген жалғыз күміс болатын. Одан соң Қарулы күштер арасындағы әлем чемпио­натында Мереке Жүнісованың қола ме­даль иеленгендігін ерекше атап өтуге бо­лады. Ал «Азия балалары» халықаралық ойындарында Еркебұлан Әбілқас пен Фа­риза Алдоңғарова күміс медаль олжалаған болатын. Сонымен қатар Германия, Поль­ша, Голландия және Корея мемлекет­те­рінде өткен «А» санатты халықаралық тур­нирлерде Саламат Байбатыров, Ержан Әбіл­қас, Ерасыл Қайырбек, Бекболат Шы­мыр­құл, Сағыныш Шымырбай сынды жас таланттар алтынмен апталған.
«Барыс» таэквондошылары мұнымен шектелмей, 2012 жылдың 9 желтоқ­са­нын­да өткен ересектер арасындағы Қазақ­стан чемпионатында ерен жетістіктерімен көзге түсті. Атап айтқанда, «Барыс» таэк­вон­до орталығының спортшылары тым жас (16-18 жас аралығындағы өрендер) болса да, ел чемпионатының командалық бейресми есебінде екінші орынға ие болды. Талай өңірдің тәжірибелі таэквон­дошыларынан асып түсіп, тек ел бірін­ші­лігін қабылдаған даянг иелері Оңтүстік Қа­зақстан облысынан кейін екінші орынға ор­наласты. Аталған ел чемпионатында «ба­­рыстықтар» үш алтын (Ф.Алдоңғарова, А.Теңізбаев, А.Мукманов) және бір күміс еншілеп, бапкерлерін де, басшыларын да желпіндіріп қойды.
«Тәбет тамақ үстінде шабады» деген­дей, осыдан кейін «Барыс» таэквондо ор­та­лығының президенті Амалбек Тшанов 2013 жылғы ересектер арасындағы ел чем­пионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленуді тапсы­рып отыр. Қазіргі мақсат осы екен. Әрі жас­өспірімдер арасындағы Азия чемпио­натынан, сон­дай-ақ Германия, Польша, Голландия, Ре­сей, Корея мемлекеттерінде өтетін «А» са­натты халықаралық турнир­лер­ден алтын медаль әкелу мақсат тұтылуда.
Ал кеше осы жас клуб, осы жаңа орта­лық өзінің өткен жылдағы үздіктерін мара­паттады. 16 жастағы Фариза Алдоңғарова «Барыс» таэквондо орталығының ең үздік спортшысы болып танылды. Оған жал­тыраған үлкен барыстың мүсіні мен ақша­лай сыйлық табыс етілді. Сырт көзге тал­дыр­маш көрінгенімен, Фариза даянгте ғана емес, өмірде де шымыр екен, үлкен мүсінді ешкімнің көмегінсіз, өзі көтеріп кетті.
Алмас Мұқаманов, Азамат Теңізбаев, Ержан Әбілқас, Диана Назарова, Нартай Оразбаев, Мансұр Машканов, Сағыныш Шымырбай, Ерасыл Зиядыбеков, Ерасыл Қайырбек, Еркебұлан Әбілқас, Дәулет Сүлеймен және тағы басқа дарынды ба­ла­лар әр жас мөлшерлерінде жылдың үздік спортшылары атанды.
Кезінде қазақ топырағына марқұм Мұс­тафа Өзтүрік әкеліп, «дәнін» еккен спорт түрі осыдан бірер жыл бұрын жаңа бір орталықпен толыққан-ды. Сол клуб жабылып қалмай, қазақтың қарадо­ма­лақтарын осы бір шығыс өнеріне абырой­мен баулып жүр екен. Ендеше еңбектеріңіз жемісін беріп, бейнеттеріңіздің зейнетін көріңіздер демекпіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста