Ләңгі тебу де бір өнер

Ләңгі тебу де бір өнер

Ләңгі тебу де бір өнер екен. Бұған өткен сенбі күні Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Бас редакторлар клубы ұйымдастырған жарыста көзіміз жетті.
Ауыл баласының бір кездері шын бері­ліп ойнайтын ұлттық ойындарының бірі –асық болса, екіншісі – осы ләңгі еді. Бірақ кейінгі жылдары ұмытыла бастаған бұл ойынды елордада өткен жарыс жаңа қы­рынан танытты десек, асыра айтқаны­мыз емес. Бұқаралық ақпарат құралдары («Алаш айнасы», «Халық сөзі», Қазақ ра­дио­сы, «Ас­тана ақшамы», «КТК» телеар­насы) мен сту­денттердің, сондай-ақ Қаз­АТУ оқы­тушылары бар, бас-аяғы 10 ко­ман­да қатысқан «Ләңгі тебу де бір өнер» атты сайыс қы­зықты өрнегімен, тартысты бә­секе­сімен ерекшеленді.
Ләңгі – көшпенді қазақтың балалары ешк­інің тулағынан кесіп алған бір жапы­рақ­тай теріге немесе ешкі құйрығына ой­мақ­тай қорғасын құйып жасап, теуіп ой­най­тын ойыны. Ұлттық сипаттағы нәрсенің бәріне үркіп қарап, ұлттық санадан өшіруге тырысқан Кеңес Одағы кезінде оны «бала денсаулығына зиян» деген желеумен мұ­ға­лімдер арқылы тыйым салып қудалап, мүлдем ұмыттыруға тырысқан болатын. Бұл қудалау солтүстік өңірлерде ойынды ұмыттырғанымен, қазағы қалың оңтүстік, батыс және шығыс өңірлердің қара дома­лақ­тары күздің қара суығына дейін асық атуын, күн суытқан соң осы ләңгі тебуін тоқ­татқан емес-ті. Кей жақтарда оны жоға­рыда айтқандай тулақтан жасаса, Алматы облысының балалары шүберектен жасап тебе беретін. Айырма осы болғанымен, ойын түрі барлық жақта бірдей екен. Сондықтан да болар, ләңгі тебу сайысы «Аяқ ұшы», «Қосаяқ», «Қайыру», «Шан­жыр», Теуіп беру» секілді ойын түрлерін, сон­дай-ақ аяқтың ішімен және сыртымен бірдей тебу, ұпай жинау амалын қамтыған­дық­тан, жарыс көрігі бірден қызды. Бірақ ауылдан келгендеріне көп болмаған әрі ләңгі тебуді сол күні ғана еске алған журна­листер секілді емес, біршама дайындық­тары бар студенттердің ебі бірден байқал­ды. Ал журналистердің ләңгі теппеген­де­рінің алдына – 40 жыл, соңына 10-15 жыл болған екен. Соған қарамастан, Қазақ ра­дио­сынан Мұхтар Тұртайұлы, «Астана ақшамы» газетінен Мақсот Ізімұлы секілді журналистер кезінде ләңгінің түбін түсіре тепкендіктерін аңғартты.
Сайыс қорытындысы бойынша «Қай­сар ойыншы» номинациясымен Дүрәлі Дүйсебай, «Ең ұтқыр» номинациясымен КТК телеарнасы командасы, «Ынтымағы жарасқан команда» номинациясымен «Алаш айнасы» марапатталса, жүлделі ІІІ орын «Қазақ радиосы» командасына, жүл­делі ІІ орын «ҚазАТУ қырандары» команда­сына бұйырса, сайыстың Бас жүлдесі – ҚазАТУ кубогын осы оқу ор­нының «ҚазАТУ студенттер құрама ко­ман­дасы» ұтып алды.
Астанада алғаш рет өтіп отырса да, университет басшылығы Ләңгі сайысының мәнді де сәнді ұйымдастырылуына ерекше ден қойып, ойын арасын өнерлі студент­тердің орындауындағы ән-шашуларымен де өрнектегенін айта кеткен жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста