Кувейтте дзюдодан Азия чемпионаты басталды

Кувейттің астанасы Эль-Кувейтте дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Бүгін әйелдер арасында төрт, ал ерлер арасында үш салмақ дәрежесі бойынша құрлық чемпиондары анықталады, деп жазады "Алаш айнасы".

Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, бүгін татамиге мына балуандарымыз шығып, бақтарын сынайды екен:

Елдос Сметов (60 келі, Тараз), Елдос Жұмаханов (66 келі, Маңғыстау облысы), Дастан Ықыбаев (73 келі, ШҚО), Айгүл Байқұлова (48 келі, Ақтөбе облысы), Александра Подрядова (48 келі, ОҚО), Олеся Куценко (52 келі, Маңғыстау облысы), Ленария Мингазова (52 келі, Тараз), Назгүл Құбашева (57 кг, Атырау), Севара Нышанбаева (57 келі, ОҚО) және Мәриям Ордабаева (63 келі, Алматы).

Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы құрлық біріншілігіне қазіргі таңдағы үздік балуандарымыздың көбісін әкетті. Мақсат – тамыз айында Астанада өтетін әлем чемпионаты қарсаңында қыз-жігітеріміздің шеберліктерін шыңдай түсіп, халықаралық аренада сынақтан өткізу.

Дзюдошыларымыздың Эль-Кувейт татамиіндегі өнерлерін үш күн бойы (13-15 мамырда) "Қазспорт" телеарнасынан сағат 19:45-тен бастап көре аласыздар.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста