Келесі қысқы Олимпиада қай жерде өтеді

Келесі қысқы Олимпиада қай жерде өтеді

Бүгін Бейжіңдегі XXIV Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Енді 2026 жылғы Ақ Олимпиада Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ол туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-ші сессиясында белгілі болды.

 

Қысқы ойындардың астанасы ХОК мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталған. Сол тұста 2026 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізуге Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларынан бөлек, Стокгольм мен Оре үміткер атанған еді.

 

Алғашында 2026 жылғы Олимпиаданы өткізуге жеті қала үмітті болған. Финалдық кезеңге дейін екі үміткер қалды. Нәтижесінде Италия жеңіске жетті.

 

2026 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуы 6 ақпанға жоспарланған.

 

Бүгін Бейжің Олимпиадасының жабылу рәсімінен кейін Олимпиада эстафетасын Бейжіңнен 25-кезекті ойындар өтетін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалалары қабылдап алады.

 

Естеріңізге сала кетейік, Бейжің Олимпиадасы 4 ақпанда басталып, 20 ақпанда өз мәресіне жетті.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста