Илья Ильин күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин еліміздің Ауыр атлетика федерациясының басшысы болуға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында Ильин федерацияның қазіргі жұмысына алаңдайтынын білдірді.

 

"Мен бұл жерде екі жыл кәсіби спортшы емес, спорт менеджері ретінде жұмыс істедім. Екі жыл бойы мен қарым-қатынас орнатып, командада кейбір мәселені шешіп келемін. Бір жылдан бері біз түсініксіз жағдайда жүрміз, Ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай жүрміз. Бір жарым жыл бұрын менеджер ретінде жұмысқа тұрғанда жаттықтырушылармен сөйлестім, ауқымды проблемалар болды, мәселені шешуге тырыстым. Бір жігіт асылып қалды... Бізге психологтар керегін айттым. Біз команда құруға міндеттіміз, өйткені қиындықтар бар. Кейін біз екіге, содан кейін үш бөлікке бөліндік. Өңірлерге барып, бапкерлермен жеті сағат сөйлесіп, спортқа қол сілтей салмауын түсіндіруге тура келді", - деді Ильин.

 

Спортшы ауыр атлетика елдегі ең "медальді" спорт түрлерінің бірі екенін айтып, оны сақтауға шақырды.

 

"Мен қазір әріптестеріме, басшылыққа, Алтай Көлгіновке (вице-премьер - еск.) және Асхат Ораловқа (мәдениет және спорт министрі) жүгініп отырмын, шешім қабылдаңыз, өтінемін. Мен жетілдім, федерацияны өз командаммен бірге алуға дайынмын. Иә, менде миллион адам жоқ, мен бай емеспін, бірақ мен бұл спорттың қыр-сырын білемін. Қолдауыңызды сұраймын, тапсырмалар қойыңыз. Олимпиада чемпионын таңдайық", - деді Илья Ильин.

 

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жауап ретінде бұл мәселені Ильинмен бөлек талқылауға дайын екенін айтты.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста