Грек-рим күресінен Азия чемпионатына үкілеп қосар жігіттеріміз

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер кеңесі де Азия чемпионатында белдесетін балуандарымыздың есімдерін мәлімдеді, деп жазады "Алаш айнасы".

6-10 мамыр аралығында Катар астанасы Дохада өтетін Азия біріншілігінде грек-рим күресін де еліміздің намысын биылғы чемпиондарымыз қорғайды. Тек бір салмақта ғана Доха кілеміне ел чемпионы шықпайды. Нақтырақ айтқанда, 75 келі салмақ дәрежесінде құрама сапына Дәулет жақсылықов алыныпты.

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Таңат Сағындықовтың мәлімдеуінше, 75 келідегі ел чемпионы Досжан Қартықов жарақаттанып қалған. Ал Талдықорған боз кілемінде күміс жүлдегер атанған Мақсат Ережепов спорттық бабына келе алмай жүрген көрінеді.

Қола жүлдеге ие болған екі балуанның бірі, яғни Асхат Ділмұхамедов 80 келі салмақ дәрежесіне ауысып кеткен. Ал Даниал гаджиев болса, жарақатынан әлі айықпаған.

Сондықтан бапкерлер кеңесі бұл салмақта Дәулет Жақсылықовқа сенім артқанды жөн санапты. Бір қызығы, Жетісу төріндегі ел чемпионатында Дәулет 80 келі салмақ дәрежесінде белдескен. Ол әскерилер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанып, Президент кубогында жүлдеге іліккен. Енді оған тамаша мүмкіндік беріліп, үлскен сенім артылып отыр.

Жалпы, грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Дохадағы Азия чемпионатынан үш-төрт жүлде олжалауды, оның бірі алтын болса деген жоспарлары бар екендігін де тілге тиек еткен.

Енді грек-рим күресінен құрлық біріншілігінде ел намысын қорғау мәртебесіне ие болған балуандар тізімімен танысыңыздар:

59 келі: Мейрамбек Айнағұлов
66 келі: Демеу Жадыраев
71 келі: Азамат Дүмбіров
75 келі: Дәулет Жақсылықов
80 келі: Жасұлан Қошанов
85 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов
98 келі: Марғұлан Әсембеков
130 келі: Нұрмахан Тынәлиев

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста