Күрес түрлерінен Каспий жағасында өткен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында грек-рим шеберлері де өз өнерлерін ортаға салды. Күрестің бұл түріндегі белдесулерде Қостанай жастары ерекше көзге түсті, деп жазады "Алаш айнасы".
23 жасқа дейінгі ел чемпионатының грек-рим күресі балуандары арасындағы белдесулер де қызықты өтті. Жеңіл салмақтарда Қостанай және Алматы облысының жас таланттары саф алтынды алма-кезек олжалап, боз кілем көрігін қыздырды. Бірақ ауыр салмақтарда Алматы облысына жүлдеге ілігудің өзі оңайға түспей, Қостанай облысының құрамасы алтын да, күміс те алып, бейресми жалпы командалық есепте үздік шықты.
Қазақстан чемпионаты. Грек-рим күресі. 23 жасқа дейінгі жастар.
59 келі
1. Данияр Жақсылықов (Қостанай)
2. Тәңірберген Наурызбаев (Ақтөбе)
3. Еламан Әріпов (БҚО) және Жандос Жетпіс (Астана)
66 келі
1. Нұртай Нұрғалиев (Алматы обл)
2. Бақберген Нұрсапа (Маңғыстау обл)
3. Абылай Кәріпжан (Алматы обл) және Самат Сауырбаев (Маңғыстау обл)
71 келі
1. Мирас Баршылықов (Қостанай)
2. Хусейн Акиев (Қарағанды)
3. Темірлан Ұтаров (БҚО) және Вячеслав Фатеев (Павлодар)
75 келі
1. Азамат Дүмбіров (Алматы обл)
2. Константин Штефанов (Ақмола обл)
3. Рахат Тастанғалиев (Алматы обл) және Рамазан Мұстафаев (ОҚО)
80 келі
1. Рашид Кочиев (ОҚО)
2. Ілияс Гучигов (Қостанай)
3. Абдулазиз Кочерадзе (Алматы) және Н.Дүйсенғалиев (Атырау)
85 келі
1. Вали Осман (Қостанай)
2. Жағал Ақтілек (Қызылорда)
3. Руслан Жұмабеков (Атырау)
98 келі
1. Ерсайын Сайфуллин (Астана)
2. Әділет Мұстафин (СҚО)
3. Жасұлан Нүсіпәлі (Алматы обл)
130 келі
1. Еркін Шайкенов (Павлодар)
2. Михаил Изотов (Павлодар)
3. Самат Сапарбай (ОҚО)