Футбол бәйге: Жапонияның Хондасы, Италияның хиттері, Францияның иіссулары...

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында ешкім күтпеген кездейсоқ нәтижелер тіркеліп, біздің болжамшыларымызды шым-шытырық шатыстыруда, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
«Нидерланды жігіттері Испания құрамасын жүндей түтеді» деп, «Португалия футболшылары неміс мәшинесінің алдында дәрменсіз күй кешеді» деп, «Ресей қақпашысы қара басып, қолындағы добын қақпаға түсіріп алады» деп, «әлем чемпиондарының салдары суға кетіп, білгендерінен жаңылады» деп кім ойлаған?!
Тізе берсек, осындай ешкімнің де қаперіне кіріп шықпайтын «жәйттер» көп. Біздің болжамшыларымыз да, осындай тосын нәтижелерден тосылып жатыр...
Ол, ол ма? Бізді таң қалдырып, футболды тәп-тәуір білетін кейбір әріптестеріміз өздерімен бір жұпта бақ сынаған қыздардан асып түсе алмай, 1/8 финалына шыға алмй жатыр...
Ендігі кезекті сегізінші жұптағы болжамшыларымызға береміз:

Дастан Кенжалин, «Егемен Қазақстан» газетінің спорт журналисі:
Жапония – Грекия – 1:1
Италия – Коста-Рика – 2:0
Швейцария – Франция – 1:1

Әлем чемпионаты басталғалы бері қызықты және тартысты өтіп жатыр. Әсіресе, "қақпашының бір өзі жарты команда" дегенді Бразилия мен Мексика кездесуінде көрдік. Мекикалық голкипердің ойыны бәрімізді таң-тамаша қалдырды. Мұндай қақпашының мен соңғы рет 1990 жылы Италияда өткен әлемдік додада көрген едім. Ол кезде аргентиналық қақпашы Серхио Гойкоэчеаның ойыны отандастарын финалға дейін жеткізген болатын. Аргентиналық голкипер пенальти қайтарудың шебері еді. Биылғы чемпионатта да 11 метрлік айып доптары көп болып жатыр. Бірақ, әлі бірде-бір допты қайтарған қақпашы болмай тұр. Чемпионатта пенальтилердің жиі болуы да тегін емес деп ойлаймын. Өйткені, Бразилия әлемдік доданың пиарын жасап, оны лайықты насихаттай алмаған соң, төрешілер жанкүйерлерге ойынды қызықты ету үшін пенальтилер беріп жатқан сияқты.
І. Жапония – Грекия ойынында есеп тең болады. Бұл екі команда алғашқы матчтарында өз қарсыластарынан жеңіліп қалды. Екеуі де бірінші ойындарында 60-70 минутқа дейін ойнай алатын команда ретінде әсер қалдырды. Дегенмен, бұл кездесуде бір гол бәрін шешіп кетуі мүмкін. Ол үшін екі жаққа да барын салып, бірінші таймда гол соғу керек.
ІІ. Италия мен Коста-Рика матчы да қызықты өтеді. Коста-Рика алғашқы ойынында «Уругвайды 3:1 есебімен жеңеді» деп ешкім ойламаған еді. Енді осы жолы да Аппенин түбегінің құрамасына лайықты қарсылас болады. Алайда Италияны жеңу оңай болмас. Бұл кездесуде италиялықтардың бағы жанады.
ІІІ. Швейцария ең соңына дейін ойнайтын коман екенін көрсетті. Эквадормен кездескенде намысқа тырысып, жеңісті жұлып әкетті. Ал Франция мен Гондурас матчы ұнамады. Гондурас 1998 жылғы әлем чемпиондарына лайықты деңгейде қарсылық көрсете алмады. Соған қарап, Франция барлық командаларды жеңеді деп айта алмаймын. Француздар Швейцариямен ойында барын салады. Бірақ, екеуі тең тарқасады. Швейцария оңай шағылатын жаңғақ емес.
Жоғарыда айтқанымдай, үш матчта да пенальти болуы әбден мүмкін. Осы 11 метрлік айып добы команданың көңіл-күйіне әсер етіп, матчтың тағдырын да шешуі ықтимал.

Камалия Байтілеуова, тележүргізуші:
Жапония – Грекия – 2:1
Италия – Коста-Рика – 2:1
Швейцария – Франция – 1:3

І. Жапония және Грекия құрамалары бір-бірімен деңгейлес деп есептеймін. Әйтсе де, жапондарға жеңіс тілеймін. Олар автокөлік атаулысын немістерден кем шығармайды ғой. Оның үстіне Хонда деген ойыншылары бар емес пе? Жаман мәшине емес. Жапондар бұл ойында «Тойотадай» тайраң ақпаса да, «Хондадай» қайқаң қағады деп ойлаймын.
ІІ. Италияның 80 жылдардағы поп-музыкасына сүйсініп өстік қой. Ал Коста-Риканың калипсосы жайлы бертін келе естідік. Әрі Италияның 80-жылдағы хиттері секілді елітті деп айта алмаймын. Аль Бано және Ромино Пауэр, Тото Кутиньо, Адриано Челентано, Пупо секілді поп-музыка тарландарының өкілдері футболға да қаражаяу емес. Жалпы, Серенадо ашық аспан астында, кешке қарай, вокалды аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады ғой...
ІІІ. Теңбіл доп сейфке немесе шотқа салып қоятын ақша емес. Әрине, Швейцарияның сағаттары да сапалы, шоколодтары да тілді үйіреді. Бірақ менің жан-дүниеме Франция жақын. Олардың иіссулары, сән-салтанатқа мән беретіндері қатты ұнайды. Сондықтан бұл матчта Франция құрамасы теңбіл допты Эйфель мұнарасына жеткізбесе де, Швейцария қақпасына енгізе алады деп ойлаймын.
Бұл жазғандарымды менің болжамым дегеннен гөрі, осы жұптардағы өзіме ұнайтын елдердің футболшыларына деген игі тілегім деп түсінген дұрыс шығар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста