Еркін күрестен Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан мен Жүсіп Батырмұрзаев күміс жүлдегер болды

Еркін күрестен Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан мен Жүсіп Батырмұрзаев күміс жүлдегер болды

Қазақстандық Ризабек Айтмұхан (92 кг) пен Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) еркін күрестен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ризабек Айтмұхан финалда жапониялық Араш Йошидаға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

19 жастағы қазақстандық жартылай финалда бахрейндік Магомед Шариповты жеңсе, ширек финалда қырғызстандық Мирлан Шыныбековті қапы қалдырған еді.

Еске салсақ, алматылық балуан ақпанда Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасында Әбдіманап Байгенжеевті ұтып, чемпион атанған еді.

Ал Жүсіп Батырмұрзаев финалда моңғолиялық Менхтерин Лхагвагерель кездесті. Белдесу барысында қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстандық балуан алғашқы жекпе-жегінде үндістандық балуанды жеңсе, жартылай финалда өзбекстандық Сардорбек Холматовтың жауырынын жерге тигізді.

Жүсіп былтыр Алматыда рейтингтік Болат Тұрлыханов турнирінде өзбекстандық балуанды таза ұтқан еді.

Қазірге дейін ел құрамасынан бүгін Дархан Есенғали (74 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді.

Ал Азамат Дәулетбек ел қоржынына төртінші алтынды салды.

Еске салсақ, еркін күрестен жарыстың алғашқы күнінде қоржынға 2 алтын, 1 қола түсті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста