Екі қолы жоқ паралимпиадашы жүзуден 4 алтын алып әлемді бағындырды

Екі қолы жоқ паралимпиадашы жүзуден 4 алтын алып әлемді бағындырды

"Қолсыз жүзуші" атымен танылып кеткен 30 жастағы Чжэн Тао Токиодағы Паралимпиада ойындарында төрт алтын медаль жеңіп алып, әлемге аты танылған Қытайдың ұлттық батыры атанды. Ол 50 метрлік баттерфлейден, 50 метрлік фристайлдан және 50 метрлік артқа жүзуден сонымен қатар 4х50 метрлік еркін жүзу эстафетасынан алтын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC News орыс басылымына сілтеме жасап.

 

Оның үш жеке жеңісі де мүмкіндігі шектеулі спортшылардың әлемдік рекорды болып танылды.

 

Чжэн Тао бала кезінде электр тогының соғуы салдарынан екі қолынан айырылған.

 

Оның дүйсенбі күні арқа жүзуінен жеңіске жеткеннен кейін екі жасар қызына арнап жазған бейнежазбасы әлеуметтік желіде жылдам тарап кетті.

 

"Қызым, маған қарашы, мен екі қолым жоқ болғанына қарамастан жылдам жүзе аламын" ,- деген ол жазбада.

 

Сәрсенбіде Чжэн Тао алған 50 метрлік еркін стильдегі алтын медаль қытайлық әлеуметтік желілерде ерекше толқу туғызды, өйткені бұл ҚХР 1984 жылғы Нью-Йорктегі ойындардан бері жазғы Паралимпиада ойындарына қатысқаннан бері 500 -ші болды. Қолданушылар спортшының сымдай тартылған денесіне тәнті болып, оны "шабыт пен мақтаныш бастауы" деп атады.

 

"Бұл менің 2020 жылғы Паралимпиада ойындарындағы соңғы өнер көрсетуім болғандықтан, мен бар күшімді салдым. Бұл менің өмірімдегі ерекше жүзу сәттерінің бірі!" ,- деді ол жарыстан кейін журналистерге.

 

Чжэн Тао Юньнань провинциясында тұрады. Ол жаттығуды 13 жасында бастаған және күн сайын 10 шақырым жүзіп өтеді. Халықаралық жарыстарда "Қолсыз жүзуші" алғаш рет Нидерландыда 2009 жылы өнер көрсетті.

 

Ол Лондондағы Паралимпиадада (2012 ж.) және Рио-де-Жанейрода (2016 ж.) жарыста 100 метрге арқамен жүзуде алтынға ие болған. Чжэн Таоның қоржынында барлығы тоғыз Паралимпиадалық медаль бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста