Бүгінгі күннің Толағайлары қайда жүр?

Бүгінгі күннің Толағайлары қайда жүр?

Қазақта алыптар аз болған жоқ. Бәлкім, олардың бәрін біле бермеспіз. Тіпті, тау көтерген Толағай туралы аңыз әңгіме халықтың сондай ой-қиялынан туған шығар. Оны кім білген? Әйтеуір, қаншама ғасыр өтсе де, сол бір аңыз әлі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа тарап, талай адамның таңданысын туғызып келеді. Осыған қарай отырып,  адамның күш-қуаты шексіз екенін бағамдау қиынға соға қоймас. Ерте кезеңде солай да болған шығар. Себебі, ол кезде барлық нәрсе дене еңбегімен жасалатын. Адамдар қара жұмысқа бейім келетін. Қазақ даласының көп бөлігінде көзге шалынатын үлкен-үлкен атыздар қол еңбегімен жасалды. Зәулім-зәулім сарайлар да адамдар еңбегімен салынды. Не керек, ол кезде қазіргідей техника дегенің жоқтың қасы. Барлығына адамның күш-қайраты жұмсалатын. Қазақтың қайрат-жігері жайында «Алаш айнасы» ой толғайды.
Кезінде қариялардың жұмыс істегенін көзбен көрдік. Оған өз атамды мысалға алсам да болады. Атам – Үмбет 1986 жылы 87 жасында өмірден өтті. Қызығы, ол кісі дүниеден өтерінен екі-үш ай қалғанша қолынан кетпен мен күрегін тастаған жоқ. Қара еңбектен қашпайтын. Атамыз жұмыс жасағанда кез-келген адам ол кісінің қарқынына ілесе алмай да жататын. Осылайша біз ол кісінің күш-қайратына таңғалатын едік. Егде тартқан шағында осылайша еңбек етсе, жігіт шағында қалай еңбек еткенін көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Әрине, елдің арасында ондай кісілердің қатары көп еді. Мәселен, өткен ғасырдың бастапқы кезеңінде салынған Түркістан – Сібір темір жолы да қарапайым еңбек адамының күшімен салынғаны тарихтан бізге белгілі жайт.
Өкінішке қарай, қазір соның бәрі құр әңгімеге айналып отыр. Елдің арасынан ілуде біреу болмаса ондай күш-қайрат иесін кездестіре алмайтын болдық. Бұл орайда денсаулық мәселесін сөз еткеніміз артық болмас. Үлкен-үлкен жүктерді көтермек түгілі, салмағы 50-60 келіден әріге аспайтын қаптарды көтере алмайтын жігіттер бар. Тіпті, оны көтере қалса, белі шойырылып, аурудан бас көтере алмай қалатын азаматтар да бар. Сондай да баяғыда аталардың күш-қайраты ойға орала береді.
Қазіргі таңда заман өзгерді. Бұрынғы қол еңбегін атқаратын техникалар шықты. Салмағы қаншама тонна тас пен темірді мыңқ етпей көтере кететін алып крандар мен жүк көліктері кездеседі. Осыдан кейін кім адам күшін қажет ете қояды? Соған қарамастан біз адам денсаулығы жайында ойлануымыз тиіс. Өйткені, онда ұлт тағдыры басты мәнге ие болып отырған жағдайы бар. Көп жүрсе алқынып қалатын жастар да көп. Кезінде ата-әжелеріміз қаншама шақырым жерді жаяу-жалпы жүріп, ешқандай шаршамастан тірлігін атқарып жүре беретін. Оған көп уақыт та бола қойған жоқ. Шамамен жарты ғасырдан сәл астам уақыт өтті. Себебі, ол кезде елдің арасында көлік деген мүлдем кездесе бермейтін. Адамдар бар болса баратын жеріне ат арбамен немесе жаяу-жалпы шығып кете беретін. Өйткені, қазіргідей көліктер ағылып жатқан жоқ.
Байқасаңыз, қазір жастар таяқ тастам жерге көлікпен барғанды қалайды. Бойларын жалқаулық басып алған тәрізді. Дәрігерлер адамның көп қимылдағаны денсаулыққа пайдалы екенін жиі айтып жүр емес пе? Күнұзақ компьютер алдында отырып, одан кейін көлікке мінгеннен кейін адам бойында қалай қан айналымы жүре қояды? Соның салдарынан қазір екі адамның бірінде қан айналымына байланысты аурулар кездесіп қалады. Оларға ақыл-кеңес айтып, көрген-білгенін үйретіп жатқан да ешкім жоқ. Елімізде салауатты өмір салты жайында әңгіме қозғалады. Бірақ та, сол игілікті істі дәстүрге айналдырып жүрген адамның саны қаншама. Елдің арасында бұқаралық спорт жайында жиі айтылады. Онымен айналысып жатқан адамдар да көбейіп келеді деген де есеп те беріліп жатады. Өкінішке қарай, олардың саны көбейіп кетті деген дерек кейде езуіңе күлкі шақырып жататыны тағы бар.
Ұлт денсаулығы жайында әңгіме қозғала қалғанда ең алдымен ойға оралатыны – тамақ мәселесі. Бүгінгі таңда біз қандай тамақ ішіп жүрміз? Бұл жөнінен мақтана алмаймыз. Жасалу жолы бізге белгісіз ас-ауқатты тұтынамыз. Оның құрамында не бар екенін дәлелдеп айтып беретін маман да жоқ. Сондықтан оның адам денсаулығына қаншалықты әсері бар екенін нақтылап айта алмаймыз. Әрине, адамның күнделікті ішіп-жемі де денсаулығына барынша әсер тигізіп жатады ғой. Осы жағынан ойланып көрелік. Өйткені, осыдан 20-30 жыл бұрынғы дастарханға қойылатын дүние мен қазіргі ас-ауқатты мүлдем салыстыруға келмейді. Сол уақытта барлығы қолдан жасалатын тамақтар еді. Бір сөзбен айтқанда, жасалуы көз алдымызда жүретін тағам түрлері болса, қазіргісінде түрлі қоспалар бар тамақтар саналады. Содан кейін бұрынғыдай денсаулық қайдан болсын деген ой көкейде қылаң беріп жатады.
Уақытында қазақ халқында алып азаматтар аз болған жоқ. Тіпті, салмағы тоннаға жуық тасты бұйым құрлы көрмеген адамдар болған. Солар жайындағы әңгімелер бүгінгі күнге дейін жетіп, ұрпақтардың қызығушылығын туғызып отыр. Елдің ішінде кезінде Байғабыл деген алып күш иесі болған көрінеді. Ол кісіден «Неге басқа балуандар секілді күресіп, осы уақытқа дейін бағыңды сынап көрмедің» деп сұраған екен. Бұл сауалға өзіне тең келетін ешкімнің болмағанын жеткізіпті. Бірде ол өзінің атын өзі арқалап, егістік алқабынан арқалап өткенге ұқсайды. Ойы – атым егістікті таптамасын дегені екен.
Қазақ баласы үшін ұлы тұлғаға айналған – Қажымұқан Баянауыл аймағында Сүбек ұстаның құрметіне салмағы 1 тоннаға жуық тасты көтеріп алып келген екен. Қазақтың қабырғалы қаламгері «Мен Қажымұқанның мықтылығын Омбы циркінде көрдім. Теміржол рельсін түрегеп тұрған қалпында иығына теңдей артып, екі басына он-оннан жиырма кісі мінгізгенде, рельстің екі жағы майысып, иілген бастары жерге тиді. Жуандығы білектей жұмыр темірді беліне орап, қайта жазды. Шалқасынан жатып, төсіне жалпақ қалың тақтайды көпір қып төседі де, екі қолымен екі тізесін көпір қып, «көпір» арқылы пар атқа жегілген әрқайсысында 100 пұттан екі-үш арба өткізіпті. Сондай-ақ, Қажымұқан атамызбен қатарлас өмір сүрген тағы бір алып күш иесі Қайдар Оспанов вагонның 1600 келі болатын кір тасын көтерген екен. 1899 жылы Балуан Шолақ 51 пұт немесе 830 келі тұратын кір тасын көтерген.
Мұндай жігіттер мүлдем жойылып кетпегені қуантады. Биылғы жылғы Наурыз мерекесінде Жалағаш ауданының азаматтары – Нұрлан Сенбеков пен Дархан Бәкіров елді таң-тамаш етті. Алғашқысы 130 келі болатын тас пен 160 келі болатын тайды көтерді. Ал Ақсу ауылының азаматтары Дархан Бәкіров ішінде адамдары бар «ГАЗель» көлігін 40 метрдей жерге сүйреді. Күнделікті спортпен кәсіби түрде айналысып жүрмеген жігіттер үшін осының өзі аз көрсеткіш емес.  Әрине, мұндай азаматтар еліміздің кез-келген аймағында кездеседі. Бірақ, оларды біз қаншалықты насихаттай алып жүрміз? Бізді осы жағы ойландырып отыр.
Рас, ауыр атлетика спортында ауыр салмақты қиналмай көтеріп жүрген жігіттер баршылық. Қазақстан тарихында екі мәрте Олимпиада алтынын алған Илья Ильин, оның замандасы Алмас Өтешов және өзге де өрендеріміз өнеге етіп көрсететін азаматтарға айналды.
Біздің бұл мәселе салғырт қарауымызға болмайды. Ұрпақ денсаулығы біз үшін аманат. Ешкімнен кем болғымыз келмесе, денсаулық мәселесіне ден қойып қарайық...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста