Бразилияға бару үшін қандай құжаттар қажет?

©voxpopuli.kz фото

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм комитеті ҚР Сырты істер министрлігімен бірлесе отырып, Бразилия жерінде өтетін әлем чемпионатына баратын қазақстандық жанкүйерлер үшін ескертпе жасады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Бірінші кезекте Бразилияға баратын Қазақстан азаматтары туристік виза жасату керек. ҚР СІМ мәліметі бойынша, қолында әлем чемпионатына арналған билеті бар, немесе билетке тапсырыс беріп қойған болса, онда визаны қалыпты жағдайда ала алады. Олар үшін елшілік тарапынан артық ешқандай құжат жинаудың қажеті жоқ. Виза тапсырыс берген уақыттан бастап 14 күннің ішінде дайын болады.
Туристік виза жасау үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1. Төлқұжаттың түпнұсқасы (құжаттың жарамды мерзімі алты айдан көп болуы шарт). Виза үшін құжаттың екі беті таза болу керек;
2. Ақ түске түскен 3,5 х 4,5 көлеміндегі бір сурет;
3. Ағылшын тілінде толтырылған визалық анкетеның дәлелдемесі (растау);
4. Бару және келу биллеттерінің көшірмесі. Виза шыққаннан соң елшілік билеттерді сұрауға құқылы, сонымен қатар Бразилияда тұратын қонақүй билетінің көшірмесі.
5. Борышын төлей алатындығы туралы анықтама.
6. Елшіліктің қызметіне төленген ақшаның чегі;
7. 18-жасқа толмаған азаматтар үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі керек (наториальды бекітіліп, ағылшын немесе португал тіліне аударылған);
8. Кәмелетке толмаған, бірақ ата-аналарынсыз Бразилияға бара жатқан азаматтар үшін ата-ананың баруға рұқсат етіліп, нотариальды бекітілген құжаттары керек. (ағылшын тіліне аударылған);
9. Бразилия елшілігі қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды да сұрауы мүмкін.
Бразилияға баратын азаматтар үшін виза 90 күнге жарамды. Бұл елдің аумағына кірген сәтте құжат міндетті түрде тіркелуі қажет. Ал, 90 күнге қаламын деушілерге өздерінің визаларын Бразилияның федеральды полициясынан создыруға болады. Бірақ, оны міндетті түрде визаның жарамдылығына 30 күн қалғанда жасату керек. Құжаттарды үшінші адам арқылы тапсырып жатқан азаматтарға міндетті түрде нотарильді бекітілген сенім хат керек. Құжатты почтамен жіберу немесе қабылдау тапсырыс берген азаматтың атынан жүргізіледі. Қосымша ақпараттарты ҚР Сырты істер министрлігінен алуға болады.
Әлем чемпионатына баратын қазақстандық жанкүйерлер үшін сары безгек ауыруына қарсы дәрі егілу міндеттелмеген. Дегенмен Амазонас ("Амазония" стадионы, Манаус), Мату-Гроссу ( "Кастелан" стадионы, Куяба), Федеральды аймақ (елдің астанасы Бразилия), Акри, Амапа, Гойас, Мараньяу, Мату-Гроссу-ду-Сул, Пара, Рондония, Рорайма және Токантинс штаттарына баратын жанкүйерлер жұқпалы аурулардан сақтану үшін алдын-ала шаралар қолданғаны абзал. Дәрі егілу үш жас пен үш ай аралығындағы жас балаларға мәндеттелген.
Бразилия аумағында Қазақстан елшілігі бар. Мекен-жайы: Бразилиа қаласы, DF,LagoSul,SHIS QI 09, conjunto 3, 8 үй, телефондар: (+55) 061 3879 4602, (+55) 061 3879 4603, факс: (+55) 061 3879 4604.
Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты Бразилия басшылары стадион маңы мен әуежайда уақытша сот орындарын ашады. Олар дау туғызған сауалдар мен құқық бұзушылықты қарастырады. Одан бөлек бұл елдің 12 қаласында әдеттегідей соттар жұмыс істейді.
Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты Бразилия басшылары заң ешқандай мейірімділік танытпайтындығын ескертеді. Бірінші кезекте ол ФИФА тауарларын заңсыз пайдаланған тұлғаларға қатысты болады. (Мұндай жағдайда айыпталушы бір ай мен бір жыл аралығында қамауға алынады). Сондай-ақ, стадионға кіру барысында түрлі алаяқтық жасағандар (2-4 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін); стадионның жабық аймағына өтіп кету, адамның денесіне жарақат алып келетін заттарды стадионға алып кіру (1-2 жыл); педофилия, 14 жасқа толмаған азаматтармен жыныстық қатынасқа түсу (6-15 жыл), наша сақтау немесе оны тарату (5-15 жыл), автөлікті мас күйінде жүргізу (3 жыл), қызметтегі адамға пара беру (2-12) сынды құқық бұзушылықтар қатты қарастырылған.
Айта кетейік, ҚР Сырты істер министрлігінің ақпараты бойынша, қазір уақытта Бразилияға баруға ниет білдірген 500-600 адам тапсырыс берген екен. Алдағы уақытта бұл тізім 3-4 есеге арттуы мүмкін дейді ведомствада.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста