Бенземаның жейдесін қазақ ұланы киді

Теңбіл допқа көз тіккен жұмыр жердің жанкүйерінің назарына Бензема Кәрім Мұстафаның іліккелі көп болған жоқ. Бірақ, жасыл алаңда «бидайықтың көл жайқаған жалғызындай» самғайтын Кәрім бірнеше жылдың ішінде әлемге әйгілі сұрмергендердің қатарынан ойып тұрып орын алды.Осы күні Кәрім Бензема есімі ауыздан түспей тұр. Ал, Франция құрамасының орталық шабуылшысы, әрі Испанияның атақты «Реал Мадрид» клубының сұрмергені Кәрім туралы біз не білеміз? Ғаламтордағы Бензема туралы ақпараттарды екшей келе оқырмандарымызға тепкен добын атқан оқтай зулатқан Кәрім футболшыны таныстырып көрелікші.

СҰРМЕРГЕННІҢ СҮРЛЕУІ
СұрмергенКәрімнің жасыл алаңдағы сүрлеуіне үңіліп көрсеңіз оқып отырып шаршағандай күй кешесіз. Кәрім теңбіл допты тебуді сегіз жасында аудандық «Брон Терралион»клубында бастапты. Қаршадай қара баланың тұлпарлығын тай күнінен таныған бапкері – Серж Патриарка. Серж бапкердің тәлімін алған Кәрім тоғыз жасынан «Лион» клубына қабылданады. «Лион» клубы дегеніңіз, екінің біріне ен таға бермейтін, екпіндінің өзіне есігін сараң ашатын клуб. Бәсекелестігі күшті ортада жас жеткіншектің жалғыз жылда жасындай жарқылдап көзге түсуі де сирек құбылыс. Кәрім «Лион» сыншыларын да сүріндірмеді. Оқудан озат шықпаса да, алаң төсінде құлдыраң қаққан қара баланың бойындағы еңбекқорлықаталмыш клубтан табан аудартпады. Өсті, жетілді, шеберлігін шыңдады. Жасөспірім, жастар және ересектер құрамасында «Лион» клубының намысын қорғады. Қолқа салғандар көп болғанымен, қашан «Реал Мадрид» клубына ауысқанша Кәрім өзін тәрбиелеген ортаданбасқа жаққа жалтақтаған жоқ. Әйтпесе, футбол марқасқаларының көзіне Кәрім ерте шалынды. Бозбала футболшы бүтін Франция көлемінде ойынның басынан соңына дейін талмай шабатын жүйріктігімен, ең көп жүгіргіштігімен танылды. Ол аз десеңіз, «Лионның» жастар құрамасында жүргенінде бір маусымда 38 гол соғып, талайды тамсандырғаны тағы бар.Он жетісінде жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы атанып, француз жанкүйерлерінің үмітін үкілей түсті. Мақтауға сараң жасөспірімдер бапкері Филипп БержероныңКәрім туралы жылы лебізін жиі айта бастағаны сол кез.2004 жылдың желтоқсанында ол «Лионның» негізгі құрамына қабылданады. Сол тұста ғой, Кәрімнің құрамадағы сақа ойыншыларды састыратын сөзді айтқаны. Оқиға былай болған. «Лиондағы» қалыптасқан дәстүр бойынша командаға қабылданған әр жас өзін таныстырарбірер сөз айтуы тиіс. Соны айтпаққа оқталған Кәрім топ ортаға кіріп келсе, тыриған арық бозбаланың ұсқынына құраманың Эрик Абидаль, Джованни Элбер, Сильвен Вильтор, Майкл Эссьен, Флоран Малуда и Мамаду Диарра сынды азулылары мырс-мырс күлсе керек. Сонда еш саспаған Кәрімнің: «Мен осында сендердің орындарыңды ауыстыру үшін келдім. Күлкілеріңді жинай алмассыңдар әлі!» деген сөзі сабаздардың дабырасынсол сәтте сап тиыпты дейді. Бозбаланың бұл сөзі күні бүгін аңыздай болып айтылады.
Шынында да Кәрім кілең қабыланның ортасына түсіп, айналасы аз жылдың ішінде француздың футбол жұлдызы атанды. Ақпараттың сүт бетіндегі қаймағы – Бензема болды. Есесіне,сұрмергенге сырт елдердің сұқтануы көбейіп, қаптаған қолқа салушылардыңқақ басында атақты «Ливерпуль», «Ювентус», «Челси», «Реал» сынды клубтар тұрды. Ақырында, Бенземаның ықыласы «Реалға» ауып, 2009 жылы жазда алты жылдық келісім-шартпен ауысты. Бенземаның осы кездегі жылдық табысы - 6,5 миллион еуро. Бірақ, әлем чемпионаты жалау көтерген тұста француз футболшысы туған елінің туы астынан табылудан жаңылған емес. Биылғы әлем чемпионаты басталысымен Гондурастың қақпасына қатарынан қос гол соғып, Францияның мерейін тасытқан,«жейдесі 9-шы нөмірлі» осы Бензема еді ғой. Испания клубына ауысқанға дейінгі Кәрімнің иеленген атақтары атан түйеге жүк боларлық. Түгел тізсек, таңға созылатын жыр. Түйіндей айтсақ, Францияның бірнеше дүркін чемпионы, ең үздік сұрмерген сияқты атақтарымен қоса, Бензема «Лионның» тарихына 66 гол соққан сирек ойыншы ретінде тіркелген!
Бенземаның «Реалға» ауысуы испандықтарды селт еткізбей қалған жоқ. Жаңа шабуылшыны салтанатты таныстыру кезінде-ақ «Сантьяго Бернабеу» стадионына 20 мыңға жуық жанкүйердің жиналуы – Кәрімнің қадірінің қандай деңгейде екендігін аңғартса керек. Бұл командада Бенземаға бұйырғаны – 11-ші нөмірлі жейде. Негізінде «Реал Мадрид» тарихына үңілсек, Кәрім Франциядан испандықтардың намысын қорғауға барған он бесінші футболшы екен. Барған бетте қамал бұзар қайрат көрсетпесе де, Бенземаға деген ел ықыласы төмендеген жоқ. Әйгілі шабуылшы Гонсало Игуаинныңжарақатына байланысты ойыннан шеттеуі Бензема жұлдызының жарқырауына себеп болғандай еді. Ақырында, «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуриньюнің үміті ақталып, француздық шабуылшы соңғы жылдарда әр ойында ең кемінде бір гол соқпай, жанкүйердің айызын қандырмай алаңнан кетпейтін нағыз сүйікті футболшы атанды.

БЕНЗЕМАНЫҢ ЖЕЙДЕСІН ҚАЗАҚ ҰЛАНЫ КИДІ
Бенземаның туған жері Франция болғанымен, оның түп негізі, шыққан ортасы – алжирлік мұсылмандар. Бұл орайда, тағы бір француздық атақты футболшы Зинедин Зиданмен Кәрімнің тегі бір.Екеуінің де ұлты – кабил. Кезінде Кәрімнің талантына тәнті болған алжирліктер де ұлттыққұрамада ойнауға ұсыныс жасаған. Алайда, оларға Кәрім: «Рас, ата-анам Алжирде дүниеге келген. Алжир – Отаным. Оны жүрегімде мәңгі сақтаймын. Бірақ, мен Францияда тудым. Сол себепті, футболдан тек Франция құрамасында өнер көрсетемін» деп ұтымды себеп айтып құтылыпты.Бенземаның бұл жауабын француз баспасөзі әлі күнге әлемге жалаулатып жүр.
Хош, даңқы жер жарған футболшы туралы деректі осы тұстан түйіндесек те болар еді. Ниетіміз жастардың жігерін қайрау-тын. Күндердің күнінде Бенземадай сұрмерген қазақ топырағынан да танылып жатса,кәне! Үмітіміз зор. Жақында жағымды жаңалық жария болды. Кейіпкерімізге қатысты болған соң оны да ортаға салуды жөн көрдік. Әлем чемпионаты алдында Бразилиядағы Рибейро-Прето қаласында Франция командасы жаттығу өткізеді. Жаттығуды көруге мыңдаған жанкүйер жиналған. Соның ішінде «Оле-Бразил» футбол академиясындаоқитын қазақстандық жастар да бар. Жаттығу аяқталысымен алаң шетіне келген Бензема өз жейдесін естелік үшін көрермендерге лақтырған. Қызық болғанда, даңқты шабуылшының жейдесі біздің жас футболшымыз Айсұлтан Сейдахметтің қолына дәл түсіпті. Айсұлтан бауырымыз футболға шын берілген әулеттен шыққан ұлан. Әкесі Нұрлан Қожабергенов Жетісу футболына еңбегі сіңген азамат. Ал, ағасы Асқар Сейдахметұлы Қожабергенов қазір «Қайсар» футбол клубының аға жаттықтырушысы.
Әйгілі шабуылшы Бенземаның жейдесі мың адамның арасынан футболшы болсам деп талап қылған Айсұлтан бауырымыздың қолына түсуі ғажап-ақ. Көкейімізді «бүгін желаяқ ойыншының жейдесін киген Айсұлтан күні ертең Бенземаның ойын өрнегін қайталап жатса керемет қой» деген тәтті қиял кернеп жатыр. Солай болғай деп тілейікші...

Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ

«Қазақ спорты» газеті

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста