Белдесулер сахнадағы қойылымнан басталды

Белдесулер сахнадағы қойылымнан басталды

Семейде грек-рим күресінен Қазақстан кубогы сарапқа салынды. Кубок жолындағы белдесулер Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Болат Тұрлыхановтың мемориалы ретінде ұйымдастырылды.
Семейдегі бозкілем бәсекесі бастал­мас бұрын осы сынға келген жат­тық­тырушыларға, спортшыларға және құр­метті қонақтарға арнап жергілікті ре­жиссердің «Мұзбалақ» атты қойылымы көрсетілді. Жергілікті театр актерлері ой­наған бұл спектакль қазақ жеріндегі спорт тақырыбына арналған алғашқы қо­йылым көрінеді. Бұл спектакль даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың спорттық ғұмырының тарихына негізделген. Кө­рер­мендерге ерекше ұнаған тартымды көрініс Дәулет Тұрлыхановтың Сеул Олимпиадасында Оңтүстік Корея балуаны Ким Ен Наммен күрескен финалдық белдесуі болды. Көрермендердің атынан театр қайраткерлеріне алғысын білдірген Дәулет Болатұлының анасы Мәрзия Айтбайқызы актерлердің кейіпкерлерді айнытпай сомдағандарын айрықша атап өтіп, оларға шығармашылық табыс тіледі.
Ал ел кубогын сарапқа салуға елі­міз­дің барлық аймағынан грек-рим күре­сіндегі үздік балуандарымыз келді. Тек ұлттық құрама сапында Гуанчжоу кіле­мінде белдескен жеті жігітімізге осы сын­ға қатыспауға рұқсат берілсе, есесіне биыл ғана жастар сапынан ересектер құра­масына өткен балуандарға өз шеберліктерін мамандар алдында паш ету үшін мүмкіндік беріліпті. Жастар арасында әлем чемпионы атанған Артур Үмбетқалиев ең жеңіл салмақта белдесіп, финалға дейін алқынбай жетті. Бас жүлде жолындағы текетіресте оны биыл Мәскеуде өткен әлем чемпионатында белдескен Жанкелді Әзікенов тосып тұрған. Екеуара белдесу өте шиеленісті өтті. Бір жарым минут бойы ұпай ала алмаған қос балуанның біреуін төреші төрттағандатты. Көк киім кигендіктен, бірінші Әзікенов төрт­тағандады. Оны бозкі­лемнен жұлып ал­­ған Үмбетқалиев екі ұпай еншіледі. Үзі­ліс­тен ке­йін Үмбет­қалиев «ко­чер­га» әдісін қол­да­нып, қар­сыла­сын иы­ғынан асыра лақ­тырды. Үш ұпай алуы тиіс еді, бірақ оны төреші ес­еп­ке алған жоқ. Қайта Әзікенов таразы басын теңес­тірді. Әйтсе де ше­шуші кезеңде ширақ қимыл­дай білген Артур Үмбетқалиев жеңіске жетті.
66 келіде Сағи Исаев пен Ербол Қоңыра­тов бас жүлдені са­рапқа салды. Бірнеше ха­лықаралық сында
жүл­деге ілінген Ербол Қоңы­ратов екі кезеңде өз басымдығын бай­қатып, бірінші орын алды. Ал 84 келіде есім­дері аса елге таныла қоймаған Жанарбек Қабдолов пен Шың­ғыс Сыздықов финалда бел­десті. Екі кезеңде ұпай санымен Қабдолов жеңіске жетті. Ал аса ауыр салмақта Әбдімәлік Сартбаевқа тең келер ешкім болмады. Ол финалда Бағлан Будановты ұтты.
Ал ел кубогы жолындағы екінші белдесулер күні тағы үш салмақта жеңім­паздар мен жүлдегерлер есімдері белгілі болды.
60 келіде кілем иесі Бекжан Жарболов пен тәжірибелі балуан Ербол Қалабаев бас жүлдені сарапқа салған. Екеуара тартысты өткен белдесуде жеңімпаз тек үшінші кезеңде ғана анықталып, бір ұпай артық еншілеген Бекжан Жарболов жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 74 келіде белді балуан Асхат Ділмұхамедовті жас буын өкілдерінің бірі финалда қапы қалдырып кетті. Бұл салмақта Мақсат Ережепов кубок иегері атанды. Ал 96 келіде Марғұлан Әсембеков үздік шықты. Ол финалда кілем иесі Серікжан Әлібаевты жеңді. Соңғы шешуші кезеңде Марғұлан қарсыласын өзінің әдісіне салып, кеу­десінен асыра бірақ атты.
Енді әлемдік тәжірибеге сәйкес, ел чемпионаты үш күрес түрі бойынша бірігіп өтетін болды. 2011 жылғы ел чемпионаты Орал қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен наурыздың соңы мен сәуірдің басында өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста