Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы парадзюдодан командалық есепте Азия Чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айналым жүйесімен өткен жарыс барысында жерлестеріміз Өзбекстан және Үндістан құрамасын жеңді.
Осылайша, еліміздің құрамасы сары құрлық біріншілігінде 6 алтын, 4 күміс және 6 қола жүлде еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орын алды.