«Азия балалары» ойындары: Қазақстан құрамасының қоржынында 2 жүлде бар

Бүгін Кузбастағы қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындарында Қазақстан құрамасының 2 спортшысы тұғыр биігіне көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.  
 

Шорт-тректен 1500 метрге қыздар арасындағы жарыста Малика Жолтабар қола алса, ұлдардан осы қашықтықта Мейіржан Төлеген күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 2 финалға 3 қазақстандықтан шыққан. Қыздар арасында Нұрия Алпысбай 4-ші, Айсара Лабиб 5-орыннан көрінді. Бұл жерде Мәскеу құрамасының шорт-трекшісі Анастасия Баранова жеңіске жетсе, күміске Орал федералды округынан келген Ксения Прибятова ие болды.
Ұлдар арасында (1500 м) Әліби Әлімгереев 5-ші, ал Ерасыл Шыңғысхан 6-шы болып мәре сызығын қиды. Мұнда алтын мен қола Мәскеу құрамасының спортшылары Андрей Петров пен Владимир Панферовтің еншісінде.

Сондай-ақ бүгін 3 мың метрге аралас эстафета өтіп, Қазақстан құрамасы финалға дейін жетті. Алайда жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.
Қазір Қазақстан делегациясы жалпы есепте 1 күміс, 1 қоламен 3-орынға жайғасты. Ертең шорт-трекшілер 500 және 1000 метрде үздіктерді анықтайды. 


Сонымен қатар:
-шаңғымен тұғырдан секірушілер «Азия балалары» ойындарындағы алғашқы жүлде жиынытығын сарапқа салады;
-хоккейден Ұлттық құрама Кузбасс аймағының командасымен ойнап, плей-офф жолдамасының иегерін анықтайды;
-қыздар 5 шақырымға шаңғымен жарысады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста