Ауыр атлетика федерациясы допинг дауына қатысты пікір білдірді

Ауыр атлетика федерациясы спортшыларының допинг қолдануына қатысты пікір білдірді. 

2022 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығының тәртіптік комиссиясының келесі спортшыларды шеттету туралы шешімі шықты: Әуелханов Абылай (4 жыл), Сон Игорь (8 жыл), Потасова Юлия (4 жыл), Чалкарова Руфина (4 жыл), Дроздов Алексей (4 жыл), Макрушин Матвей (2 жыл).

– Бұл допинг-бақылау ішкі, яғни қазақстандық допингке қарсы орталық жүзеге асырғанын және оның нәтижелері Федерация үшін де, құраманың басқа мүшелері үшін де ешқандай салдарға әкеп соқпайтынын атап өткім келеді. Алайда, допинг қолданғаны үшін шешімдер WADA Кодексіне және Халықаралық ауыр атлетика федерациясының допингке қарсы ережелеріне сәйкес қабылданады.

Сонымен қатар, бұл жарыстан тыс бақылау спортшылар қатысқан халықаралық старттардан алты ай өткен соң қабылданды, сондықтан олардың нәтижелерін жою немесе медальдарды қайтару туралы мәселе туындамайды. Бұл әсіресе Игорь Сонның олимпиадалық сыйлығына қатысты ерекше атап өткім келеді.

Федерация допингтің кез-келген көрінісіне нөлдік төзімділік принципін ұстанады. Тұрақты режимде допингке қарсы ережелер бойынша хабардар ету, сондай-ақ халықаралық жарыстар қарсаңында ұлттық құраманың барлық мүшелерін бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл, ең алдымен, халықаралық деңгейде бұзушылықтардың алдын алу үшін қажет, өйткені Олимпиадалық біліктілік жүйесі ел спортшылары 3-тен астам тәртіп бұзушылық жасаған жағдайда, бүкіл команданы шеттетуді қарастырады, – деді ҚР ААФ Бас хатшысы Алдияр Нұралинов.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 9 ақпанынан 2 наурызына дейін ҚазДҚҰО жарыстан тыс допинг-бақылауы шеңберінде ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларына ауыр атлетикадан тестілеу өткізді, оның қорытындысы бойынша оң допинг-сынамалар анықталды.

 nege.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста