ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Астанада 2023 жылғы күрес түрлерінен Азия чемпионатының өтетіні ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның астанасында 2023 жылдың 9-14 сәуірі аралығында ірі турнир өтпек.
Оған Азияның белді балуандары қатысады. Жарыс бағдарламасына грек-рим, еркін және әйелдер күресінен медальдарды тарту рәсімі кіреді.
Айта кетсек, Кувейтте өткен мылтық атудан Азия кубогында қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алған болатын.