Астана төрінен төрт алтын аламыз

Астана төрінен төрт алтын аламыз

Алдағы сенбі күні Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты басталады.
2010 жылдың қаңтарында Қытайдың Ксимень қаласында өткен АИБА жиынында атқару комитетінің мүшелері әлем чем­пионатын өткізуге үміт білдірген бес қаланың ішінен қазақтың елордасы Астана қаласын таңдап алған болатын. Сол жиын­да жеңіске жеткен қазақ елін құттықтаған АИБА президенті Чин Ко Ву мырза: «Мен Астанада үш мәрте болдым, келген сайын жас қала құлпырып тұрады. Әлем чем­пионатына келген спортшылар мен қонақ­тар да өз таңданыстарын жасыра алмайды деген ойдамын. Қазақ елінің бас қала­сындағы осынау дүбірлі бәсеке жоғары деңгейде өтетініне сенімім мол», — деген еді.
Содан бері қарай ҚР Бокс федерациясы аталмыш біріншілікті ойдағыдай етіп өткізуге жан-жақты дайындалып жатыр. Ұлт­тық федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, Астанаға 51 мемлекеттен 600-ге жуық балғын былғары қолғап шебері кел­мек. Қазақ елінің намысын 13 салмақ дә­режесінде еліміздің ең үздік жас талант­тары қорғайды.Олар: Олжас Қалаубек (46 келі), Заңғар Темірхан (48 келі), Әлібек Бассапа (50 келі), Рауан Затулла (52 келі), Бекжан Қибетқалиев (54 келі), Еркебұлан Ермеков (57 келі), Аян Қалибеков (60 келі), Қайыргелді Дәуітбек (63 келі), Ақылбек Әділғалиев (66 келі), Әділет Орынбасаров (70 келі), Асқар Дүйсалы (75 келі), Тілек Қозыбақов (80 келі), Дидар Төлеген (+80 келі).
Сұлтан Костоевтан тәлім теретін жасөспірімдер қазір Астанадағы Бокс федерациясының базасында дода ал­дындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. 10 шілдеде басталған жаттығу жиы­ны негізінен боксшылардың техни­калық шеберлігін арттыру мен тактикалық жұмыстарға арналған. Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құрамаға алдағы Әлем біріншілігінде жалпы командалық есепте жеңіске жету туралы тапсырма жүктеді. Сондықтан балғын боксшылардың мойнында үлкен жауапкершілік тұр.
Сұлтан Костоев кезінде жастар құ­рамасына аға бапкер болған тұста жастар арасында Геннадий Головкин, Серік Елеуов Қанат Ілиясов секілді әлем чемпиондары шыққан еді. Ал Бекзат Саттарханов болса Сидней Олимпиада­сының алдында жастар арасында Әлем біріншілігінің күміс жүл­дегері атанды. Артынан жасыл құрлықта Олимп шыңын бағындырды. Әзірге қазақ ұландарының Олимпиада ойындарында ең жоғары жетістікке қол жеткізген тұсы да осы болып тұр. Енді биыл күзде Бакуде Лондон Олимпиадасының лицензиясы үлестірілетін Әлем чемпионаты өтеді. Сол сында жігіттерімізге жеңіс тілейміз.
Сонымен, қазақ елінің елордасында керілген шаршы алаңда біздің қаракөз ұландарымыз жерге қаратпайды деген сенім мол. Өз ұлдарыңызды қолдау үшін, құрметті жанкүйер қауым, «Қазақстан» ұлттық арнасының кешкілік эфирін қалт жіберіп алмаңыздар. Шілденің 23-і мен 30-жұлдызы аралығында ұлттық арна Астанадағы әлем чемпионатынан өз репортаждарын жүргізетін болады.
Сұлтан КОСТОЕВ, Жасөспірімдер құрамасының аға бапкері:
— «Әлем чемпионаты Қазақстанда тұңғыш рет өтетіндіктен, жүйкеге түскен салмақ тым ауыр. Бізде бала­лар­ды жігерлендіріп, «бар күш-жігерің­ді аяма, бар өнеріңді көрсет» деп жатырмыз. Әлем чем­пионаты алдында үш халық­аралық турнирге қатысып, төрт бірдей оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Бәрі ойда­ғыдай болса, төрт алтын медаль аламыз деген ойдамыз. Бірақ бәрін ринг шеше­тіндігін естен шығарма­ңыздар. Жалпы, мен өзім жорамал жасағаннан аулақпын. Бірақ үміт артатын жігіттер бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста