Қазақтың көпшілікке кеңінен таныма таэквондошы тарланбозы Арман Шылманов WTF (Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының) Атқару комитетіне мүше болып сайланды, деп сүйінші сұрайды "Алаш айнасы".
Бұл қуанышты хабарды Қазақстан таэквондо федерациясы таратты. Бутанда өткен Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының (WTF) кезектен тыс басқосуында осы ұйымның президенті, доктор Чунг Вон Чо Арман Шылмановтың қолына WTF Атқару комитетінің мүшесі сертификатын табыс еткен. Арман бұл лауазымға екі жылға, яғни 2016 жылғы Рио-де-Жанайро ОЛимпиадасына дейін сайланды
Сөйтіп, Арман WTF-тің барлық қаблданатын шешімдеріне ресми түрде дауыс беру құқығына ие болды. Ол енді Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының барлық басқосулары мен сайлауларына қатысатын болады.
Қазіргі таңда WTF басшылары жекпе-жек ережелеріне өзгерістер енгізумен және өз құрамына осы спорт түрімен шұғылданатын басқа да елдерді көбірек тартумен айналысуда екен.
Өздеріңіз білесіздер, Арман Шылманов – әзірше Олимпиада ойындарынан жүлде алған жалғыз отандасымыз. Қазір ол Қазақстан таэквондо федерациясының (WTF) спорттық директоры және мемлекеттік жаттықтырушысы болып қызмет етеді.
Енді бір көңіл аударарлығы, Арман Шылманов – WTF мүшесі болып отырған алғашқы жерлесіміз. Бұған дейін Қазақстан таэквондосының қайраткерлері тек Азия одағы құрамында ғана болған.
Арман Шылманов – Бүкіләлемдік таэквондо федерациясындағы алғашқы қазақ
Последние статьи автора