Грек-рим стиліндегі күрестен жаңартылған UWW әлемдік палуандар рейтингі жария болды. Рейтинг тізімінде алты қазақстандықтың есімі жазылған. 59 келіде өнер көрсететін Алмат Кебіспаев — 19-шы орында. Демеу Жадырәлиев (66 келі) — 12-шы орында және осы салмақтағы Айбек Еңсеханов — 17-ші орында. Ал Асхат Ділмұхамедов (80 келі) - 14-ші орыннан көрінсе, 85 келіде күресетін Нұрсұлтан Тұрсынов — 19-шы орынға тұрақтады. Қазақстандықтар арасында ең үздік көрсеткішке ие болған ауыр салмақтағы палуан Нұрмахан Тінәлиевтің 5-ші орында тұр.
khabar.kz