Әлем чемпионын өлтіріп кеткен сәтінің видеосы жарияланды
Дағыстанның Дербент қаласында грэплинг пен ММА-ден NFC лигасының президенті 36 жастағы Видади Мардановты атып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы 112 телеграм арнасы хабарлады.
Грэплинг пен джиу-джитсудан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы үйінен таңғы төртте біреумен сөйлесуге есік алдына шыққан, одан кейін өлі табылды.
Кейін Желіде Мардановты қалай өлтіргенінің видеосы жарияланды. Онда шабуылдаған екі адам Видадиді жерге құлатқаны көрінеді. Кейін төбелеске қатыстылардың бірі аңшы мылтығынан жерге атады, алайда оқ асфальттан тайқып Мардановқа тиеді.
Қазіргі таңда 27 жастағы күдікті ұсталды. Ал оның қасында болған адам қашып жүр. Тергеу жанжал себебін анықтап жатыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу