2023 жылғы Қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты басталатын уақыт жарияланды

2023 жылғы Қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты басталатын уақыт жарияланды

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтетін 2023 жылғы Қысқы Универсиаданың салтанатты ашылуы қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

XXX Қысқы Универсиаданың ресми ашылу салтанаты елорда уақытымен 05:50-ге белгіленген. Аталған шара «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынайды. Олар шаңғымен жарысу, шорт-трек, биатлон, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру, қоссайыс, шайбалы хоккейден жарыс жолына шығады.

Қазірге дейін қазақстандық спортшылар барлығы 107 медальға ие болды. Олардың 20-ы алтын, 40-ы күміс, 47-і қола медаль. Бұл жөнінен жалпы командалық есепте 107 мемлекеттің арасында 35-орында тұр. Көш басында АҚШ, Қытай, Ресей спортшылары келеді.

Бұған дейінгі универсиадаларда қазақстандық студенттер 2017 жылы жоғары нәтиже көрсетті. Еліміздің Алматы қаласында өткен бәсекеде олар 11 алтын, 8 күміс пен 17 қола олжалады. Нәтижесінде барлығы 36 медальмен Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орын алды.

Универсиада ойындарының тарихы 1924 жылдан бастау алады. Ол 1959 жылға дейін бүкіләлемдік университет ойындары аталып келді. 1959 жылдан бастап универсиада болып танылды.

Дүбірлі доданы тікелей эфирде көрсету міндетін «Qazsport» телеарнасы өз міндетіне алып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста