"Жылына 2,3 миллиард теңге салық төлеген". Тағы бір зауыттың басына қара бұлт үйірілді

"Жылына 2,3 миллиард теңге салық төлеген". Тағы бір зауыттың басына қара бұлт үйірілді

Қызылорда облысында 650 шақты адам жұмыссыз қалмақ. Тұрақты жалақы, әлеуметітк көмекпен қамтылған ауыл тұрғындары енді түгелдей табыстарынан қағылуға шақ тұр. Редацияға шағымданған жұмысшылар мен зауыт өкілдерінің мәліметінше, өндіріс ошағы кезінде шетелдік инвесторлардың қаражаты арқылы тікелей әкімдіктің қолдауымен ашылған. Өндіріс орны Орта Азия көлемінде ірі цемент зауыттарының бірі, сапа мен сұраныс жағынан бірегей саналады. Жылына бір миллион тонна цемет шығаратын зауыттың ашылуы Үкімет тарапынан да жоғары бағаға ие болған. Алайда, арада небәрі үш жыл өткенде 64 миллиард теңгеге ашылған зауыт жабылып тынбақ. Azattyq Ruhy тілшісі  халықаралық деңгейдегі ірі жобаның аяқ асты қиындыққа тап болу себебін анықтап көруге тырысты.  

«2018 жылдан бері осында жұмыс істеп келе жатырмын. Жергілікті жердің 60 жігіті Қытайға барып оқып келдік. Қазіргі таңда электр инженері қызметіне дейін көтеріліп, жұмыс істеп жатырмын. Қазір бұл зауытта 650 шақты адам жұмыс істейді. Экологиялық мәселелер айтылып жатыр ғой. Бұл жерде бәрі жаңа технологиямен қамтамасыз етілген, электро фильтрден өтеді. Шаң шығып жатқан жоқ. Зауыттың жабылуына қарсымыз. Қаншама адам жұмыс істеп жатыр ғой осында, отбасын бағып отыр. Мұндағы мамандардың 90 пайызы жергілікті тұрғындар. Әріптестерміз жаңа технологиямен танысып, үйреніп жатыр. Қытай мамандарынан үйреніп жатыр. Осындай зауыттар керек. Өндіріс өркендеп келе жатыр. Қазіргі таңда Шиеліден цементтің бағасы тұрақты. Бұрын сырттан, басқа қалалардан келетін цемент. Қазір жаңадан ангар салынып жатыр, оған тас, құм тасылып жатыр. Құдай қаласа, биыл құрылысы бітеді деп жатыр. Одан басқа жерден шаң шығып жатқан жоқ. Фильтрден өтеді ғой. Тас таситын ауыр жүк көліктері бар. Олар да зауытқа тас тасып, нәпақасын тауып жатқан адамдар. Сол сияқты ауданға тигізіп жатқан пайдасы көп. Төңкеріс ауылына да көмектесіп жатыр. Мәселе оң шешіледі деп үміттенеміз», - деді зауыттың инженері Абзал Алдажұмаров.

«ЖЫЛЫНА 1 МИЛЛИОН ТОННА ӨНІМ ШЫҒАРАДЫ...»

Қызылорданың Шиелі ауданынан әкімдік арнайы индустриалды аймақ ретінде жер де бөліп берген. Зауыт Шиелі ауылынан 500 метр қашықтықта. Санитарлық бақылау департаменті, өзге де құзырлы мекемелердің рұқсат құжаттарын толықтай алған. Арнайы лицензиясы болғандықтан, өнімді экспорқа да шығарады. Алыс болса да теміржолды инвесторлар өздері салдырған. Өзге жақтан келетін жұмысшылардан басқа ауылдағы 85 адам зауытта жұмыс істейді.

«Зауыт құрылысы 2019 жылы басталды. Құйылған инвестиция көлемі 64 миллиард теңге. Зауыт ашылғалы бері мемлекеттік бюджетке 6 миллиард теңгеден астам салық төледі. 650 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Айта берсек, зауыттың жақсылығы көп. Халыққа әлеуметтік көмек беріп жатырмыз. Елге инватакси, жедел жәрдем көлігін алып бердік. Пандемия кезінде көмектестік. Балаларға 150-ден астам планшет алып бердік. Жылда қыста әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмір, азық түлік біздің мойнымызда. Жалақы уақытылы әр айдың 25-і күні түсіп отырады. Сыйақы беріледі. Зауытқа қазір 3 жыл болды. Зауыт толыққанды жұмыс істеп жатыр. Жылына бір миллион тонна цемент шығарып келсе, биылғы жарты жылдықта өнім бір милллион тоннаға бірақ жетті. Өзбекстан жылына үш жүз мың тонна цемент алады. Бұл жерде тампонажды цемент шығарылады. Ол мұнай ұңғымаларының орнын және уранның орындарын  жабуға жарайтын сапалы дегенді білдіреді. 15 күн жұмыс істегенде әрбір жұмысшының орташа айлық көрсеткіш 255 мың теңгеден асады. Жыл соңында 4 айлыққа пара-пар сыйақы төленеді», - деді  «Гежуба Шиелі цемент» ЖШС төрағасының орынбасары Айбек Әбсеметов.

ШАҒЫМДАНУШАЛАР АСТАНА МЕН АЛМАТЫДАН ҚЫМБАТ ПӘТЕР АЛЫП БЕРУДІ ТАЛАП ЕТКЕН

Жылына 330 мың тонна цементті Өзбекстан сатып алады екен. Әрі мұнда өндірілетін тампонажды, сульфатқа төзімді цемент мұнай мен уран ұңғымаларына да пайдаланылады. Серіктестік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де естен шығармаған. Жылына 100 миллион теңгенің көмегін әкімдік арқылы ауыл халқына бөледі. Алайда арада біраз уақыт өткенде ауыл арасында жеке көлігімен таксилетіп жүрген жұмыссыз жігіт бастап, барлығы бес отбасы зауыттың жұмысын тоқтату туралы сотқа арыз жазады. Мемлекетке бір теңге салық төлемейтін, таксимен күн көріп жүрген жігіттің заңгері соттың барлық истанцияларынан жеңіп шығып, мемлекеттік мекемелер берген құжаттардың күшін сот арқылы жоққа шығарған.

«Жоғары сот 2022 жылы сәуір айында Қызылорда қаласының әкімшілік соты шығарған шешімді заңды деп таныды. Яғни, цемент зауыттың санитарлық қорғау аймағын бекітетін санитарлық қорытындының күшін жойды. Оны мемлекеттік мекеменің өздері берген. Бұл дегеніміз - келешекте зауыттың тоқтауына әкеп соғады. Себебі, осы негізде қазіргі таңда бізге зауыттың қызметін тоқтатуға Төңкеріс ауылындағы бірнеше тұрғыны тағы арыз тастады. Біз Жоғары соттың шешіммен келіспейміз, бұл әділетсіздік. Бес адамға бола 600 адамның мүддесін таптамақ. Мемлекет салықтық түсімнен қағылады. Бұл шетелдік инвесторлардың қаражаты. Сот шешім шығарды екен деп жабыла салмайды. Зауыттың инвесторлары өздерінің мемлекеті арқылы халықаралық сотқа шағымданбақ. Ондай жағдайда Қазақстан халықаралық  дауға қалады, әрі шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімі жоғалады», - деді компанияның заңгері Ғабит Құлмахан.

Сот арызданушылардың талабын қанағаттандырып, зауыт пен ауыл арасындағы санитарлық аумақтың арасы кемі бір шақырым болу керек деп шешкен. Ал зауыт көшіре салатын шағын кәсіпорын емес. Шағымданушылар зауыт басшылығынан қомақты қаражат алған жағдайда, арыздарын кері қайтаратынын айтқан.  

«Облыстық Санитарлық бақылау департаменттің үстінен комитет қарайды. Сола комитет департаменттің тұжырымдарын жоққа шығарды. Арызданушылар ауыл ақсақалдарын да тыңдамай отыр. Бізге Астанадан, Алматыдан пәтер алып беріңдер дейді. Ақылға қонымсыз ақша сұрап отыр. Әлгі шағымданушы таксист ауыл арасында жүреді, жұмыс ітсемейді. Сөйте тұра бізге талап қояды. Біз бұндайға қарсымыз. Штелдік инвесторлар ренжулі, біздің еліміз оларды алдап шақырып алғандай болып тұр. Бұл іс алдағы уақытта оң шешімін таппаса халықаралық деңгейде көтерілмек», -деді «Гежуба Шиелі цемент» ЖШС заңгері. 

«600 адам деген шағын бір ауылдың тұрғыны. Біз жұмыссыз қалғымыз келмейді. Ауыл халқы қайда барады сонда? Бала-шағамызды кім асырайды? Несиелерімізді қайтіп төлейміз? Осы зауыт арқылы нанымызды тауып жеп отырмыз. Өзге облыстардан келіп, вахталық режимде жұмыс істеп жатқан мамандар да көп. Тұрақты жалақының арқасында көлік алып, баспана салып жатырмын. Жұмыссыз қалсам отбасымды қайтіп асыраймын? Алаңсыз жұмыс істеуден қалдық. Осы ауылда тұрамыз, соншалықты шаң-тозаң елді мазалап жатыр деген өтірік, сылтау. Заманауи технологиямен жабдықталған», - деді зауыт жұмысшысының бірі Табиғат Әбенов.
Төңкерістегі ауыл ақсақалдары өндіріс ошағынан шығатын өнімнің көлемі мол, қаржылық жағдайы тұрақты екенін жақсы біледі. Зауыттың жабылуына қарсы. Бірақ, ондағы басшылар халыққа қолайлы жағдай жасасын деген талапта.

«Өмір сүрген адам тыныш ұйықтау керек, жақсы демалу керек түнде. Далаға жатқан адам кейде бала-шағамызбен мынаның даусынан шошимыз. Бірдеме қотарылып көшіп келе жатқандай болады. Алып диірмен ғой енді тасты майдалайтын. Экологиясын былай қойғанның өзінде дыбысының өзі сондай боп келіп жатыр, ұйқыны бұзады мысалы.  Өркениетке қарай бет алдық қой. Бұл зауытты жаппай-ақ қойсын. Бірақ бізге қолайлы жағдай жасасын», - деді М.Қодаманов ауылының ардагері Құрманбек Қарекеев.

«ЗАУЫТ ЖАБЫЛСА ЭКОНОМИКАҒА ЗИЯНЫ ТИЕДІ...»

Жылына 2,3 миллиард теңге салық төлеп отырған зауыт соттың шешімдерімен келіспейді. Қытайдың ұлттық компаниясы 64 миллиард теңгенің жобасын бес тұрғынның арызына бола басқа жаққа көшіре де алмайды. Өңірдің басшылары қолдап отырған өндіріс ошағына қатысты дау тудырдың астарында мүдделі топ тар болуы мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды. Себебі, ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие цемент зауыты өзге бәсекелестерге кедергі. Яғни, өзгенің қолымен от көсеу арқылы зауытты нарықтан ысырып тасауға әрекеттену деп те болжайды. Жағдай реттелмесе зауыттың басшылары халықаралық сотқа шағымданбақ. Әкімдік іс халықаралық сотқа дейін жетсе, бұл өз кезегінде шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген сеніміне селкеу түсіреді деп санайды. 

«2016 жылы құрылыс басталып, 2018 жылы аяқталды. Жылына 1,2 миллионға дейін өнім шығарады. 2009 жылы үй салуға жер беріліп қойған. Санитарлық арақашықтық 520 метр. Оны сот жоққа шығарды. Мың метр болу керек деп. Шиелі цемент зауыт нағыз өдірістің көрсеткіші. Ол жабылса Шиелі экономикасына кері әсерін тигізеді. Қазір пайдасын тигізіп жатыр. Арыз жазғандар негізі бес адам ғана. Зауытты жапқанмен бізге экономикалық зияны тиеді, сондықтан оны оны жабуға болмайды. Оны жабу тиімсіз. Зауыт жыл сайын 5 мың АЕК көлемінде ауыл халқына көмек көрсетіп, қаржы бөледі. Қазір келіссөздер жүрізіп жатырмыз. Арасындағы бес адамның арызы дау тудырған. Арыз жазатындар шығады ғой арадан. Мүдделер қақтығысы бар деп естіп жатырмыз», - деді Қызылорда облысы Шиелі ауданы Өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бақберген Әбсетов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста