Жылқыға алғаш жүген салған қазақ екенін әлем мойындаса да, өзіміз сенбейтін секілдіміз...

Жылқыға алғаш жүген салған қазақ екенін әлем мойындаса да, өзіміз сенбейтін секілдіміз...

Жылқы алғаш қазақ даласында қолға үйретілгенін әлем ғалымдары мойындап отыр және жабайы жылқы тарихшылар ойлағаннан екі ғасыр бұрын ауыздықталған екен. Бұған Қызылжар өңірін­дегі Ботай қонысында жүр­гізіл­ген қазба жұмыстары кезінде табылған заттар айғақ. Сенсациялық жаңалық осыдан бірнеше жыл бұрын баспасөзді біраз дүрліктірген болатын. Бірақ әдеттегідей бұл жолы да мақтанудан ары көп асып кете алмадық. Жылқыны ерттеп мінген кезеңнен адамзат тарихында төңкеріс жасалғаны даусыз. Демек, қазақ даласы жаңа өркениеттің бастауы болған деген де болжамдар айтылған. Енді осы сөзімізге дәлел сұрап, шетел асып келген туристерге көрсетеріміз қане? Тіпті жаһанға жария болған жаңалық мектеп оқулығына енбегендіктен, оны өзіміздің балаларымыз да білмейді. Ал Ботай қонысы­ның негізінде аспан астында­ғы мұражай жасау туралы ғалымдардың жобасы мемле­кеттен қолдау таппай, басшы­лардың тартпасында жатыр.
Ғалымдар бұл жаңалықты ашу үшін бір күн немесе бір ай емес, бақандай 30 жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Өткенге көз жүгіртсек, Қызылжардың Иманбұрлық өзенінің аңғарында археоло­гиялық қазбалар жас ғалым Виктор Зайберттің жетекшілігімен 1980 жылы басталған. Қазба жүргізілген алғашқы күннен бастап зерттеушілер мол табысқа кенелген. Алғашқы жеті күннің ішінде 40 мыңнан астам зат табылыпты. Кейін зерттей келе, жер астынан шыққан сүйек пен тас, қыш пен қоладан жасалған бұйымдардың біздің заманымызға дейінгі IV-III мыңжыл­дыққа тиесілі екені анықталды.
Содан бері Айыртау ауданындағы Ботай тарихи мекені қазақстандық қана емес, алыс-жақын шетел ғалымдарының жиі-жиі жиналатын жеріне айналды. 1983 жылы Ботайда Бүкілодақтық археология­лық семинар өтсе, 1995 жылы «Еуразияның ертедегі жылқы өсірушілері» атты халы­қ­аралық симпозиум ұйымдастырылды. Бұл шараларға қатысқан Америка, Англия, Германия, Ресей ғалымдары бейжай қалмай, зерттеу жұмыстарына олар да білек сыбана кіріскен. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші, бірігіп атқарған іс жемісін беріп, қазақтың атын әлемге паш еткен жаңалық 2009 жылы жарияланды. Жұртшылыққа жақсы танымал SCIENCE ғылыми журналында басылған мақалада жылқы дүниежүзі бойынша тұңғыш рет Қазақстанның солтүстік аймағында қолға үйретілгені жазылды. Бұрын Еуропада, оның ішінде Украина жерінде мінілген деп келгенбіз. Америка ғалымы Алан Оутрам­ның пікірі бойынша, табылған сүйектерде жылқының тістері мүжілген, оған сызат түскені байқалған. Осыған қарап, жыл­қы­ны мініске пайдаланғанын, ауыздықтал­ғанын анықтаған. Жылқының қолға үйретілгеніне дәлел болатын бұйымдар да кейін табылды. Мысалы, тұсаудың ілгегі мен псалий (салпыншақ тәріздес) – тек атқа пайдаланылатын әбзелдер.
Сонымен қатар табылған ыдыстардың түбінен кепкен жылқы сүтінің нәлі байқал­ған. Егер биені сауып, сүтін алған болса, бұл жылқылар жабайы емес деген сөз, яғни қолға үйретілгені даусыз. Бұл жаңалық қымызға қатысты соңғы кездері шығып жүрген дауға да нүкте қойғандай. Қырғыз­дар өздеріне теліп, немістер патенттеп алған қымыздың қазақ даласында осыдан бес-алты мың жыл бұрын ас ретінде пайдала­нылғаны дәлелденіп отыр.
Ботайда энеолит дәуірі адамдарының баспаналары да табылды. Жартылай жертөле ретінде қазылып жасалған үйлер шеңбер немесе көп қырлы пішіндес болып келген. Төбелері киіз үйге қатты ұқсайды. Бірақ ол кезде таспен, ағашпен және бал­шықпен жабылған екен. Ал қабырға­лары саз балшыққа сүйек араластырып сы­лан­ған. Қазба жұмыстары барысында 100-ден астам баспананың жұрты табыл­ған. Олардың бірнешеуі қалпына келтіріл­ген болатын. Тарихшылар 15 гектар­дай жерді алып жатқан осы тарихи орынды аспан асты мұражайы етуді ұсынып отыр.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ашылған археологиялық орталық Ботай­дың тарихын зерттеумен айналысады. Бүгінге дейін зерттеу материалдары негізінде екі докторлық, сегіз кандидаттық диссертация жазылыпты. Осы орталықтың жетекшісі, тарих ғылымының докторы, археология профессоры Виктор Зайберттің «Ботай. Дала өркениетінің бастауында» атты кітабы да жарық көрді. Бұл аз еңбек емес, бірақ ғалымдардың жазғанын қалың бұқараға жеткізу жағы, біздің де ата-бабаларымыз әлемдік өркениетке өз үлесін қосқанын түсіндіру тұсы ақсап тұрған сы­ңай­лы. Әлем тамсанып отырған жаңалықты мектеп қабырғасындағы қаракөздеріміздің білмеуі – намысымызға сын.
Жанибек ЖОЛДЫБАЙ, тарих пәнінің мұғалімі:
– Мектеп оқулығында қола дәуіріне екі бет қана арналған, Ботай туралы қысқа ғана мәлімет берілген. Ал жылқы алғаш рет біздің елде мінілгені туралы ештеңе айтылмаған. Біз әлі күнге дейін өркениет Еуропадан басталады деп үйретіп жүрміз. Бұл қалыптасып қалған пікірді өзгерту керек. Ол үшін ғалым­дардың дәлелдерін келтіре отырып, қазақ жерінде де осыдан бірнеше мың жыл бұрын өркениет болғанын оқулық­қа жазу керек. Адамзат атқа мінді деген сөз тарихи төңкеріс болды дегенді біл­ді­реді. Себебі аттың көмегімен жарты әлемді жаулап алған жағдайлар да кездеседі.

Виктор ЗАЙБЕРТ, тарих ғылымының докторы, археология профессоры:
– Жылқының қазақ даласында қол­ға үйретілгенін әлем ғалымдары мо­йын­дады. Ботай қонысынан жылқыдан басқа да өркениеттің жұрнақтары табылды. Энеолит дәуіріне тиесілі бұл жәдігерлер аса құнды болып саналады. Ботай қонысы – тарихи мекен. Демек, оған қызығушылық танытушылар өте көп. Сондықтан бұл жерде аспан астын­дағы мұражай ашу идеясы туды. Бірне­ше рет жобасын жасап, жоғары жаққа ұсындым. Бірақ мемлекет тарапынан әлі қолдау тауып, қаржы бөліне қойған жоқ. Туризмді дамыту бағдарламасына енеді деген. Соны күтіп отырмыз.

P.S.
Наурыз мейрамы қарсаңында Қызылжардағы бейнелеу өнері мұражайына бас сұқтым. Қазақ халқының өмірі мен мәдениетіне арналған үлкен көрме ашылыпты. Бір топ мектеп оқушыларымен бірге мұражайдағы жәдігерлерге көз жүгіртіп, өткенге саяхат жасап шығу бақыты бұйырды. Тек кезек «Жылқы және өркениет» деген атпен қойылған жәдігерлерге келгенде тосылып қалдық. Экскурсия жүргізуші қыз оқушылардан: «Қане, балалар, айтыңдаршы, жылқы жануары ең алғаш қай жерде қолға үйретілді? Кім біледі?» – деп сұрап жатыр. Біреуі үнсіз, екіншісі – ежелгі Римді, үшіншісі гректерді айтып әлек, тіпті «жылқы ауылда үйретілген» деушілер де табылды. Бірақ ешқайсысы аталмыш жануар алғаш рет қазақ жерінде, оның ішінде Қызылжар топырағында ауыздықталғанын білмейтін болып шықты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста