Жүрек ауруының кез келген түрін емдеуге мүмкіндігіміз бар

Спандияр БЕКЖІГІТОВ, ОҚО кардиология орталығының бас дәрігері:

Медицина ғылымының докторы, профессор Спандияр Бекжігітов тек оңтүстіктің деңгейінде ғана емес, жалпы, республикалық деңгейде кардиология саласының қыр-сырын жетік білетін білікті маман. Таяуда оңтүстікке жолымыз түсіп, ҚР кардиологтер қауымдастығының президенті, денсаулық сақтау ісінің үздігі С.Бекжігітовпен сұхбаттасқан едік.

– Спандияр Байжігітұлы, сіз бас­шы­лық жасайтын мекеме – оңтүстік хал­қы­ның жүрегіне бақылау жасайтын бір­ден-бір орталық. Ендеше, бұл орта­лық­тың бүгінгі тыныс-тіршілігі қалай, өңір халқының жүрек соғысын қа­лып­қа келтіру үшін мекемеде нендей ша­ра­лар атқарылып жатыр?
– Оңтүстікте халық тығыз орналасқан. Мұнда 2 млн 500 мың­дай адам тұрады. Әрине, көпшілік ортада түрлі науқастардың болатыны белгілі. Дұрыс тамақтанбау, денсаулыққа көңіл бөлмеу, артық салмақ қосу, экология секілді факторлардың бар­лығы жүрек-қан тамырлары ауруларының кө­беюіне әкеліп соғады. Оның үстіне, хал­қымыздың қанына сіңген жаман әдет — көпшілік жұрт ауруы әбден меңдеген тұста, жан алқымға таянғанда барып дәрігердің есігін қағады. Мұндай кезде жәрдем беру қанша керемет деген маманның өзіне ауыр соғады. Осы ретте 2000 жылы сол кездегі облыс әкімі Қалық Абдуллаевтың баста­ма­сы­мен, басқа да өңірдің беткеұстар аза­мат­тарының қолдауымен аймақта кар­дио­ло­гиялық орталық ашылды. Содан бері ата­л­мыш мекеме халыққа мамандан­ды­рыл­ған көмек көрсету жөнінде диаг­нос­ти­калық емдік әдіс-тәсілдерді қолданып келе жа­тыр. 2008 жылы орталықта ангио­гра­фия­лық бөлім ашылды. Оның көмегімен жү­ректің тікелей тамырларын тексеріп, қай же­рі қысылып, бітеліп тұр, соларды анық­тап, стент қою әдісі басталды. Айта кетейік, жү­рек ауруларының көбі дәрі-дәрмекпен емделінбейді. Оған тек операция жасау арқылы ғана көмектесуге болады. Осы тұста орталықта 2009 жылы 20 төсек-орын­дық кардиохирургиялық бөлімше ашыл­ды. Жалпы саны мұнда 120 төсек орын бар. Бүгінгі күнге дейін орталықта жү­рекке 530 операция жасалынды. Яғни 530 жүрек қайта соқты десек те болады. Күніне үш-төрт операцияға дейін жа­сай­мыз. Оның барлығын өзіміздің мамандар жа­сап отыр. Біздің мекемеде Қазақстан, Ресей, Польша, Түркия, Литва және Из­раиль клиникаларында дайындықтан өт­кен мамандар бар. Біліктілік дәрежелері жо­ғары. Олар жүрекке жасайтын опе­ра­ция­лардың барлық түрін меңгерген. Бүгінгі кү­ні орталық инновациялық техно­ло­гия­ны пайдалана отырып, кардиология-кар­дио­хирургия саласындағы соңғы емдік тә­сілдерді қолдануда.
– Қазір Оңтүстікте ғана емес, бар­лық өңірлерде кардиологиялық орта­лық­тар ашылып жатыр. Осы ретте ма­ман тапшылығына кезігіп отырған жоқ­сыздар ма?
– Қазірше, орталық мамандармен жет­кі­лікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Алай­да, жоғарыда айтқанымдай, мұнда халық ты­ғыз орналасқандықтан, туу көрсеткіші де жоғары. Республика бойынша дүниеге келетін сәбилердің 25 пайызы біздің өңір­де туылады. Енді қанша дегенмен 2,5 млн хал­қы бар өңірге 120 төсек орындық ор­та­лық аздық етеді. Келешекте мамандарды да, төсек-орынды да көбейтеміз деген ой­дамыз.
Былтырғы жылдың көрсеткіші бойын­ша, өңірде 75 700 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 450 сәби туабітті жүрек ақа­уымен дүние есігін ашқан. Енді олардың 350-інің жүрегіне тікелей операция жасалуы керек. Онсыз оларды аман алып қа­лу қиын. Өткен жылдың қазан айында Поль­шадан көшпелі кардиохирургиялық топ­ты шақыртып, бір ай бойы сәбилердің жүрегіне ота жасадық. Сондай-ақ шетел­дер­ден келген мамандардың көмегімен бірқатар шеберлік дәрістер өткіздік. Олар біздің мамандарға сәбидің жүрегіне қалай операция жасау керектігін үйретті. Бүгінгі күні өз мамандарымыз операция жасауды жал­ғастырып жатыр. 2011 жылға 100 сә­би­дің жүрегіне және одан бөлек 400-ге тар­та ересек адамдардың жүрегіне ота жа­сауды жоспарлап отырмыз. Ал жүректің бі­теліп қалған тамырына стент қою опе­ра­ция­лары 2008 жылдан бері жасалынып ке­леді. Жалпы, былтырғы жылдың есебі бо­йынша, біз кардиохирургиялық көмек жө­нінде Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші орында тұрмыз.
– Тиімді жұмыс атқару үшін озық үл­гідегі медициналық қондырғы­лар­дың маңыздылығы ерекше екені белгілі. Осы орайда орталықта медици­на­лық құралдармен жабдықтау мә­селесі шешімін тапқан ба?
– Соңғы жылдары орталығымыз бір­қатар диагностикалық анықтау және емдеу ап­параттарымен жабдықталды. Оның әрқайсысын бөліп-жарып айтпай-ақ қоя­йын. Қазіргі уақытта жүрек-қан тамырлары ау­руларының кез келген түріне диагноз қо­йып, жоғары дәрежеде емдік шараларын жа­сауға мүмкіндігіміз бар. Осы ретте әр­қайсысы 200 млн теңгенің үстінде тұратын екі ангиографиялық қондырғы әкелінді. Олар қалыпты жұмыс істеп тұр. Кез келген күрделі операцияны жасай аламыз. Тіпті ашық жүрекке аортокоро­нар­лық шунт жа­сау операциясын да ма­ман­дарымыз жетік меңгерген. Яғни опе­ра­ция жасау арқылы жү­ректің бітеліп қал­ған тамырларына аяқ­тан немесе қолдан қосымша тамыр алып, жал­ғап тігіп, науқастың жағдайын жақ­сар­туға болады. Сонымен қатар жүрек ырғағы бұзылған науқастарға электрокардиос­ти­му­лятор қоямыз. Мысалы, сау жүрек ми­нутына 60 пен 80 аралығында, әлсірегенде ми­нутына 30-40 рет қана соғады. Сол кез­де адамның басы айналып, құлайды. Оған біз жасанды кардиореттегіш қоямыз. Ол үшін жүректің ішіне электрод орнатып, көкірек тұстағы терінің астына батарея тігеміз. Айта кетейік, мұның барлығы квота арқылы жолдамамен келген науқастарға тегін көрсетіледі. Сонымен қатар күрделі аритмияларға радиожиілікті аблация жасауды қолға алып отырмыз. Яғни кейбір науқастардың қан қысымы көтеріліп, жүрегі минутына – 150-200, кей кезде қатты уайымдағанда, қорыққанда 250-300-ге дейін соғады. Мұндай кезде им­пульс берілетін кейбір қосымша жолдарды бітеп тастау үшін операция жасау керек. Қазіргі кезде мұндай күрделі операция­лар­ды жасау үшін мамандарды дайындап жа­тырмыз. Осы жылы 239 млн теңгеге ари­т­мияны емдейтін жаңа қондырғы са­тып алатын болсақ, мұны да жасау қиынға соқ­пайды.
Негізі, біздің мақсат — кардиологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді азайту. Ол үшін халықты Алматы мен Астанаға сабылтпай, барлық кардиологиялық және кар­диохирургиялық көмекті дүниежүзілік стан­дартқа сай деңгейде өзімізде көр­се­туі­міз керек. Бұл мақсатта Үкімет тарапынан да, жергілікті биліктен де кардиоорталыққа үлкен қаржылық көмектер көрсетілуде. Осы жылы тағы да 550 млн теңгеге құрал-жаб­дықтар алуды жоспарлап отырмыз. Қыс­қасы, облыстық кардиологиялық ор­талықтың қазіргі жағдайы дүниежүзілік стандартқа сай деп айтуға болады.
Статистикалық деректер бойынша, Оңтүстiк Қазақстан облысында 2009-2010 жылдың көрсеткiштерiн салыстырғанда жүрек-қан тамырлары ауруынан болатын аурушаңдық – 19,1 пайызға, өлiм-жiтiм – 20,8 пайызға, оның iшiнде жүректiң ишемиялық ауруынан болатын өлiм-жiтiм 38,9 пайызға төмендедi. Бiз бұл нәтижеге Елбасының тiкелей тапсырмасымен және Үкiметтiң тиiмдi бағдарламаларының арқасында қол жеткiздiк.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста