Жүрегі әлсіз сәбилер көбейіп барады

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша, жүрек ақауымен туылған балаларға алғашқы үш айында қажетті ем көрсетіліп не операция жасалмаса, олардың 40-50 пайызы көз жұматын көрінеді. Ал бір жылға дейін дертінен айықтыра алмасақ, бақытсыз сәбилердің 70-90 пайызы шетінейді екен. Жарық дүниенің есігін енді ашқан шарананың шарасыздан бұл дүниемен есін білмей жатып қош айтысуы бақытсыздық емей немене? Сондай бақытсыз сәбилердің саны бізде 2008 жылғы мәлімет бойынша 2203-ке жеткен. Яғни әрбір мың балаға шаққанда шамамен сегіз бала туабітті қан айналым ауруымен және жүрек ауытқуларымен ауырады екен. Бұл тек қана бір жасқа дейінгі балалардың мәліметі. Ал бес жасқа дейінгі жүрек дертіне шалдыққан бүлдіршіндердің саны бұдан біршама көп. Екі еседен де асып отыр! Ондай сәбилер саны – 5736. Соңғы кездері бұл сан дүниежүзі бойынша өсіп келеді.

Кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарының хабарландыру айдарынан жүзінде сәбилік бақыттың сызы жоқ, жанары мұңлы сәбилердің суретін көп байқап жүрміз. Оқи қалсаң, жаны қысылған байғұс ананың ащы зары. Жәрдем сұрайды. Сәбиінің жүрегіне операция жасату үшін. Әрине, Қазақстанда емес, көбіне шетелде жасатпақ. Қазақстандық медицинаның оған шамасы жетпегендіктен не біздің медицинаға деген сенімнің болмауынан. Шетелде жүрекке операция жасату құны – 20-40 мың АҚШ доллары шамасында болады. Оған екінің бірінің шамасы жете бермейді. Қаншама ата-ана бел баласының жұпар аңқыған иісіне қанып үлгермейді. Ата-ананың жұрттан жылу жинап жататыны да сондықтан.
АҚШ-та ашық жүрекке операция жасайтын 870 орталық бар екен. Ал 230 орталық жүректі ауыстырып салатын күрделі операция жасайды. Осындай мәліметтердің өзі еріксіз АҚШ-қа не шетелге аттың басын бұрғызады.
Елімізде қан айналым жүйесі ауруларынан зардап шегетіндердің саны жан түршіктірерлік. Бұл мәліметтерді көргенде өзіңнің де жүрегіңде ауытқу пайда болғандай сыздап қоя береді. 2008 жылы қан айналым жүйесі ауруымен тіркелгендердің саны – 1 млн 482 мың 940-қа жеткен. Яғни Қазақстандағы халықтың (Қазақстандағы халық саны – 16 млн 571,5 мың адам) 9 пайызының қан айналым жүйесі дұрыс жұмыс істемейді деген сөз. Оның ішінде үлкендердің арасында артериялық гипертензиямен ауыратындардың саны әрбір 100 мың адамға шаққанда шамамен 836 адам. Ал жеткіншектер осынша адамға шаққанда 121,4 болып отыр.
Елімізде қан айналым жүйесі аурулары салдарынан халықтың өлім-жітімі де өзге елдерге дес бермей тұр. Осы аурудан халықтың өлім-жітімі әрбір 100 мың адамға шаққанда шамамен 829,3 адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіш бойынша, Ұлыбритания – 211,1, Германия – 262,8, Орталық Азия елдері – 758,9, ал ТМД елдері – 799,8-ді көрсетеді. Яғни біздің көрсеткішіміз осы аталғандардың бәрінен – «алда!»
Бізде осы жүрек ауруынан болатын өлім-жітімді азайту үшін бір жылда қаншама операция жасалуы керек екен. Алайда сол қажеттілікті өтеуге әзірге отандық медицинаның мүмкіндігі жете бермейді. Мәселен, бізге бір жылда жүрек маңындағы тамырларға жасалу қажет операция саны 24 мың болса, Қазақстан 2008 жылы осы операцияларды тек 5335-іне ғана жасаған. Яғни операциялардың 22 пайызы ғана өтелген. Ал осы тәріздес ауруларға биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 3324 операция жасалыпты. Ашық жүрекке жасалатын кардиохирургиялық операциялардың да қаншамасы қажетті көрсеткішке жете бермейді. Соның ішінде елімізде бір жылда сегіз мың аортокоронарлы шунттау (АҚШ) операциясы жасалуы керек екен. Алайда былтыр бұл санның тек 10 пайызын ғана орындаппыз. Сондай-ақ жыл сайын туабіткен және жүре пайда болған жүрек ақауларына 1200 операция жасалуы тиіс. Биылғы жартыжылдықта туабіткен жүрек ақауына – 238, ал жүре пайда болған жүрек ақауына 256 операция ғана жасаппыз. Бұл көрсеткіштен де жұрттың шетелге не үшін сабылатынын байқай аласыз.
АҚШ операцияларының басым көпшілігі біздің елде Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта жасалады екен. Мәселен, 2008 жылы осында 562 операция жасалған. Ал Алматыдағы А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында жасалған операциялар саны – 110 болды.
Жүрек ауруы көбейген сайын еліміздегі ашық жүрекке жасайтын операциялар саны да артып келеді. Былтыр Ұлттық ғылыми медициналық орталықта ондай операциялар 1050-ге жеткен болса, биыл жарты жылдың өзінде ғана былтырғы межені қуып жетуге таяп қалғанбыз. Жасалған операциялар саны 954-ке жетіп отыр.
Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев кардиохирургия саласы бойынша операциялардың жыл сайын көбейгенін айта келе, мамандардың біршама тәжірибе жинап қалғанын айтады. Бұған бір жағынан, қуансақ, басқа жағынан алып қарасақ, шаттанатындай жағдай емес. Осы үшін де еліміздің хирургтары шетелге барып, оқып жатыр. Алайда бәрінен бұрын туабітті ауру болған ұрпағымыздың тағдыры қатты алаңдатады.

Қазақстандағы қан айналым жүйесінің аурулары
(әрбір 100 мың адамға шаққандағы ауру саны)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста