Жүйке ауруы жүйкеге тиіп тұр

Жүйке ауруы жүйкеге тиіп тұр

Жалпақ тілде «жындыхана» деп аталатын мекеме расында естіген жанның үрейін ұшыратыны сөзсіз. Тағдыр теперішін көріп, жүйкенің ауытқуына ұшырағандар бізде көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ғаламшар тұрғындарының 10 пайызы психикалық ауруға шалдыққан. Алдағы уақытта олардың қатары 15 пайызға артуы да әбден мүмкін деп болжам жасап отыр. Біздің елімізде де бұл мәселе көңіл көншітерлік емес.

Осыған байланысты түйіні тарқаты­л­маған түйткілдерге қатысты өткен жылы психиатрия, психотерапия және нарко­логия орталығы зерттеу жүргізген болатын. Белгілі болғаны, елімізде жан ауруына ұшырағандар саны жалпы халықтың 1,8 пайызын құраған. Қан түкіретіндерге, демікпе дертіне тұсалғандарға қарағанда аз, әрине. Бірақ дәрігерлер «олардың есепке аз алынуы диагнозының дәл қойылмауы мен басқа да себептерден болуы мүмкін» дейді. Расында, оған әлгі жындыханаға барсаңыз, лық толы палаталарды көріп көз жеткізуге болады. Одан қалса, Ішкі істер органдарының жоғалып кеткен жандарға іздеу салғанда көбісінің психикалық ауруға шалдыққаны айтылып жатады. Жүйке жүйе­сінің ауытқу ауруына қарсы Италия осыдан 5-6 жыл бұрын майдан ашқан болатын. Сол кездегі санақ бойынша елдегі 100 адамға шаққанда 46 орыннан келген. Алдын алу шараларының нәтижесінде, бұл көрсеткіш бүгінде 15-ке дейін кеміп отыр. Ал біздің елімізде 100 мың адамға 125 орыннан келеді екен. Басқа ауруларға қарсы шаралар қолға алынғанымен, дәл осы ауру мүлде ұмыт қалған десе де болады. Соңғы кезде ақ халаттылардың алаң­дау­шы­лығын туғызып отырған аутизм дерті де – осы дерттің ағайыны. Көбіне ата-аналар бала­ларының ауытқушылығы бар екенін жасырып бағады.

Соңында айықпас дертке айналдырып алғандарын кеш біліп, сан соғып қалады. Бір қынжытар­лығы, елімізде психикалық аурудың алдын алу шаралары жүргізілмейді. Бұдан кейін «ауру неге көбейіп кетті» деп бас қатырудың қажеті шамалы сияқты. Оның үстіне, жүйке жүйесі ауруларының стационарлары жабық мекеме саналады. Мәлімет алу мүл­де мүмкін емес. Одан бөлек дәл осы салаға арнайы қаржы бөлінбейді. Яғни қалдық қаржымен қаржыландырылады. Дәрі-дәрмек жеткілікті. «Әттеген-айы», заманауи технологиямен жабдықтау жағы кемшін. Сірә, оған аурулардың «санасы» жетпейді дейді ме екен, әйтеуір осы салада түсініксіз мәселе­лер жетіп-артылады. Маман жетіспеушілігі де бір бүйірден қысып тұр. Жүйкесі тозған, ақыл есі кемдеу жандармен жұмыс істеуге құлшыныс білдіретіндер кемде-кем. Бұрын кеңестік кезеңде науқастарды алты ай емдесе, бүгінде ол 60 күнге қысқартуға ұшы­раған. Сірә, алты ай емдеп, адам қыла алмағасын, 60 күн де жетер деген болар. Тағы бір мәселе, мұндай науқастарға мемлекеттен жәрдемақы беріледі. Алайда туған-туыс­тары бас тартып, ауруханаға жат­қызған соң, ат ізін салмай кететіндері көп. Ауруынан азап шегіп – бір, туысынан айырылып – екі соққы алатын науқастарды арнайы интернатқа орналастыру да оңай шаруа емес. Өздігінен жүріп-тұруға ақыл санасы жете бермейтін жандарға үнемі бір қадаға­лаушы қажет. Дамыған елдердің тәжірибе­сіне сүйенсек, стационарлардың санын көбейткенше, клиникаларда арна­йы кабинеттер ашумен шектеледі. Мамандар мем­ле­кеттің ақшасын шаша бергенше осындай тәсілмен жұмыс істеу дұрыс деп санайды.

Еркiн АБДУЛЛАЕВА, «Жүйке аурулары ауруханасының» бөлiм меңгерушiсi:
– Әсіресе көктем келгенде психи­ка­лық аурулар асқынады. Дәл осы уа­қыт­та үдемелi асқыну түрiне шалдық­қандар дәрiгердiң көмегiне көбiрек жүгiнеді. Осы санатқа жататын аурулардың ішінде шизофрения дерті – адамның ой-сана­сының әлсiреуiнен туындайтын ауру. Бұған түрлі әлеуметтiк қиындықтар себепші болады. Жүйкесiне күш түскендер мен күйзелiске ұшырағандар да жүйке ауруының осы түрiне ұшырайды. Он­дай­лардың саны аз емес.

Дәрігерлердің тағы бір қауіп қылатыны – тұрғындардың мұндай дертке шал­дыққан жақындарын тез арада дәрігерге көрсетудің орнына, тәуіп, бақсы-балгер­лерге қаратып, уақыт создырып жүріп алатындары. Ал бұл кезде, дерт, тіптен ден­деп кететінін түсінбейді. Іштен туа бiткен жүйке ауруымен ауыратын­дардың қатары соңғы он жылда әжептеуiр азайыпты. Мамандар мұны қан тазалығы­нан дей­ді. Туған-туысына үйленетін өзге ұлт өкіл­дерінде дәл осы диагнозбен туы­латын­дардың көп екендігін де жасырмайды. Бiр өкініштісі, жүйке жүйесі зақымдан­ған­дар­дың арасында жасөспiрiмдердің саны артып бара жатқандығы. Соның кесірінен суицид дертінің өршуі белең алуда. Осындай мәселелерден кейін бұл салаға көбірек көңіл бөлінуі тиіс-ті. Алайда бұл мәселе шабан аттай шатқаяқтап тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста