Талдықорғанда оқушы қызды соққыға жыққан қыздардың енді жігітті ұрып, ақша талап еткен видеосы тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Еgovpress осыдан бір ай бұрын оқушы қызды жабылып ұрған қыздарға қатысты тағы бір видео жарияланды.
Видеодағы қыздардың бірі Құндыз жігітті ұрып-соғып, ақша талап етіп жатқанын анық көруге болады.
Әзірге Жетісу облыстық Полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірмеді.
Еске салсақ,Талдықорғанда мектеп оқушылары құрбысын ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, қызу талқыға түскен болатын.
Полицияның бейнероликтің 9 қаңтар күні Талдықорғандағы пәтерлердің бірінде түсірілгенін анықтаған еді.