Жетісу облысында бес мың гектардан астам жерді небары 4 адам иеленіп алған

Жетісу облысында бес мың гектардан астам жерді небары 4 адам иеленіп алған

Жетісу облысында игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы жүріп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

ткен жылы Жетісу облысында мемлекет меншігіне 128,5 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылып, 650 мың гектар жайылым айналымға енгізілді.

 

Осы жылы 220 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылады деп жоспарланып отыр, оның 216 мыңы - жайылым, 3 мыңы - егістік, 656 гектары - шабындық.

 

Бұл жерлер заңға сәйкес конкурс негізінде айналымға енгізіледі. Бұл жөнінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ақсу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында жеткізді.

 

Мәселен, жер қатынастары саласында түйткілді мәселелер Ақсу ауданында әлі де көп.

 

Мәселен, ауданда 500 гектардан астам ауылшаруашылық жерді 386 адам иеленіп отырса, соның ішінде 4 азаматтың иелігіндегі жер көлемі 5 мың гектардан асады.

 

Қазір сол игерілмей жатқан жерлерді қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр.

 

Сондай-ақ, ауданда жайылымдарды басқару жоспары бекітілмеген. Жоспар бекітілген жағдайда, ауыл тұрғындарының малын жайылыммен қамтамасыз етіп, халық мұқтажын қанағаттандыруға болар еді.

 

Және Жер кодексінің талаптарын сақтау бойынша аудандық жер комиссиясының мүшелерін оқытуды ұйымдастыру керек.

 

«Ақсу ауданында ирригациялық желілер мен құрылыстарды салу бағытында 2 ірі жоба іске асып жатыр. Өткен жылы Қызылағаш суару массивінің құрылысы басталды, республикалық бюджеттен 7,9 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде бұрын игерілмей жатқан 5,3 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіледі. Ислам Даму Банкі арқылы да 6,3 млрд теңгеге ауданның суару желілері қайта жаңартылып жатыр. Бүгінгі таңда жұмыс тек 70 пайызға орындалған. Мердігер «Томас» ЖШС жұмыс кестесінен кешігіп жатыр, ол туралы Экология министрлігі хабардар етілген. Биыл да жұмысқа кіріспейтін болса, келісімшартты бұзамыз», - деді Б.Исабаев.

 

Облыс басшысы «Қазсушар» мекемесі ирригациялық желілердегі жұмыстардың барысын қатаң бақылауға алып, вегетациялық кезең басталғанға дейін шаруашылықтарды суармалы сумен толық қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста