Жеті атаға қарамай, үйлену дұрыс па?

Елімізде жеті атаға қарамай, ру сұраспай үйленетін жастар бар. Бұл туралы https://"Қостанай таңы"  басылымы жазады.
"Қазақ халқы қашаннан кісімен танысу барысында бір-бірінен ру сұрасуды жөн санаған. Мұны әдет емес, міндет деп түсінген тіпті. Бұрындары ес біліп келе жатқан ұл-қыздарына жеті аталарын жаттатып, оны білмеу үлкен ұяттың белгісі екенін ұғындырған. Мұны ең әуелі тектіліктің, тәрбиеліліктің белгісі санаған. Екіншіден, ұрпақтың саулығын, қанның тазалығын сақтауды көксегеннен туындайды. Медицина мұны әлдеқашан мойындап да қойды. Физиологиялық қана емес, психологиялық жағынан да дені сау ұрпақ дүниеге келуінің кепілі – осы ата ғұрпы", - деп жазады мақала авторы.

"Ал қазір заман өзгерді ме, әлде адам басқа ма, жоқ ұлттық тәрбиенің солқылдақтығы ма – жастар жеті аталарын білмек түгілі, бір-бірінен ру да сұраспайды. Соның салдарынан, туысқан қыз-жігіт қосылып, екі әулеттегі жеті ата дауы өршіп кеткен сұмдық жаңалықтарды естіп жатамыз", - делінген мақалада.

Өзектілігін жоғалтпаған бұл пікірді қазіргі қоғам қаншалықты жақтайды?

"Бұл ата-бабамыздан келе жатқан заң ғой. Ерте кезде екі жас бір-бірінен руларын сұрап, ата-анасының игі баталарын алып барып қосылған. Ол кездегі заң өте қатаң. Қанша жерден ұнатып тұрса да, үлкендердің айтқаныннан шыға алмайтын. Жеті атаға жетпей қосылған жастардың ұрпақтары болмайды деп есептеген. Болған күннің өзінде кемтар болып туылады деп болжаған. Сондықтан да жастардан жеті аталарын жатқа біліп, танысқанда руларын сұрауды талап ету керек. Өз басым жеті атаға жетпей қыз алысуға қарсымын", - дейді зейнеткер Несібелді Бәйтенова.

"Әрине, бұл бұрыннан келе жатқан қазақ халқының заңы ғой. Дегенменде, қазіргі жастар жеті атадан аспаса да қосыла береді. Мен де бұған сенбеймін. Достарымның арасында бірін-бірі сүйіп, қосылып жатқан жастар бар. Балалары бар, бақытты отбасы. Ең бастысы, ата-ананың, туған-туыстың келісімі. Рұқсат етпеген күннің өзінде, жасырын үйленіп, ата-аналарымен қарым-қатынасты бұзып жатқан жастар бар. Ол дұрыс емес. Жастар бақыты үшін ата-ана ризашылығын білдіру керек деп есептеймін", - дейді Ержан Замзин есімді 20 жастағы жігіт.

"Бұл сұраққа қиянат деп жауап бергенім дұрыс болмас. Бірақ, екі ғашық бір-біріне ынтық бола тұра қосыла алмаса, қиянат емей немене? Шыны керек, жеті атаға мән беріп жатқан жастар жоқ. Бәріне топырақ шашудан аулақпын. Бірақ, қазіргі таңда тіпті жеті атасын білмейтін жігіттеріміз де жетерлік. Өз басым бұған қарсымын. Арғы аталары бірдей қыз бен жігіт қосылмаулары керек. Бүгінде жақын адамдардың отбасылы болуынан сан алуан дерт етек алып жатыр. Осы туралы дәрігерлер де дабыл қағып жүргелі қашан. Ал, мұны ата-бабаларымыз медицинаға дейін әлдеқашан дәлелдеп те, ескертіп те қойған. Сондықтан өзімнің замандастарыма ата-баба дәстүрін сақтауды кеңес етер едім", - дейді Айзат Асылбекова.

"Меніңше, жеті атадан аспай қыз алыспау ол қан тазалығы үшін ғана. Медицина да бұны дәлелдейді. Ал, жалпы, өте жақын емес, дегенмен де ру жағынан туыстығы бар жастардың қосылуына еш қарсылығым жоқ. Қазіргі таңда қыздарымыз өзге ұлттың ер-азаматтарына тұрмысқа шығып, ұлдарымыз өзге ұлттың қыздарына үйленіп жатыр. Осыдан қорқу керек. Ертең ұрпақтарымыз әртүрлі ұлттан болып шықса таң қалуға болмайды. Содан соң қайсымыз қазақ, қайсымыз басқа ұлт екенімізді айыра алмай қалмайық. Бастысы, қазақ қызы тек қазақ жігітіне қосылса болды", - деді Абзал Әуезхан есімді пікір білдіруші.
nur.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста