Жеңгетайлықтың жаңа түрі - «Пикап»

Өз басым «пикап» сөзі тек көліктерге қатысты айтылатын шығар деген ойда жүретінмін. Ал шын мәнінде, бұл сөз басқа мақсатта да қолданылады екен.
Мұны «жігіттерді немесе қыздарды ширату» дер болсақ, бұл қазақтың көңіліне қона бермейді. Шын мәнінде, «жеңгетайлардың жұмысы» деген жөн болар. Танысудың заманауи осы түрі де сырттан келген сұмырай тәрбиенің бірі. Ақша табудың амалын білген пысықтар «пикап» қызметінің ауқымын кеңейту мақсатында арнайы сайттар ашып, «сүттен ақ, судан таза» жігіттер мен қыздарды оқуға шақырады. Мұнда бір ай біліміңді толықтырып, тәжірибеңді шыңдау үшін қыруар қаражатыңды әлдекімдердің қолына санап бересің. Ал одан арғысы ақылың мен нақылыңа байланысты. Білігіңді барынша пайдалана алмасаң, шығыныңды ешкім өтеп бермейді.
Жаман әдетті тез жұқтыратын қазақ жастары да қазір «пикапқа» баруды ешқандай сөкет көрмейді. Тіпті күйеуі, баласы бар келіншектер де Құдай қосқан қосағының тоқал төңіректеп кетпеуі үшін, айла-әрекетті әлгі клубтардан үйренеді. Орда бұзар отызға келсе де қызға қыры жоқ жігіттердің аруларды айналдырудың мың бір түрін үйреніп, бірақ теңін таба алмай жүргендері де бар екен.
Сонымен пикап – сіз ойлағандай үлкен автомобильпикап емес. Бұл – танысу бұрышы, қыздарды қаратудың қырық түрін үйрететін үйірме. Осыған қарап отырып, «қыздардың қырма сақалдармен, жігіттердің жеңгетайсыз-ақ жылы сөзбен аруларды айналдырып алатын заманы өтіп кеткен бе?» деген ойда қаласыз. Шын мәнінде, қазақ үшін орны бөлек жеңгелер қайындарының бір басын екеу етуге, тездетіп аяғын тұсауға талпынатын жақсы дәстүрден айырылып қалғаны ма?
Пикапшы Сергей Лыкосов деген азаматтың айтуынша, өздері ерлерге 10 жыл-дан бері әйел айналдырудың «тамаша» тәсілдерін үйретіп келеді екен. Осылайша, жігіттерді тоқыраудан құтқарып, қалаған қызын қолына қондыруына көмек көрсететін көрінеді. Оның ойынша, бұл оңтайлы тәсіл. Айтпақшы, бірқатар елдерде жартысын іздеген жандарды бір жерге жинап, қалауларынша көңіл көтерулеріне жағдай жасайды. Тіпті қыз-жігіттер бірін-бірі құшақтап, сүйісіп, содан соң қонақүйлерден арнайы бөлме жалдап, таң атқанша сайран сала алады. Енді мұны танысудың мәдениетті түрі деуге қалай ауыз барады?
Россо Джеффристің «өзіңе ұнаған аруды төсекке қалай итермелеу керек?» деген секілді жезөкшелікті жарнамалайтын кітабынан туындаған бұл тәсіл осыдан 10 жыл бұрын Еуропаны елең еткізген. Ол жақтағы демократия мен бостандықтың бұғауы қаншалықты әлсіздігін өздеріңіз білесіздер. Қаны тасыған жастар үшін жан рахатын табатын жер осы – пикап орталықтары болған.
«Әйел көзбен тыңдап, құлақпен сүйеді» деген сөздің астарына мән берсеңіз, әлгі пикапшылар аруларды әдемі сөзбен құлатудың да, жылатудың да амалын үйренеді. Бізге бұл тәсіл Батыстан емес, Ресейден жетті. Қызды құртудың қырық түрін білетін «балгер» Джеффрис пен Мистердің тәсілін тәбәріктей ұстанған пикап қозғалысы Қазақстанды да қамтыды. Пикап-тренингтер мен кітаптар орыс тілінде де дүкен сөрелерінде самсап тұр. «Ерлер мен әйел теңдігін ұстанамыз» деп ақырында ар-намысты да жоғалтып алған әйел мен еркек-тің бірінен-бірі жиренетін сезімдерін селт еткізу үшін жасалған қадам қазаққа құт әкелмесі анық. Үйленіп, отау құруды мәңгілік мұрат ретінде түсінбейтін тексіз тұқымнан тарағандар қазақтың да шаңырағын шайқалтуы әбден мүмкін. Әлгі пикапыңыздың мақсаты осыны көздейді. Танысуды төсекпен шатастыратын ондаған, бәлкім жүздеген қыз-жігіттер тәжірибелерін шыңдау үшін бір күнде бұзылып тынады. Бір күндік неке мың күндік азапқа салып, Алланың алдында күнәға батырады.
Қысқасы, дамыған елдердің дымы қалмай барады. Экономикасы өсіп, тұрмысы түзелген сайын ақыл азайып, ақымақтық етек жайып барады. «Қазіргі заманда танысудан жігіттер де, қыздар да қорқады» дейді білгіштер. Бұл енді Батыстың да, АҚШ-тың да жастары үшін өзекті мәселе деуге болмас. Ол жақта танысу да тез, төсектану мәселесі де қиын деуге ешкім сенбейді. Пикапыңыз – бұзылғандарды бұза түсудің әдемі амалы. Оның Қазақстандағы ірі қалаларда қабырғасы қалануы – ұлт мәдениетіне төнген қатер. «Мен сөйлеу, жүріп-тұру, қарым-қатынас, ерлермен араласу мәдениетін меңгергім келді» дейді пикапшылар курсын бітірген қазақ келіншегі. Дәулетті жігіттің жары болып отырған оның осыған дейін мәдениеттен жұрдай болғаны ма?
Алматыдағы пикапшылар қозғалысының басы-қасында жүргендер әзірше екі түрлі ойда. Олардың бірі «танысудың амалын үйрету бүгінгі күннің қажеттілігі» деп санайды. Ал әйел пикапшылар мұны шын мәнінде, ерлердің мықты мәдениетті үйренуге деген ықыласы емес, әйелдерді төсекке қалай тез көндіруді үйрететін әрекет деп санайды. Бәрінен қызығы, бұл оңай олжаға кенелтетін бизнес екен.
Бұл пікірмен пикапшы ерлер оңайлықпен келіспейді. «Танысудың түрлі амалы еркектердің еңсесін көтереді, отбасындағы бақытты өмірді сақтайды» дейді. Дұрыс шығар, бірақ бәрінен де Алла санамызды сақтасын делік. Ата-анасы мен жеңгелерінің жөн сілтеуімен отау құрып, ғасырлар бойы ғажап дәстүрді жалғастырған, бақытты өмір сүрген аға ұрпақтың бүгінгі ізбасарлары пикап болмаса құритынын ештеңемен дәлелдей алмайсыз. Керісінше, сол танысудың тосын түрлерін насихаттап, жеңіл жүріске үйрететін айла-әрекет қазаққа қауіп төндіретіні даусыз.
Қазір жын-шайтанға, басқа да бәлекеттерге сенбеудің орнына, қай-қайдағы құбыжықты қолдан жасауға әуеспіз. Жұрттың бәрі өздерін «программалап» алған: «жұлдызнама бойынша, қан тобына, санға байланысты қандай адам, болашақта қай жұлдызды не күтіп тұр?» деген секілді сан түрлі сауалдардың жауабын тауып, жастығының астына тығып ұйықтайтындар көп. Сөйтеді де өздерінің мінез-құлқына сай, жаратылыстары жақын, тағы бір қисыны келмейтін бәлекеттің басын құрастырып, болашағын бұлыңғыр оймен байланыстырады. Одан гөрі саналы түрде ойлауды, салтанатты өмірді, сан соқтырмайтын әрекетті неге ойға алмаймыз?
Адамзатты алжастыратын амал көп. Ол сана саясатына да еніп, өміріміздің өзін басқа арнаға бұрып жатыр. Жұлызнамаға қарап жолын анықтауға әуес жастар үшін пикапыңыз парызын өтейтін орынға айналып барады. Онсыз да интернетпен ауыратын ұрпақты улап жатқанымыз аз ба? Жылтыңдаған жігіт, қылтыңдаған қыз көбейген заманда бұл қыз-жігіттің бағын ашатын емес, бақытсыздыққа душар ететін айла.
(Тақырыбы өзгертілген)
aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста