Желіде Мұхтар Шаханов қайтыс болғаны туралы хабар тарады

Желіде Мұхтар Шаханов қайтыс болғаны туралы хабар тарады

Әлеуметтік желіде Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың дүниеден өткені туралы хабар тарады. Ақынның "Жалын" журналындағы орынбасары Құдияр Біләл бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

 

"Кей ағайын әлеуметтік желі бетінде "Мұхтар Шаханов дүниеден озыпты" деп хабар таратуда. Басын ашып айтайық, жаңсақ хабар. Ағамыз дін аман. Қазір ғана сөйлестік. Сондықтан өтірік ақпарды таратуды тоқтатайық", - деп жазды Біләл Facebook парақшасында.

 

Айта кетейік, бұған дейін Мұхтар Шахановтың екі өкпесі қабынып, үшінші шілдеде ауруханаға түскені хабарланды.

 

"2 шілдеде Мұхтар Шахановтың туған күні болды. Соны редакцияда кішігірім атап өттік. Оның алдында шамалы мазасы болмай жүрді, бірақ қатты ауырған жоқ. Жөтел секілді аурудың белгілері болмады. Өзі үнемі қозғалыста жүретін адам болған соң кейінгі кездері көп демалғысы келе берді", - деген болатын Шахановтың орынбасары.

 

Кейіннен Құдияр Біләл ауруханада Шахановқа ерекше көңіл бөлінбей жатқанын айтып мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.

 

Ол Мұхтар Шаханов Алматы қаласындағы "Қалқаман" (№7 қалалық клиникалық аурухана – Sputnik) ауруханасында емделіп жатқанын айтты. Ауырғанына бір аптадан асқанын, емдеу шаралары әлі күнге дейін оң нәтиже бермегенін жеткізген болатын. Құдияр Біләл аурухана әкімшілігі Мұхтар Шахановты ауруға шалдыққанкөп адамның бірі ретінде ғана қабылдап жатқанын айтты.

 

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Шаханов 2004 жылдан бері "Жалын" журналында бас редактор қызметін атқарып келеді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста