Жеке прокурор немесе мен қалай құзырлы органның қудалауына түстім

Жеке прокурор немесе мен қалай құзырлы органның қудалауына түстім

Мен, Мейірлан Шакеев, Алматы қаласында тұрамын. Наурызбай ауданының аумағында орналасқан жеке массивте тұрамын. Біраз уақыт бұрын құдай қосқан көршім А. Садиховамен жер учаскесіне байланысты келісеушілік болып, ол дау сотта қаралды. Сот тиісті шешім шығарып, тек екі үйге ғана қатысты емес, бірнеше отбасының мүддесі тоғысқан жер учаскесіне қатысты шешім шығарды.

Алайда, іс онымен бітпеді. Осыдан кейін көршілер арасында жеккөрушілік, бақталастық басталды. Оған көршім А. Садихованың ұлы, сол кезде полицияда қызмет істеген Э.Мирзаевтың әрекеттері себеп болды және дауды одан әрі өршітіп жіберді. Бізді негізсіз айыптап, балаларымның көзінше балағаттап, тіпті, үйімнің қақпасына көліктерін тіреп қойып, үйге кіріп-шығуымызға бөгет жасаған кездері де болды. Мен өз аулама қауіпсіздік үшін бейнекамера орнаттым. Осы әрекетімді көршім А. Садихова заңға қайшы, жеке өміріме қол сұғушылық деп тауып, Алматы қаласы Наурызбай аудандық прокуратурасына шағым түсірді. Прокуратура ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі талаптарын өрескел бұзып, арызды сотқа жолдаудың орнына сотқа дейінші тергеудің біріңғай реестріне тіркеу және тергеу үшін Наурызбай аудандық ІІБ-ге жіберген. Бұл жерде арызданушы А. Садихованың ұлы сол уақытта сол аудандық ІІБ-де жедел уәкіл болып қызмет атқарғанынан-ақ біраз жайды аңғаруға болады. Арыз қабылдау, қылмыстық іс жүргізу тәртібінің жеке мүдделілік, бәлкім келісіммен бұзылуын Алматы қаласы Наурызбай ауданы прокурорының орынбасары А.Сабуровтың заңға қайшы қылық жасап Наурызбай аудандық ІІБ анықтаушысы М. Жұмажанованың істі қысқарту туралы шығарған қаулысын бірнеше рет жойып, тергеуді қайта жалғастыруды талап етуінен де байқауға болады. Бұдан басқа, Фрейд пайымы бойынша түсінікке жол бере отырып, прокурор орынбасары – А.Сабуров Садихованың арызына қол қоя отырып арыздың жоғарғы жағына – «Арыз беруші қызметкер болып табылады» - деп орындаушыларға арызданушының артықшылығын дөп басып жазып берген. Алайда, Садихованың өзі полиция қызметкері емес , ұлы Э. Мирзаев полиция қызметкері екенін меңзеген. Соның салдарынан тергеу 6 айдан астам уақыт жүргізіліп, менің Конституциялық құқықтарым дөрекі бұзылды, бірнеше рет жауап алуға шақырылдым, «ешқайда кетпеу» бұлтартпау шарасын қолданып, жүріс-тұрысыма шектеу қойылды. Бұл ретте мұндай арыздар бойынша істі қарау Қазақстан заңнамасына байланысты тек соттың құзыретінде болса да, аудандық прокуратураның араласуымен заңсыз тергеу амалдары жүргізілген. Осындай қысымға қарамастан, прокурор Сабуровтың заң бұзушылығынан туындаған тергеу барысында менің қандай да бір кінәм дәлелденбегендіктен анықтаушы М. Жұмажанова амалсыз істі қайтадан қысқартып, азаматша Садиховаға аталған шағыммен жекеше тәртіпте сотқа жүгіну керектігін 6 айдан соң бір-ақ түсіндірдірген. Ары қарай азаматша Садихованың арызы бойынша мені қудалау Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында жалғасын тапты. Алайда, сот та ағымдағы жылдың 25 мамырында мені ақтап үкім шығарды. Қазіргі уақытта анасы арыз жазып, мені қудалаған Э. Мирзаев ішкі істер органдарынан қызметтік тәртіпті қатаң бұзғаны үшін тәртіптік комиссия шешімімен қызметінен қуылған. Алайда, осы іске қатысты Алматы қалалық прокуратурасына Наурызбай аудандық прокурорының орынбасары Сабуровтың және Наурызбай ІІБ полиция қызметкерлерінің жоғарыда айтылған уәждер бойынша негізсіз қудалауына қатысты бірнеше рет жазған арыздарым өз нәтижелерін бермеді. Сонымен катар, осы жылдың 9 тамызында Алматы қаласы прокурорының орынбасары Ж.Бақашбаевтің, 9 қыркүйекте Наурызбай ауданынының прокуроры Н.Ракишевтің маған ішкі істер қызметкерлеріне қатысты тәртіптік өндірістің қозғалғаны жөнінде қаулы шығарылды деген жауаптары көзбояушылық үшін берілген жалған жауап болып шықты. Аталған тәртіптік өндіріс жайлы дерек беруін сұраған сауалыма Наурызбай ауданының ІІБ басшысынан оның басқаруындағы тұлғаларға қатысты ешқандай да тәртіптік өндірістің қозғалмағаны жөнінде жазбаша жауап алдым. Осылайша заңдылықты қадағалаушы органның лауазымды қызметкері әлдебіреудің жеке қызметшісіне айналғандай қылық танытты. Өз басым бұл жерде, қылмыстық қудалау органының іс-әркеттерін тоқтатудың орнына өзі қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, маған қатысты заңсыз қудалауды ұйымдастырған қадағалау органының қызметкері – аудандық прокурордың орынбасары Сабуровтың кінәсі деп ойлаймын, өйткені ол аталған санаттағы істер жеке айыптау бойынша (ҚР ҚПК 32-бабы) қозғалып, тек сотта ғана қаралатынын біле тұра осындай заң бұзушылыққа ашық барған. Осыған байланысты ҚР Бас прокуратурасына жүгінуге мәжбүр болдым. Бұл жерде Қылмыстық қудалау органының қызметкерлерінің және Наурызбай ауданы прокуроры орынбасарының мені заңсыз қудалау кезінде жеке мүдделілік танытқаны анық (ол жемқорлық салдарынан туындауы да мүмкін). Осыған байланысты Сабуровқа және басқаларға қандай жаза тағайындалады және оның әділ болуын тек Бас прокурор шешетіне күмәнім жоқ. Олай дейтіні бұған дейінде Ж. Асанов мырза Қарағанды облысының қызметте жауапсыздық танытқан бірнеше прокурорын қызметтен босатқан болатын. Сондықтан, аталған мәселе бойынша, салмақты да негізді СӨЗДІ тек ҚР Бас прокуратурасы ғана айтады деп сенемін. 

Мейірлан Шакеев

«Қамшы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста