Жеке детектив: қажет пе, жоқ па?

Ұсыныс сұранысты тудыратыны хақ. Бүгінде жеке детектив қызметіне жүгінетіндер саны артып отыр. Әрине демек бұл қызмет түріне сұраныс мол деген сөз. Бұдан шығатын қорытынды құзырлы органдар қызметін дұрыс атқармай отыр деген теріс пікір қалыптаспауы тиіс. Дегенмен көп жағдайда аталмыш органдар заң аясында қызмет атқарады. Ал жеке детективке артылар жүк заң аясынан тыс болуы да мүмкін. 

Бүгінде жұбайының көзіне шөп салып, сыртта сайрандайтындар саны артып отырғанын жасыра алмаймыз. Осыған сай жұбайының теріс қылығына күмәні бар азаматтар жеке детективтің көмегіне жүгініп жатыр. Ал тәртіп сақшыларына барып, «менің жұбайымның арының таза, не таза емес екенін анықтап беріңіз» деп олар үшін тосын «жаңалық» аша алмайсыз ғой. Ал бұл істі жеке із кесуші тап-тұйнақтай етіп атқарып бере алады. Тіпті дәлелдерімен де. Бейнекамераға, фотоға түсіреді, дыбыс жазып алады. Әйтеуір бұлтартпас айғақтарын алға тартады. Дегенмен мұның бәрін заңсыз десеңіз де дәл осы қызмет түрімен айналысатындар баршылық. «Жеке детектив қызметі» туралы елімізде заң жоқ. Егер дәл осы заң қабылдана қалса тәртіп сақшыларына бәсекелес болатыны айдан анық. Егер солай бола қалған жағдайда құзырлы органдардың жұмысы ширай ма еді деп санайтыындар да жоқ емес. Бүгінде қолында билігі бар органдардың істі сағызша созып жүріп алатыны қанша бүркемелесең де аяғы ашылып қала беретін ақиқат қой. Қылмыс орын алғаннан кейін тіркейтінін тіркеп, кейде тіпті қанша рет барса да тіркемей тентірететіні бар ғой. Барлық тетіктерді қосып, заң қабылдана қалатындай болса жеке із кесушілер барлық айғақтай заттарымен заң алдына тосар еді... Елімізде «заңды да заңсыз» жұмыс атқаратын детективтер жетерлік. Іздеу, іздестіру ісімен айналысатындардың арасында «қолдан қолға» тимейтін Шерлок Холмстары баршылық әрине. Бар болғанмен, заң жоқ. Ондайлар жарнамасыз-ақ жұмыс істейді. Астана, Алматы сияқты ірі мегаполистерде арнайы ғаламтордан тауып алуға болады. Тіпті арнайы сайт ашып алғандары да бар. Тіпті халық арасында аса қажетті қызмет түрлерінің тізімі де қоса берілген. Біріншісі «фотоға, бейнекамераға түсіру арқылы ізге түсу», «Ерлі зайыптылар арасындағы сенбеушілік, некеден тыс байланыстар», «баланың іс әрекеттерін бақылау», «Алыс ара қашықтықтан бақылау» деген сияқты қызмет түрлері бар. Кейінгі кездері дәл осы кәсіп түріне сұраныс артқан. Талай жыл ішкі істер органдарында қызмет еткен запастағы офицерлер бүгінде жас зейнеткерлердің қатарында. Бойларындағы күштерін қайда жұмсарын білмей жүрген экс-полицейлер егер арнайы заң қабылданса осы кәсіп түріне бел шешіп, білек сыбанып кірісуге құлшынып отыр. Жасырын түрде айналысатындары да жоқ емес. Елімізде «Жеке детектив қызметі» туралы заң осыдан жеті жыл бұрын қаралған екен. Бірақ бір қайнауы кем болғандықтан да ма ақыры қабылданбаған. «Жеке детектив қызметі» туралы заңның соңғы нұсқасы 2013 жылдың мамыр айымен редакцияланған. Ол туралы мамандардың тиімді ұсыныстары да бар. Онда жеке детективтің қандай іспен айналыспауына тиым салынғаны тайға таңба басқандай жазылған. Онда қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істермен айналысуына тиым салынады делінген. Тіпті жол көлік оқиғасын түбейгейлі зерттеуіне де рұқсат жоқ. Детектив қызметіне байланысты бейне, дыбыс жазу, кино, фото түсірілім жасауына болмайды делініпті. Бірақ ең дәлелді қажеттіліктер осылар емес пе? Тіпті арнайы техникалық құралдарды пайдалануға да рұқсат жоқ екен. Онсыз детективтің несі детектив? Күлкі шақыратыны да осы тұс. Осы саладан хабары бар кәнігі мамандар тұрмақ қарапайым азаматтан сұрап көріңізші, дәлелі жоқ детективтің не қажеті бар деуі әбден кәдік. Технология қарыштап дамыған заманда арнайы құралдардың көмегінсіз қызмет атқару мүмкін бе? Детиективке ұсынылған заңнан не қайыр? Барлығы да тиым салудан тұратын заң қабылданса оның жеке із кесушіге қандай пайдасы бар? Бәлкім тәртіп сақшыларының мүддесін қорғайтын күшті топ бар шығар, оны кім білген? Данияда дәл осы заңның күші жойылған. Ал АҚШ-тың әр штатында детективке байланысты өз заңдары бар. Тіпті кейбір штаттарында осы қызмет түрімен айналысуға тіпті шешімнің де қажеті жоқ екен.
Күйеуі үшін жеңгейлер теңгесін аямайды...
Расында бүгінде жеке детективке көп жүгінетіндердің дені сүйгенінің сұйық жүрісінен сезіктенген секемшіл бәйбішелер ақшасын аямайтынға құсайды. Мұны кәсібін жаңадан бастаған кәнігі маман айтты. Әрине түсіп тұрған теңгесінен айырылғысы келмейтін олар тілші қауыммен әзер дегенде тілдесетіні бар. Амал жоқ, атын жарияламайтын болған соң әзер дегенде келісті кейіпкерім. Негізгі мамандығы криминалист. Ішкі істер саласында талай жыл тапжылмай қызмет атқарған азамат бүгінде зейнетақысы артылып бара жатпаған соң ара арасында осындай қызмет түрімен айналысатынын жасырмады. Арнайы заң жоқ, заң жоқ болған соң оны заңды түрде тіркете алмайтыны тағы белгілі. Егер тіркелген жағдайда салық төлеп тұрары айдан анық еді. Ал оны салық органдарында «прочие услуги» деп тіркете алмайтыны тағы бар. Мұның органда істейтінін білетіндер өздері іздеп тауып қолқа салатын көрінеді. Қомақты қаражатқа алақанына салып тұрған соң істің бүге-шүгесін беске білетін маман әрине бас тартпайтыны сөзсіз. Бірақ ерлі-зайыптылардың арасын ажырататындай мәліметтерді жинағанда жүрегім ауырады дейді. Оның үстіне тапсырыстың басым бөлігін жұбайларының адалдығын анықтауға арналады екен. «Егер індетіп ізіне түссе, еліміздегі отбасылардың 80 пайызға жуығы ажырасып кетуі мүмкін. Некеге адал еместігін білсе де, көзі жетіп тұрса да кей бәйбішелер салқын ақылына салып, өмірлік жартыларын кешіріп жатады. Балалары үшін...» дейд кәнігі маман. Расында бүгінде өзгенің қаңсығына таңсықтық танытып сайран салуды құп көретіндердің қатары қалың екені рас. Оларды жолдан тайдыратын арсыз арзан бикелердің көптігінен де көз сүрінеді бүгінде. Отбасының ойранын шығарып, екеудің іргесін ажыратуға күш салатындарды да жоқ дей алмайсыз. Осындайда «шыңғырған шындықтан, өкпелетпейтін өтірік артық» деп қоя салыңдар деп ақыл айтқың да келеді. Бұ енді ауаны бөлек басқа әңгіме....
Таяқтың екінші ұшында елімізде қаншама қылмыс ашылмай қалып кететіні тұр. Егер заң қабылдана қалғандай болса қағазбастылықтан қолы тимейтін тәртіп сақшыларына көп көмек болар еді-ау деген де үміт бар. Қалай болғанда да жасырын түрде болса да дәл осы кәсіп түрі бүгінде гүлденіп келеді. Оны жасыра алмаймыз енді.

Нышанәлі Оспанов, заң ғылымдарының кандидаты:
- Дәл осы салаға қатысты заңның қажет екені анық. Кезінде арақ ішілмесін деген заң күшіне енгенде «подпольный цехтар көбейіп кетіп, соның кесірінен талай адам ажал құшты ғой. сол сияқты қанша тиым салғанменен «қоршаулы бақтың жемісі тәтті1 дегендей оған деген сұраныс тоқтамайды. Заңсыз болса да осы кәсіп түріне ұсыныс жасайтындар да, оны қанағаттандыратындар да табылады. Сондықтан да бұл толғағы пісіп тұрған мәселе деп санаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста