Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы ақшасын емделу не тұрғын үй сатып алуға ала алады

Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы ақшасын емделу не тұрғын үй сатып алуға ала алады

Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу мен тұрғын үй сатып алу үшін ала алады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап жазды.

Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында еңбек өтілі бар зейнеткерлерге жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсау құқығы берілгені хабарланды.

 

"Былтырғы 1 шілдеден бастап еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін "Отбасы банкі" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ немесе екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған қаражатқа жүгіне алады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану үшін жоғарыда аталған интернет-платформа арқылы "Отбасы банкі" АҚ "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" ғана жүгіну қажет", - делінген хабарламада.

 

Еске салайық, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделіп, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығын берді.

 

Бұл құқықты келесі санаттағылар пайдалана алады:

 

* БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Олар "жеткіліктілікті соманың ең төменгі шегінің" бір бөлігін пайдалана алады;

* зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40%-ын құрайтын белгіленген зейнеткерлер. Олар БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтар сомасының 50% дейін пайдалана алады;

* өзі үшін зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған соманы ала алады.

 

Бұл ереже жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста