Жазалаудың түрмеден басқа жолы жоқ па?

Жазалаудың түрмеден басқа жолы жоқ па?

Өркениетті елдерде түрмеге балама болатын тәрбиелеу орындарының жұмысы кеңінен жолға қойылған. Ал Қазақстанда жүргізілген сауалнама нәтижесінде, жазалаудың түрмеден басқа жеңілдетілген түрлерінің дамымай отырғандығы анықталды. Себебі сауалнамаға қатысқан азаматтарымыздың басым бөлігі бұл туралы білмейтін болып шықты. Ал түзеу мекемелерінің қызметкерлері оның сапасының төмен екенін мойындап отыр. Демократиялық қоғамға лайық жазалау орындарының жұмысын жандандыру – бүгінгі күннің басты талабы. Ал біздің түрмелеріміз, атқару-құқықтық жүйеміз бұл салада қаншалықты жұмыс істеп жатыр? Бұл сұрақ әркімді де мазалайтыны хақ.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2006 жылы еліміздің түрмелерінде 43 мың адам жазасын өтеген екен. Ал биылғы жылдың маусымындағы санақ нәтижесі олардың саны 62 мыңға жеткенін көрсетті. Байқап отырсыздар, аз жылда темір торға тоғытылған азаматтардың саны 19 мыңға дейін артқан. Адамдарды тар қапаста ұстай беру мемлекет үшін тиімсіз. Мамандардың айтуынша, бұл экономикалық шығынға ұшыратады. Жарияланбаған ақпараттарға қарағанда, түрмедегі бір адамға жылына шамамен 2 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалады екен.

Ал жалпы ел бойынша, сотталғандарға он екі айда 5 млрд теңгеден астам қаржы кететін көрінеді. Егер жазалаудың жеңілдетілген түрлері кең қолданылса, шығын да, қылмыскерлер де азаяр еді. Бұл туралы аталған салада қызмет етіп жүрген азаматтардың не ойлайтынын біру үшін оларға арнайы хабарласқан едік.

Шынар ҚҰСАЙЫНОВА, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкері:
– Түрмеге адамның жайдан-жай түспейтінін өздеріңіз жақсы білесіздер. Түрмеде сондай-ақ психологиялық жағынан ауытқыған, тәрбиесі нашар азаматтар да бар. Егер абайсызда қылмыс жасаған адам түрмеге түссе, ол сонда жазасын өтеп жатқандардың арасында жүріп, тәрбиесі тіптен бұзылып кетуі мүмкін. Оның сана-сезімі, ақыл-ойы түгел теріс арнаға өзгеруі ғажап емес. Мұндай жағдайды болдырмау үшін жеңілдетілген жазаның түрлерін дамыту керек. Бұл мемлекет үшін өте тиімді болар еді. Мәселен, үш жыл түрмеде отырғаннан гөрі, азаматтардың осы уақытта мемлекет үшін жұмыс істегені артық болар еді. Бұл азаматтардың өзі үшін де ұтымды болары сөзсіз. Қылмыскерлерді қоғамнан алшақтатпай жазалаудың бірнеше себептерін айтып кетейін. Біріншіден, біздің азаматтарымыз болғаннан кейін оларға жанымыз ашуы керек. Екіншіден, бұл – өркениетті елдерге тән жазалау түрі. Үшіншіден, түрмелерде жоғары білімді азаматтар да отыр, оларды қуғын-сүргінге ұшырата бермей, қоғамды бірге дамытуға тартуымыз керек. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, қылмыскерлермен психологиялық жұмыстар жүргізу, айыппұл төлету оларды өз ортасына түсірудің ең ұтымды жолы болып саналады. Менің түсінігімде, түрме – адамдарды тәрбиелейтін емес, керісінше, қылмысқа итеретін орын. Егер біз түрмелердің санын арттыра берсек, бұл келер ұрпақтың санасына, ақыл-ойына жаман әсер етеді. Біз жастардың түсінігіне «түрме» деген сөзді енгізбеуге күш салуымыз керек.

Иманәлі Дүйсебаев, ЛА 155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары:
– Бізде жазаның жеңілдетілген түрі – үйқамақ деген жаза болғанымен, ол тәжірибе жүзінде толық жүзеге асып жатқан жоқ. Менің ойымша, заңға түзетулер енгізіп, жеңілдетілген жазаның түрін көбейтуіміз керек. Мәселен, бізде Қылмыстық кодекстің 177-бабы бойынша, яғни алаяқтық жасаған азаматтарды бірден түрмеге қамайды немесе тауық ұрлаған адамды бірден темір торға жабады. Қарап отырсаңыздар, бұл адам өлтіргендердің қасында түк емес, оған қатал жаза қолданудың қажеті жоқ сияқты. Осындай жағдайдың салдарынан елімізде түрме саны артып келеді. Жақында Шымкент қаласынан әйелдерге арналған жаңа түзеу мекемесі ашылса, алдағы уақытта Атырау қаласынан тағы осындай мекеме ашу жоспарда бар екен. Оны қосқанда, елімізде әйелдерге арналған бес түзеу мекемесі болмақ. Қазіргі күні 1100 адамға арналған ЛА 155/4 түзеу мекемесінде 1300-ден астам адам отыр. Түрме санын көбейту мемлекетке орасан зиянын тигізеді. Түрмедегі бір адамға күніне 900 теңге кетсе, бір жылда 317 590 теңге жұмсалады. Бұл – ойланатын шаруа. Түрмеде баласымен отырған әйелдерге жеңілдік жасалу қажет. Себебі онда әйелдің өзі де дұрыс тәрбиеленбейді, баласын да дұрыс өсірмейді. Ал ол баланың мемлекетіміздің азаматы екенін естен шығармауымыз керек. Балаға тек анасы емес, мемлекет те баласындай қарауы тиіс. Тағы бір айтқым келгені, мекемемізде нашақорлықпен айналысқан, оны қолданған адамдардың саны басым. Неге біз оларды түрмеге емес, арнайы емдеу орталығына орналастырмаймыз? Олар сонда тез жазылып кетер еді. Олар жазылғаннан кейін қоғамдық жұмысқа да араласады.
Бүгінде Қазақстан халқының 0,3 пайызы – түрмеде, 0,1 пайызы тергеу изоляторларында отыр екен. Психологтардың сөзіне құлақ түрсек, жыл сайын мыңдаған адам түрмеден шыққанымен, олар туған-туысқанымен, достарымен араласа алмай, қылмыс жасау арқылы қайта темір торға қамалады. Тағы бір кілтипан, бұл азаматтар денсаулық сақтау саласына да орасан салмақ салуда. Мәселен, бүгінде республикадағы ВИЧ қоздырғышын жұқтырған әрбір үшінші ауру адам түрмеде отыр. Түрмедегі суицид мәселесі де асқынып барады. Мамандардың айтуынша, соңғы жеті жылда олардың саны анағұрлым артқан. Олар бұл біздегі жеңілдетілген жазаның түрлерінің болмауынан дегенді айтады.

Түйін
Қазақ жерінде абақты деген болмаған. Десек те, халқымыз жазалаудың неше түрін қолданған. Бабаларымыз жазалаудың ең ауыр түрі ретінде, қылмыскерді рудан аластау түрін пайдаланған. Әрине, мұндай заң келмеске кетті. Бірақ гуманизм принципін ұстанған ХХІ ғасырдың ұрпақтары жазалаудың түрмеден басқа да түрлерін ойлап тапты. Соның бірі ретінде қылмыскерлерге айыппұл төлету, оларды психологиялық тәрбиелеу жұмыстарын айтсақ болады. Алайда мамандардың сөзінен байқасақ, бізде мұндай әділетті жазалау жолдары жөнге келмеген. Ал оны дамыту  бүгінгі күннің басты мақсаты болуы шарт.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста