Республикалық маңызы бар бағдарламалар жүзеге асуын асып жатыр-ау. Алайда оны жетер жеріне жеткізбей, жергілікті атқамінерлер желкесін қиып отыр. Мысалға...
Облыстық прокуратураның тексеруі барысында Жамбыл облысы әкімдігінің «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» басқармасының кәсіпкерлік қызметті атқаруға құқыққа сай емес ықпал етуі жайты анықталды. Басқарма мен «Қазақстан ауыл жастары» қоғамдық бірлестігі арасында жасалған наурыз айындағы келісімшартқа сай, соңғы «Жасыл ел» бағдарламасын орындау аясында 3 850 000 теңгеге жастар акцияларын және өзге де іс-шаралар өткізуге міндеттеме алған. Алайда орындаушы келісімдегі міндеттемелерінің 1 639 095 теңгесінің жұмысын орындамағанына қарамастан, басқарманың лауазымды тұлғалары қабылдаған міндеттердің толық көлемде орындалғаны туралы актіге қолын қойып, нәтижесінде 100 пайыздық төлем жүргізген. Сондай-ақ басқарманың лауазымды тұлғалары орманды қорғау іс-шараларын өткізу жөніндегі келісімшарттағы міндеттерін уақтылы орындамаған «Тараз фортуна» ЖШС мен «Тараз орман шаруашылығы» ЖШС-ға қатысты шара қолданбаған.
Дәурен КӨБЕЕВ, Жамбыл облыстық прокуратурасының басқарма аға прокуроры:
– Облыстық прокуратураның ұсынысы негізінде басқарма бастығының орынбасары мен бөлім бастығы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» заңының талаптарына сай, тәртіптік жауапқа тартылды.
«Жасыл елден» жырып жепті
Последние статьи автора