Жастар жауызданып бара жатқан жоқ па?

Жастар жауызданып бара жатқан жоқ па?

Көрмейін десең, көзің бар. Ойып тастай алмайсың. Шыққыр көзің, күнделікті өмірде бәрін көреді, қайтерсің. Сосын заман солай деп, жауырды жаба тоқисың.
Жалпы қай заманда да шалдарға жастар ұнамаған. Қай кезде де сын айтылған. Бірақ, онан тоқтап қалған өмір жоқ. Жалғаспай қалған ұрпақ және жоқ. Дегенмен бір түрлі бүгінгі жастар. Қызға ұқсап, нәзіктеніп бара жатқандай. Шибұт, мықынсыз, мәңгүрттеніп жатқандай. Рухы әлсіз, жанарлары солғын. Майдаланып кеткендей ме?
Оның есесіне қайырымы аз, қатал, қатыгез секілді. Әрине, бұл жерде көпке топырақ шашқымыз жоқ. Бірақ, жастар жөнінде қылмыстық әлем болашағыңды бұлыңғыр еткендей цифрларды ұсынады. Сол жастардың қолымен жасалған қылмысты саралағанда оның астарында асқан жауыздық жатқандай сезінесің.
Қызылорда облысының жас буыны бұл өкініштерден қалыс қалып жатқан жоқ. Тәрбиенің тетігінен жалаң ақыл мен жалаң ұран жайлаған қоғамның қасіретін көресің. Өтірік отаншылдықты, жалған ақылмандардың әрекетін байқайсың. Ата-анадан бастап тәрбиеге қатысты құрылымдардың ешқандай ұрпақ алдында жауапкершілігі жоқтығына налисыз. Ең бірінші, бұған біз – ата-ана кінәліміз. Сыныққа сылтау іздеп, бұқпантайлағаннан оңар ұрпақ жоқ.
Облыс бойынша, жасөспірім арасындағы қылмыстың көрсеткіші соңғы кезде 47 пайызға өсті. Қылмыс жасап, құрықталғандардың қатары 2 мыңнан асыпты. Бұл дегеніңіз – тепсе темір үзетін әскер емес пе? Әскер демекші, бұл парыз бүгінде жайына қалған. Осыдан-ақ, бағамдай беріңіз, Отаннан қадір қашқанын?!
– Облыс бойынша 1627 жас әскерге комиссиядан өтуге тиісті-тін. Оның 372-сі мүлдем келмеді, – деп шарасыздыққа салынады әскери комиссарият.
Бұл тәуелсіздік алған мемлекеттің қай бейшаралығы. Бұрын әскери комиссарияттың рөлі, айбынды абыройы қалай еді? Ел боламыз десек, қайта есіміз кетіп бара ма? Ел болатын елдің қорғаны болмаса, аузын айға білеген арыстандай қорғаушысы болмаса, ұйқың тыныш бола ма? Қоян жүрек, қалтырауық ұрпақ кімге сүйеніш болсын? Көбісі әскерден қашады. Барғаны өз өзіне қол салады. Бұл не, мейірімсіз мемлекетте өмір сүріп, жауапкершіліктен жұрдай биліктің анархиясының құрбаны ма? Ешкім жауап бермейді. Сондықтан әскерге барғысы жоқ жастардың. Қызықпайды, ұмтылмайды. Өйткені, ұлттық мүдде жоқ, мына қоғамда.
– Жастар арасында топ болып төбелесу көбейді. Әлім жеттік жасау, бопсалау, зорлық жасау күрт өсті. Адам айтқысыз қатыгездік, жауыздық басым жатыр, – дейді психолог Дүйсен Сыздық.
Жүйкелері тумай жатып сыр берген көбісінің. Оған себеп көп. От басынан басталған қолайсыз ахуал, түрлі көрсетілімдер, батыстық атыс-шабыс сериалдары мен қорқынышты фильмдер. Қажет десеңіз, бүгінде балалар мультфильмдерінің өзі атыс-шабыстан тұрады. Кейіпкерлерінің өзі қорқынышты. Оның үстіне экологиялық зардаптар, бәрі-бәрі әсер етеді дейді мамандар.
Айтса айтқандай, соңғы кездегі болып жатқан қоғамдық құбылысқа терең үңілсеңіз, тәрбиеден жұрдай болып бара жатқанымызды көресіз. Өз өзіне жастардың қол салуы Қызылорда облысында ашық күйінде қалып отырған тақырыптың бірегейі. Бірақ, дәл қазіргі билікке болашақтан гөрі бүгінгі тірлік өз көйлегіне жақын, кеудесіне жылы тиеді. Ол — мұнай, ақша, тақ, атақ-даңқ. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» дегендей, болашақсыз елдің ертеңі жоқ. Ең қорқыныштысы сол.
Сонау 90-шы жылдары қала орталығындағы бір аялдамада бір балаға үшеуі жабылып жатты. Төбелестің шектен шыққандығы сондай, ол маңай қаннан көрінбей кетті. Ана сорлыны үшеуі тепкілегенде қабырғасы сөгіліп, бас сүйегі шашылып қалардай. Жұрт аңтарыла қарап тұр. Сонда шамасы сексенді алқымдап қалған бір ақсақал: «Ау, мына «самопалдан» туған иттерді арашаламайсыңдар ма?» – деп дүйім жұртқа айқай салған-тын. Ешкім селт еткен жоқ. Неге екенін қайдам, сонда қара шал қолындағы таяғымен жер сабалай берді, сынғанша. Біреулер «Алжыған ба?» деп күңк етті. «Жоқ, – дедім. – Бұл ақылдың шарасыздығы, адамның азғындығына күйінген жан ашуы, қара шалдың мына тоғышар пенделерге көрсетіп жатқан наразылығы» дедім мен ішімнен. Ал алжыған – бізбіз. Адасқан біз шығармыз. Өйткені, болашағымыз бұлыңғыр, мәңгүрттігіміз басым.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста