Жасанды түсіктен дамыған елдерді шаң қаптырып келеміз

Жасанды түсіктен дамыған елдерді шаң қаптырып келеміз

Бүгіндері жасанды түсік (аборт) – бүтін ғаламды сарыуайымға батырып отырған аса өткір мәселе болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемде жыл сайын орта есеппен 46 миллион жасанды түсік жасалады екен. Яғни құрсақтағы болашақ сәбилердің 22 пайызын жарық дүниеге келтірмей, өз қолымызбен тұншықтырамыз. Қандай қасіретті дерек! Бұдан да ауыр тиетіні, жасанды түсік жасаудан біздің ел қара-құрым халқы бар дамыған мемлекеттердің өзіне қара көрсетпей келеді.

КЕШЕГІ КЕҢЕСТЕН ҚАЛҒАН «КЕЛЕҢСІЗ МҰРА»
Жалпы, Кеңес Одағы аборт жасатудан алдына қара салған емес. 1920 жылы алғашқылардың бірі болып КСРО жасанды түсікке заң жүзінде рұқсат берген болатын. Алайда аборт жасату бойынша, статистика қатаң құпияландырылған. Тек 1980 жылдары ғана ашық айтыла бастады. КСРО тарихында жасанды түсіктің ең көп тіркелген жылы – 1964. Осы жылы одақта 5,6 миллион аборт жасалыпты. Кеңес Одағы ыдыраған соң да осы ахуал сақталып келеді. бұрынғы Кеңес елдері әлі де аборттан алғашқы орындарды бермей жүр. Мәселен, БҰҰ-ның есебі бойынша, Ресей 2004 жылы әлем елдері бойынша бірінші орынға тағы шығыпты. Бұл мемлекетте тіпті жарық дүние есігін ашқан сәбиден жасанды түсіктің саны асып түскен кездер де аз емес. Атап айтқанда, 2001 жылы 1 миллион 320 мың нәресте аман-есен дүниеге келсе, 1 миллион 800 шарана аборттың құрбаны болып кете барған.

Өкінішке қарай, Қазақстан да бұрынғы Кеңес Одағының осы бір «келеңсіз мұрасынан» құтыла алмай келеді. Жыл сайын орташа есеппен 133 мыңдай аборт жасалатын. Дегенмен өткен жылы бұл санды біраз азайтуға қол жеткен, яғни 123 мыңға дейін кеміген. Ал биылғы жылдың алғашқы 7 айында 60 мың аборт жасалып үлгеріпті. Осыған қарағанда биыл да жасанды түсік саны біршама азаюы мүмкін. Алайда бұл көрсеткіш көңілге демеу бола алмасы анық. Жасөспірім қыздардың арасындағы жүктілік те 2008 жылғымен салыстырғанда тоғыз пайызға дейін төмендеген. Демек, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің осы бағыттағы соңғы жылдардағы жұмысы жандана түскен деп қорытындылауға негіз бар. Ресми деректерге жүгінсек, жасырын аборт жасау оқиғалары да жыл санап азая бастаған. Десе де, аборт әлі де ана мен бала өлімінің басты себептерінің бірі болып келеді. Және осы мәселеде дамыған мемлекеттердің көрсеткіштерінен әлі де алшақпыз. Тек қана бала көтеруге қабілетті әйелдер арасындағы жасанды түсіктің өзінен 4-5 есеге алдамыз.

КОНТРАЦЕПЦИЯ КӨМЕКТЕСЕДІ
Ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы мамандардың пікірінше, мұның бір себебі – қазақстандық әйелдердің жоспарланбаған жүктіліктен қорғанудан, яғни контрацепциядан хабарының аз екендігінде көрінеді. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының әкімшілік директоры, профессор Талшын Үкібасованың айтуынша, еліміздің әрбір үшінші әйелі ғана контрацепцияны әредік болса да пайдаланады екен. Ол бұл пікірін Астанада Контрацепция күнін атап өтуге орай өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Әрбір оныншы қазақстандық жұбайлар жұбы жүктіліктен қорғанудың сенімсіз тәсілдерін қолданады. Мұның бір себебі – біздің әйелдердің контрацепция туралы аз білетіндігі», – дейді Талшын Үкібасова. Оның пікірінше, кейбір аймақтардағы жағдай тіптен төмен, әйелдердің 23-32 пайызы ғана контрацепциядан хабардар.

Ал шет мемлекеттер бұл мәселеде бізден әлдеқайда сауатты. Атап айтқанда, Ұлыбританияда әйелдердің 81 пайызы осы тәсілді жүктіліктен қорғануда ең сенімді жол деп біледі.

Әлем жұртшылығы жасанды түсікпен күреске ерекше мән беріп отыр. Үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен осыдан үш жыл бұрын Дүниежүзілік контрацепция (жоспарланбаған жүктіліктен қорғану) күні аталып өтіле бастаған. Қазір бұл акцияға қатысушы мемлекеттердің саны жыл санап өсіп келеді. Биыл акцияға 70-тен астам мемлекет үн қосады деп күтілуде.

Қазақстанда 7-11 қыркүйек арасында Дүниежүзілік контрацепция күніне байланысты бірқатар шаралар өткізбек. Атап айтқанда, еліміздің 14 аймағында арнайы акциялар ұйымдастырылады және мамандар қыз-келіншектерге тегін ақыл-кеңестер береді. Ұйымдастырушылар негізінен жастар көп шоғырланған жоғары оқу орындарын барынша көбірек қамтуды көздеп отыр.

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ...
Түсік жасатуға түбегейлі тыйым салынған елдер (мұнда жасанды түсік – адам өлтірумен тең қылмыс саналады): Ауғанстан, Ангола, Бангладеш, Венесуэла, Гондурас, Мысыр, Индонезия, Ирак, Иран, Ирландия, Йемен, Колумбия, Ливан, Ливия, Мавритания, Мали, Непал, Никарагуа, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Парагвай, Жаңа Гвинея, Сальвадор, Сирия, Чили, Филиппин.
Түсік жасауға ана өміріне қауіп төнген жағдайда ғана рұқсат берілетін елдер: Алжир, Аргентина, Боливия, Бразилия, Гана, Израиль, Кения, Коста-Рика, Марокко, Мексика, Нигерия, Пәкстан, Перу, Польша, Уругвай.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста