Жәрдемақы мен зейнетақы тағы да өседі. Неге?

Келер жылы әлеуметтік саланы дамытуға мемлекеттік қазынадан 7 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл сома 2020 жылмен салыстырғанда 454 млрд теңгеге артық екен. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жыл сайынғы индекстеуге және зейнетақы мен жәрдемақы алушылар контингентін ұлғайтуға қосымша 265 млрд теңге қарастырылып отыр. Сондай-ақ мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру мәселесі де басты назарда.

Қаржы министрлігінің «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында былай делінген: «2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi &ndash 42 500 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері &ndash 18 524 теңге, зейнетақының ең төмен мөлшерi &ndash 42 272 теңге, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш &ndash 2 917 теңге; базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы &ndash 34 302 теңге болып белгiленсiн».

Ұлттық статистика бюросы
Биыл қаңтардың 1-нен бастап инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып базалық зейнетақыны &ndash 5 пайыз, жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемін 7 пайыз (инфляция деңгейінен 2 пайызға артық) кезекті рет жыл сайынғы индексация жасалды. Биыл да жасына байланысты мемлекеттен төленетін зейнетақы төлемі және еңбек еткен кезеңіне байланысты төленетін зейнетақы төлемі келер жылдан бастап 7 пайызға көтеріледі.

Жыл сайын зейнетақы мен жәрдемақы белгілі бір пайызға көтерілгенімен азық-түлік бағасы, қызмет көрсету құны да артып отырады.

GSB UIB бизнесті талдау орталығы маманы Асылхан Андашовтың айтуынша, кез-келген жалақының өсімі халықтың жағдайына және сұранысқа оң әсер етеді. Алайда ең төменгі зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің 5-7% артуы халықтың әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді деп айту қиын. Бұл өсім елдегі жылдық инфляция көлемінен де аз.

&minusЕлдегі ең төменгі жалақы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42 500 теңгені құрады. Айлық есептік көрсеткіш пен әлеуметтік төлем, күнкөріс шегі артқанымен, ең төменгі жалақы деңгейін өсірмеу еш қисынға келмейді. Өйткені біздегі ең төменгі жалақы мөлшері Ресей мен Беларусь еліндегі көрсеткіштен әлдеқайда төмен, &minus деді Асылхан Андашов.
Оның айтуынша, елдегі ресми ақпарат бойынша орташа жалақы 200 мыңнан асып жығылады. Мемлекеттің жалақыны жыл сайын бірден ондық көрсеткіштегі пайызға арттыруға шамасы жетпейді. Өйткені республикалық бюджетке назар аударатын болсақ, 2021 жылы бюджет шығыны 14 трлн теңге болса, табыс көлемі &ndash 6,9 трлн теңге. Байқағанымыздай табыс шығыннан екі есе аз. Сондықтан әзірге мемлекет тек Ұлттық қордың есебінен ғана әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттырмақ.

Елдегі медианалық жалақы (яғни, халықтың көп бөлігі алатын жалақы) 100-120 мың теңге көлемінде. Кей облыстарда ол көрсеткіш 100 мыңға да жетпейді. Алайда, бізде көбіне медианалық жалақыны емес, орташа жалақыны есептеп шығарады. Оның ішіне көше сыпырушыдан бастап даяшы, дәрігер, инженер, мұғалімнің және т.б. жалақысы айына бірнеше миллион табатын топ-менеджердердің, басшылардың жалақысымен қосып есептеп шығарады. Сөйтіп ресми ақпарат бойынша орташа айлық жалақы көлемі 200 мың теңгеден асып жығылады. Бұл жағдайдан елдегі теңсіздікті аңғаруға болады, &minus дейді GSB UIB бизнесті талдау орталығы маманы.
Айта кетерлігі, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 2010 жылы 669 398 адам болса, биылғы жылы 771 860 адамға жеткен.

Зейнетақы алушылар саны соңғы 10 жылда айтарлықтай өскенін көруге болады. Ресми статистика бойынша 2010 жылы 1 695 301 зейнеткер зейнетақы алса, биыл бұл көрсеткіш 2 225 147 құрап отыр. Зейнеткерлердің саны бойынша Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары мен Алматы қаласы алда келеді.

Атаулы әлеуметтік көмек қалай тағайындалады?

Биыл елімізде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа тетігі іске қосылды. Бірінші өзгеріс, АӘК тоқсан сайын тағайындалады. Екіншіден, мемлекеттен AӘК алып, жұмысқа қабілетті болған адамдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Жұмыс істеуден бас тартқан жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады. Үшіншіден, жағдайы төмен отбасыларға ай сайын әлеуметтік пакет беріледі. Төртіншіден, көп балалы отбасыларға табыс деңгейіне қарамастан жәрдемақы төленеді.

Айта кетерлігі, АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан  аспайтын отбасыларға тағайындалады.

Биыл атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін бюджеттен 78,6 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік көмектің бұл түрін 170 мың отбасынан 865 мың адам алды.

Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік, тұрмыстық жиынтық ұсыну сынды көмектер қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап жиынтықтарды алуға өтінімді aleumet.egov.kz. арқылы беруге болады. Мұндай қызмет әлеуметтік қорғалмаған санаттағы азаматтарға өтінімдерді тезірек және ыңғайлы беруге және қызметті уақытында алуға көмектеседі. 2021 жылдан бастап бұл қызметті 250 мыңнан астам қазақстандық пайдаланады деп жоспарлануда.

Елімізде көп балалы отбасыларға жеңілдетілген несие беру қарастырлыған. 2020 жылы көпбалалы және аз қамтамасыз етілген 1 294 (10,7%) отбасы жеңілдетілген несие алған. Мұндай шағын несиенің пайыздық мөлшерлемесі 4%. Мерзімі &minus 7 жыл.  Несиені 5 млн теңгеге дейін алуға болады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста