Жаратылысқа жат құбылыс қайдан келді?

Жаратылысқа жат құбылыс қайдан келді?

Қасиетті Құранда «Бар ғалам иесi Алла жер бетiндегi тiршiлiкке иелiк етcін деп адамды жаратты.  Алдымен Адам атаны, оның қабыр­ға­сынан Хауа ананы жаратты» делінеді. Яғни адам­зат ұрпағы жалғассын деп, Алла адамның бірін – еркек, бірін әйел жынысты етіп жаратты. Осы кезеңге дейін адам баласы жаратылыстың осы заңымен өмір сүріп келді. Жаратылыс заңы бо­йын­ша адам екіге бөлінеді – еркек, әйел. Үшін­шісі берілмеген. Алайда соңғы уақытта адам­ның қай жыныстық тобына да жатқызуға кел­мейтін үшінші топ пайда болды. Оларды кім деп айтуды да білмейсің. Мұндай топтар ең ал­дымен «өркениеті дамыған» деген Еуропа ел­дерінде пайда болып, ақырын-ақырын қанат жа­йып, бүгінде бізге де жетті. Еуропалықтар олар­ға «гейлер», «лесбиянкалар» деп ат та беріп қойған.
Еуропаның кейбір елдерінде мұндай бір­жыныс­ты топтар арасындағы қатынас заңмен реттел­ген. Олардың отбасын құрып, бала асырап алу­ларына да рұқсат берілген. Тіпті діни орталықта неке қидыруға да құқықтары бар (Алайда дін қыз­меткерлері ондай некені рәсімдеуден бас тар­туы мүмкін. Өйткені мешіт те, шіркеу де мұндай не­кеге қарсы). Мұндай топтағылар Англия мен Уэльс­те осындай құқыққа қол жеткізген. Ал Фран­цияда келесі жылдан бастап біржыныстылардың отбасы құруына рұқсат беретін заң күшіне енеді.
Американың қазіргі президенті Барак Обама да біржынысты некені құптаушылар қатарында екен. Азаматтар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы америкалықтардың 50 пайызы бұл мәселеде өз президентін қолдайтындары анық­талған.
Өкінішке қарай, «үшінші топтағылар» біздің елде де пайда болып, қатары күн санап көбейіп келеді. Кейбір бейресми мәліметтерге қарағанда, бүгінгі таңда олар еліміздегі жалпы халық саны­ның бес пайызын құрайды екен. Бұл – алаңдатар­лық жағдай. Яғни халқымыздың бес пайызынан ұр­пақ тарамайды деген сөз. «Мұндай құбылыс түп­тің түбінде адамзаттың құрып кетуіне әкеліп соқ­тырады» дейді мамандар.
Болатхан МАХАТОВ, физиолог ғалым:
– Негізі, біржынысты адамдардың бір-бірімен жы­ныстық жақындыққа баруы бұл – физиоло­гия­лық ауытқудың салдары. Яғни адам бойында гор­мо­нальдық ауытқу пайда болады. Жаратылыста мұн­дай құбылыстың 10 мың адамның біреуінде кез­д­есу ықтималдығы бар. Алайда қазір мұндай ықтималдық артып келеді. Бұған әртүрлі әлеумет­тік тенденциялар әсер етіп отыр. Мәселен, бұрын­ғы кезде еркек отбасын асырау үшін аң аулап, жер жыр­тып, ауыр жұмыстар атқарса, әйел үй шаруасы мен бала тәрбиесін алып жүрді. Ал бүгінгі таңда әйел­дер арасында отбасын асыраушы болып, тіпті жүк тасып, ауыр жұмыстарды атқарып жүргендер кө­бейді. Ал, керісінше, ерлердің қатарында каби­нет­те отырып, жеңіл жұмыс атқарып жүргендер, тіп­ті үйде бала бағып отыр­ғандар саны өсіп келе­ді. Бұл адам орга­низмінің физиологиялық өзге­ріс­ке ұшырауына ықпал етеді.  

Алғашында олардың атын естігенде құлаққа түрпідей тиіп, үйрене алмай жүргенімізбен, бұл күнде олардың атына елеңдеуді қойып, өздерін көшеде көріп, көзіміз де үйрене бастады.
Олар да өз болмысынан қысылмай, ашық­тан-ашық теледидар арқылы өз­деріне жұп іздейтіні жайлы, байланыс те­ле­фонын ашық жазып, жарнама да беріп жүр. Жастардың жарыса қарайтын «Хит ТВ» телеарнасында мұндай жарнаманы күнде көруге болады. Аталмыш арнада көбінесе бейнебаян беріліп жатқанда, астындағы ұялы телефон арқылы берілетін жүгіртпе жол­дағы жарнамадан қасына жұп іздеген «үшінші топ» өкілдерінің хабар­ламасын жиі кездестіретін болдық. Ғалам­торда да олардың арнайы танысу сайттары бар. Ол сайт беттерінде олардың іс-әре­кеттерін қолдайтын жылы пікірлермен қатар, неше түрлі суреттер де жетіп-артылады. Мұндай жарнамалар мен сайттардың жастар пси­хологиясына оң әсері бола қоймасы анық.
Ірі қалаларда олардың тек өздері бас қосатын түнгі клубтары бар екені қазір дүйім жұртқа мәлім. Мемлекет біржынысты отбасы құруға заңмен тыйым салғанымен, олардың түнгі клубтарының, сайттарының қызметіне тосқауыл қоймай отырғаны түсініксіз. Өйткені ертең-ақ олардың қа­тары көбейіп, Еуропа елдеріндегі сияқты отбасын құруға, бала асырап алуға рұқсат беріңдер деп, көшеде шеру ұйымдас­тырмасына кім кепіл?! Бірақ дәл қазір олардың түнгі клубтары мен сайттарының қызметін тоқтатуға талпынып, тіпті сол жайлы алаңдап жүрген де ешкім жоқ сияқты.
Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты:
– Біздің елде де мұндай топтағы адамдардың бар екені рас. Бірақ олар да адам ғой. Олардың клубтарын, сайттарын жапқанмен, мәселе шешіл­мейді. Біз бұл нәрсенің тереңіне үңі­луіміз керек. Бәлкім, бұл физио­логиялық-психологиялық ауру шығар? Ауру болса емдеу қажет. Бәлкім, эколо­гияның да әсері бар болар? Мұны терең зерттеуді ғалымдар қолға алуы тиіс. Ал, менің ойымша, бұған от­ба­сындағы тәрбиенің әлсіреуі де әсерін тигізіп отырған сияқты. Қазір балалар көп жағдайда әйелдің ғана тәрбиесінде қалып отыр. Жалғызбасты аналар тәр­биелеп жатқан балаларымыз қаншама. Тек қана әйел тәрбиесін көріп өскен бала нәзік болып өсуі ғажап емес. Сондықтан отбасындағы бала тәрбие­сіне қатты мән беруіміз керек. Кейде отбасында тек ұлдар ғана өсіріп отыр­ған ата-ана кіші ұлын қызша киіндіріп, қыздай етіп тәрбиелейді, керісінше, ұлы жоқ отбасы бір қызын шолжаң­датып, еркекше киіндіріп, еркекшора қылып өсіреді. «Баланы жастан...» демекші, жастайынан ер баланы ер, қыз баланы қыз етіп тәрбиелеу қажет.

Мамандар арасында мұндай ауытқуды адамдардың психологиялық тұрғыдан әлсіз болып бара жатқанымен түсін­діретіндер де бар. Бұл, шынымен де, психологиялық ауытқу ма?
Анна ҚҰДИЯРОВА, психоаналитик:
– Мұндай құбылысты психоло­гиялық ауру деп айта алмаймын.
Оны адамдардың ерекшеліктеріне жатқызса болатын шығар. Кейде тұқымқуалау­шылық себеп болса, кейде өте ерте психологиялық әсердің сал­дарынан да адамдар осындай күйге түсуі мүмкін. Мысалы, ата-ананың қы­зын ұл сияқты, ұлын қыз сияқты киін­діріп, олардың анатомиялық ерек­шеліктеріне мән бермей тәрбиелеуі жас баланың психологиясына кері әсер етуі мүмкін. Көптен күткен қыздың орнына ұл туса, армандаған ұлдың орнына қыз туса бейсаналы түрде, ал кейбір отбасыларында саналы түрде тәрбиеленген қызмінезді жігітті, еркек мінезді қыздарды кеңінен кездестіруге болады. Менің тәжірибемде мынадай бір жағдай кездескен еді: 13-14 жастағы қызды жақын туысы зорлайды. Содан әлгі қыз қатты күйзеліп, «бұдан былай денеме еркектің қолын ти­гізбеймін» деп өзіне сөз беріп, бойында ер адам­дарға деген ашу, өкпе қалып­тасады. Еркектерді жек көріп, қыздарды ұната бастайды. Сөйтіп, қыздың бойында психологиялық өзгеріс пайда болған. Өзім куә болған тағы бір оқиғада, кішкентай төрт-бес жастағы ұлды анасы үнемі көршісінің жасөспірім ұлына қалдырып кетіп жүрген. Өздері жеке қалғанда папа-мама ойнаймыз деп алдап, көршінің баласы үнемі жыныстық қатынас жасаған. Уақыт өте кішкентай баланың еті үйреніп, бұл жағдайды ұната бастаған. Кейін есейе келе де ол баланың жігіттерге көңілі түсіп тұратын болады. Сөйтіп, ер-азаматпен табысады. Сол жігіт бірге тұратын ері тастап кетіп, күйзеліске түскен кезінде келді. Қабылдауыма бірнеше рет келіп, сөйлескен соң, ол жігіт кәдімгі өмірге қайта оралды. Егер адам генетикалық өзгеріс емес, психологиялық әсердің салдарынан осындай күйге түссе, ондай адамға көмектесуге болады.

Елімізде біржынысты адамдардың некесіне заң жүзінде тыйым салынған. Алайда «біздің елімізде де олардың отбасы құруына, бала асырап алуына рұқсат беру керек» дейтіндер де жоқ емес. Тіпті «олар қалай өмір сүрем десе өз еріктері» деп оларды қолдайтындар, оларға түсіністікпен қарайтындар қатары күн санап артып келеді. Ең қорқыныштысы да сол болып отыр. Сондықтан біздің елімізге де алаң­дайтын кез жеткен секілді. Мамандардың айтуынша, біржыныстылар қатарының көбеюі ол ұлттың екі ұрпақтан соң жойылуына әкеліп соғады екен. Ендеше, ұрпағымыз азғындамай, ұлт ретінде сақталып қалуымыз үшін аталмыш мә­селеге көңіл бөліп, алдын алуға ұм­тылуымыз қажет-ақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста