Жапон полициясы

Жапон полициясы

Жапон полициясының тарихы өте бай және бүгінде әлемдегі ең жетілген құқық қорғау органы ретінде белгілі. Қазіргі полиция жүйесі Эдо дәуірінде (1600-1868) құрылған. Оған дейінгі самурайлар заманында ұлттық сипаттағы тәртіп сақшылары болған. Токугава шйогун заманында самурайлар сыртқы қорғаныс пен ішкі істер жүйесінде қызмет еткен. Әр ауылдағы тәртіп сақшыларын да самурай басқарған. Ел тыныштығын күзететін бұндай топқа әрбір бес отбасынан бір адамнан кірген. Бұндай жүйе Жапонияда 200 жыл бойы орнығып тұрды. Осы кезеңде тәртіп бұзушылық ісіне оның бүкіл ауылы жауапты болған. Әр ру өз тентегін тізгіндеп отыруға міндетті болды. Мэйдзи кезеңінде полиция жүйесі де реформаланды. 1873 жылы Ішкі істер министрі лауазымы пайда болды. Полиция бекеттері осы министрлікке қарайтын болды.


Жапон полициясына бір орталыққа бағынған жүйе тән. Бүкіл қоғамдық жүйе, бұқаралық ақпарат құралдарына дейін полицияның бақылауында болды. Қоғамдық ұйымдарды бақылауды күшейту мақсатында 1911 жылы арнаулы Жоғары полиция жасақталды. Оның құрылымы 1928 жылы кеңейтіліп, құқық қорғау органдарын жетілдіру жұмыстары ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде де жүріп жатты. 1947 жылы «Полиция туралы заң» қабылданды. Осы құжат негізінде 1600 жергілікті тәуелсіз полиция басқармалары пайда болды. Бұндай органдар тұрғын саны 5 мыңнан асатын аймақтарда ашылды. Шағын ауылдар «Ұлттық ауыл полициясы» деген мекемеге қарайтын болды. 1951 жылы «Полиция туралы заңға» өзгеріс енгізіліп, полиция жүйесін орталықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі полиция жүйесі 1954 жылы қабылданған «Полиция туралы заң» негізінде жасалған. Префектуралық принциппен бөлінген жапон полициясында 220 мың қызметкер бар. Префектуралық басқарма тұрғындарға патрульдік қызмет көрсетеді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісі де префектуралық полицияның міндеті. Ал Токио полиция басқармасының функионалдық аясы кең, құзырына көптеген міндеттерді атқару жүктелген. Токио Эдо деп аталған кезеңде өрт сөндіруші мен тәртіп сақшысы қызметінің басын біріктірген Тоби деп аталатын қызмет түрі болған.

 

Полиция жүйесі толығымен Ұлттық полиция басқармасына бағынады. Префектуралар бойынша 1250 аудандық полиция бөлімдері орналасқан. Қаладағы кобан, ауылдағы чюдзайшйо деп аталатын 15 мыңға жуық полиция бекеттері осындай бөлімдерге қарасты. Жапония полициясының 40 пайызын патрульды полиция құрайды. Патрульды полицияның міндетіне заң бұзушылықты жою, қылмысты сәтінде анықтау және арнайы орындарға хабарлау, күрделі оперативті іздестіру шараларын жүргізу жатады.

 

Жапонияның полиция жүйесінде орталыққа бағынатын бірегей басқарамалар бар. Кидотай отрядтары қоғамдық тәртіпсіздіктермен күрессе, Қауіпсіздік полициясы жоғары лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігіне жауап береді. Жапон полициясының қоғаммен байланысы өте жоғары деңгейде. 1977 жылдан бері қылмыстың алдын алуға қатысты жалпы ұлттық кампаниялар өтіп келеді. Қылмыс құрбандарына қатысты көмек шаралары туралы айтпаса да болады. Заңға сәйкес компенсация төлеу ісі қатты қадағаланады.


Бүгінде Жапония дүниежүзіндегі қылмыс ең аз жасалатын ел. Полиция басқармасы, Әділет министрлігі, басқа да заңға қатысты мемлекеттік және муниципалды органдар заңды сақтау жөнінен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп тұрады. Жыл сайын қылмыспен күрестің «Ақ кітабы» жарық көреді. Мемлекет қоғаммен қылмыспен күрестегі саясат, жетістіктер мен кемшіліктер туралы ашық диалог жүргізеді.


Жапонияда қылмыстық істер негізінен екі заңды бұзуға қатысты қозғалады. Біріншісі «Жол-көлік қозғалысы туралы заң», екіншісі «Наша және қоздырушы заттар туралы заң». Қылмыстың басым бөлігі жол-көлік оқиғасы кезіндегі пайда болған дене жарақаттарына қатысты болып отыр. Бұл елде автокөлікті белгіленбеген орында тоқтатушы және қоюшыға жоғары көлемде айыппұл салынады. Бас бостандығынан айыру осы жазаға лайық деп танылған жағдайда ғана қолданылады.

 

Шарафат Жылқыбаева,
жапонтанушы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста